. Мақсаты: Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін ұғындыру.
Оқушыларды ұқыптыдлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
«Көшеде ойнау қауіпті» суреті.
Жол белгілері
Сабақ барысы:
Мұғалім: Машина болмаған ерте кезде адамдар көлікке мініп, көшеде кім қалай жүргізгісі келсе, солай жүре берген. Ал қазіргі заманғы үлкен қалалаврдың көшелері жеңіл және
жүк таситын автомобильдер, автобустар, троллейбустар, трамвайларға толы. Көшелердегі ретсіздік өмір сүруімізді қиындатып, қауіп – қатер төндірер еді. Машиналар кептеліп, жүргіншілерді қағып, бірімен бірі соқтығысар еді. Дүкендерге товарлар, үйімізге хат – хабар, газеттер дер кезінде жеткізілмес еді. Ауырып жатқан адамға дәрігерлер, өрт шыққан жерге өрт сөндірушілер дәл мезгілінде жетіп үлгіре алмас еді.
Көшеде жүру тәртібін сақтау үшін Мемлекеттік автомовиль инпекциясы жолда жүру ережесін көһшелер мен жолда жүру заңын ойлап тапты. Әркімге көшеде өз орны тағайындалған: транспортқа – асфальт төселген арнайы жол, көше, ал жаяу жүргіншілер үшін – тратуар немесе көше жиегі.
І жүргізуші: Арманға алда күткен асығармыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
ІІ жүргізуші:
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Мұғалім: Транспорт көр жүретін қала көшелерінен тек қана ақ жолақпен белгіленген
жолмен немесе жер астындағы туннельмен өту керек. Егер жол немесе туннель
болмаса, көшелердің түйіскен жерінен өтеді.
3 – оқушы. Көшенің түйіскен жері – асқан сақтықты қажет ететін орын. Егерде жүргізуші мен жүргінші көшеде жүру ережелерін сақтамаса, тап осы жерде қақтығыс – соқтығыстар жиі болып тұрады. Көшенің қиылысында транспорт қозғалысы светафор басқарады. Оның үш фонары: қызыл, сары және жасыл, ал кейде бүйір жағында стрелкасы бар фонарлары да болады. Жүру және жолдан өту тек жасыл фонарь жанып тұрған бағытқа қарай рұқсат етіледі. Ал қызыл жарыққа қарай көшеде бірде – бір автомовиль көрінбесе де жүруге, өтуге рұқсат етілмейді. Кенет өте шапсаң келе жатқан автомовиль лып етіп шыға келуі ықтимал.
4 – оқушы.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі – заңды тәртіп,
Ол ортақ Үлкен – кіші баршамызға.
5 – оқушы.
Сары фонарь көшедегі қозғалыстың жуық арада басталуын немесе бітуін алдын ала ескертеді. Ол жанып тұрғанда, жүргізуші мен жүргінші көшенің қиылысын тез босатуы немесе күте тұруы тиіс. Стрелка жүргізушіге қай жаққа бұрылуға рұқсат етілетінін көрсетеді. Егер стрелка болмаса, жасыл жарыққа қарай бұрылады. Бірақ қандай жағдай болмасын жүргізуші жаяу адамдарды өткізіп барып өзі жүруі тиіс.