6 – оқушы.
Басталар әр қадамың аттауменен,
Өмірге қол созады әрбір көше ,
Жол жүру ережесін сақтауменен.
7 – оқушы.
Кейде көше қиылысында қозғалысты светафор ғана емес, көше қозғалысын реттеуші – миллиционер басқарады. Ол қол қимылы арқылы машиналар легіән тоқтатып, жүргіншілердің көшеден өтуіне белгі береді. Бірақ мына бір жағдайды естен шығармаңдар: Бізге қарай бетін немесе сыртын беріп тұрған көше қозғалысын реттеуші – қызыл жарыққа пара – пар болады да, ал бір қырын тұрса – жасыл жарықты білдіреді.
8 – оқушы
Арманға алда күткен асығамыз,
Жол жүру ережесін жақсы білген.
Милиция қанаты жас ұланбыз.
9 – оқушы.
Жүргізуші жолда өзін күтір тұрғанын жақсы біәлуі тиіс. Бұл жайында оған жол бойына қойылған белгілер хабарлап тұрады. Олар барлық ұлт өкілдеріне де, шетел туристеріне де түсінікті болуы үшін қарапайым суретпен берілген. Жүргізуші барлық суреттерді жатқа білуі тиіс. Қойылған белгілердің мәнін суретіне қарай түсінуге болады. Ең бастысы айналасын қызыл сызықпен жүргізген.Үшбұрышты белгілер сақтандырады, ал дөңгелектері тыйым салады, әр түрлі формадағы көгілдір белгілер – рұқсат беру белгісі.
10 – оқушы.
Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата – ана.
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атыңа.
11 – оқушы:
Мысалы, қызыл шеңбердің ішіне велосипедтің суреті салынса – демек велосипедпен жүруге рұқсат етілмейді деген сөз. Егер де велосипед көгілдір түстің ішінде болса, онда бұл жолмен жүру басқалар үшін емес тек соған арналған деген белгіні білдіреді.
12 – оқушы.
Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап.
13 – оқушы:
Кейбіреулер көшелерде болып жататын оқиғалардың бәріне жүргізушілер ғана жауап береді деп, жаңсақ түсінеді. Егер де жүргінші көшеде зымырап келе жатқан автомовильдің алдына жүгіріп шыға келсе, оған жүргізуші кінәлі ме?
Жүйткіп келе жатырған автомовильді бірден тоқтату өте қиын. Әсіресе, жол дымқыл, тайғанақ немесе мұз болып жатқанда кенет тоқтап қалу қажет болса, тіпті қауіпті. Демек, көшедегі тәртіп пен қауіпсіздікке барлығымыз да жауап береміз.
14 – оқушы.
Бірақ та жүргізуцшілердің жауапкершілігі айрықша. Ол машинасының дұрыстығы үшін, өз жолаушыларының амандығы мен өмірі, сондай – ақ көшедегі жүргіншілер үшін де жауап береді.
15 – оқушы.
Ендігі жерде ең басты жеті ережені жаттап алайық. Тас төселген жол, көше – автомовиль үшін, тротуар – жаяу адам үшін! Сенің жүретін жағың – оң жақ, өз жағыңмен жүр! Автомовильді өткізіп жіберіп, содан кейін өзің өт! Көшеден өткенде тек жаяу адамдар жүретін жолдар мен тунельден өт! Көшенің қиылысынан тек жасыл жарық жанғанжа өт! Жол белгілерін біліп ал! Көшедігі қозғалыстың қауіпсіздігіне жүргізушілер де жауап береді.
Мұғалім.
Көліктің қаншасын жанынан өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. ( жол)
Жоқ өзін де бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақта. ( Бағдаршам )
Шабысқа тәулік бойы төзе алады
Бір тұлпар жаңылмайтын жорғасы бар.
Жүк емес жануарға жүз адамның
Доғасын сымға сүйреп жолға шығар ( Трамвай )
Бүгінгі тәрбие сағатынан алған білімдерімізді жадымызда ұстап, жолда жүру ережесін қатаң сақтап, жол ережесін сақтай білейік!
Ғ. Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Достарыңызбен бөлісу: |