Сабақтың көрнекілігі : рульдер, белгілер, жол белгілерінің суреттері, бағдаршам



бет1/9
Дата16.04.2022
өлшемі83 Kb.
#139518
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ЖОЛ


Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесі.
Сабақтың мақсаты: Ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып бала сезімін кеңейтіп, тілін ұштастырып, жол ережесін жасына сай меңгерту. Қалыптасқан түйсіктерін, білімдерін пысықтап, адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру. Жаяу мен көліктің байланыс қатынасын білдіру.
Көшеде жүру ережесін білдіру арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп сақтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: рульдер, белгілер, жол белгілерінің суреттері, бағдаршам.
Сабақтың барысы: Ән әуенімен балалар екі-екіден кіреді, алдыңғы бала жүргізуші қолында рулі бар, артындағы бала жолаушы. Белгілі орынға тоқтайды, жолаушы қатарласып тұрады.
Мұғалім: жолда жүру ережесінің жеңімпаздарының атынан жалынды сәлем!
Ән: Жас жолаушылар жыры.
Сапар шексек сіз бен біз
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай
Автобуспен жүреміз.
Қайырмасы:
Көлік,көлік,көлік
Көліктерге мінеміз.
Көшелермен,көшелермен
Күнде тынбай жүреміз.
Тәртіп бұзсақ абайсыз,
Жағдай туар қолайсыз.
Май қызметкерлерінен
Сан кешірім сұраймыз.
Қайырмасы.
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден
Сау саламат жүреміз.

  • Балалар, мен сендерге мынадай жұмбақ жасырайын, сендер шешуін тауып көріңдер.

«Аяғы бар жүрмейді
Ауызы жоқ сөйлейді.» /Бағдаршам/
Міне, бізге бүгін көшеден кім қонаққа келіпті. /Бағдаршам/ қатты қатырма қағаздан жасалған бағдаршамның үлкен суреті.

  • Бағдаршамның қызметі қандай?

  • Жол тәртібін реттеуші.

  • Балалар, бері қараңдар, хат әкеліпті ашып көрейік, не жазылыпты?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет