Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, Сабақтың барысы



Дата09.06.2018
өлшемі26,1 Kb.
#42197
түріСабақ
 Сабақтың мақсаты:  Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу,көркем сөйлеуге , өз бетімен жұмыс істеуге көмектесу.

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.



Сабақтың  көрнекілігі:  Абай портреті,  кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер,

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезең.

  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

  • Сабаққа әзірлігін тексеру;

  • Үй тапсырмасын сұрау.

Семантикалық картамен жұмыс




Текін

Мұстафа

Шарл Перро

Мұрат Көккөзов

Асан

Аян

«Нашар көрші» әңгіесіндегі баланың аты кім?



















«Бармақтай бала» ертегісінің авторы



















Ақжарқын кімнің анасы



















Әсет кімнің інісі?



















Қызығушылығын ояту

Ребус шешу

Балалар Абай деген атамызды білеміз бе?



Мағынаны тану

Абай туралы мағлұмат беру

Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. Ұлы ақын 1845 жылы әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде дүниеге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, қатыгез, ал шешесі Ұлжан керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.

Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға түседі. Алайда, әкесі Абайды билік ісіне араластырып, баулу үшін оқуын аяқтатпай, 14 жасында қайтарып алады. Абайдың медереседегі оқуы осымен аяқталадады.

Абай ақындық өнерге 40 жасынан асқанда құлай беріліп, өмірінің соңына дейін созылған 20 жылдық әдеби қызметінде 8000 өлең жолы мен 45 нақыл сөзін жазып қалдырды. Ол нақыл сөздер “Абайдың қара сөздері” деп аталады.

Абайдың қандай өлеңдерін білеміз ?

Абай әндері

1. Айттым салем, қаламкас
2. Бойы бұлғаң Абай Құнанбаев

3. Домбыраға қол соқпа .Абай Құнанбаев

4. Желсiз түнде жарық ай. 

5. Көзімнің қарасы.

6. Қараңғы түнде тау қалқып

7. Мен көрдім ұзын қайың құлағанын

8. Не іздейсің көнлім

9. Өзгеге көңілім тоярсың

10. Өлсем орным қара жер сыз болмай ма 

11. Сегіз аяқ

 «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

Абай аудармаларын еске түсіре кетейік:

Пушкиннен: «Евгений Онегин», «Татьянаның хаты», «Ленскийдің сөзі»

Лермонтовтан аударған өлеңдер саны жиырма жеті.

«Мұңлы шайтан», «Теректің сыйы», «Тұтқындағы батыр», «Дұға», «Жалғыз жалау»



Крыловтан: «Есек пен бұлбұл», «Піл мен кәнден», «Түлкі мен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа», «Бүркіт пен қарға»

Абай, Пушкин, Лермонтов, Крыловтың өлеңдерін, поэмаларынан үзінді, мысалдарын қазақша сөйлетті.

Негізі «Ғылым таппай мақтанба» өленің көлемі 77 жол. Абай бұл өлеңді 1886 жылы жазған. 77 жолдың бізге ұсынып отырғаны 12 жол. Бұл өлең арқылы ақын сендерді жарқын өмірге, білімді болуға, алған білімдеріңді дұрыс пайдалана білуге шақырады. Ғалым болудың басты шарты не нәрсені болсын ақылмен өлшеу, ақыл сенген нәрсеге ғана сену, көзін анық жеткен шындықты тура айту керек. Ең алдымен біз білімді, ғалым адамдарды құрметтеу керекпіз және сондай адам боламын деп талпыну керекпіз.
Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой-

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Жамандық көрсең нәфрәтлі,

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі,

Оны ойға жисаңыз.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да, ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз?

Дүние де-өзі, мал да -өзі

Ғылымға көңіл берсеңіз.

Білгендердің сөзіне,

Махаббатпен ерсеңіз...
Ғылым дегеніміз - табиғат пен қоғамның даму заңдары бойынша анықталған білім жүйесі.

Ғалым – дегеніміз оқымысты, ғұлама.

Топтастыру

Бес асыл сөз Бес дұшпан

Ендеше балалар осы бес асыл іс пен бес дұшпан сөзінің мағынасын ашайық.

Талап – талаптанған адам қиын істі де орындайды.

Еңбек – « еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»

Терең ой – адамның хайуаннан артықшылығы әріден терең ойлай алатындығында

Қанағат – адам қанағатшыл болу керек

Рақым – мейірімді болу,үлкенге құрмет – кішіге қамқорлық жасау.

Өсек – біреудің сыртынан жамандап айтылатын сөз

Өтірік – жамандыққа апарады, жаман іске бастайды

Мақтаншақ – жаман қылық, өркөкіректік

Еріншек – « Еріншектің ертеңі таусылмайды»

Бекер мал шашпақ – ысырапшылдық, үнемдемеу.

«Өз ойымды жалғаймын»

(Күн,Абай,Ай суреттері)

Жарық шашып, ортақ қазына, үлгі, өнеге, әлемге ортақ.

Күн әлемге нұрын шашып тұр.Ай түнде жарық етеді.Абай күн сияқты.Абай есімі әлемге жарық шашып тұр.Күн мен Ай әлемге ортақ.Абай мұрасы бізге ортақ.Біз одан үлгі өнеге аламыз.



Ой таным

Балаллар бүгінгі сабақта біз күм туралы өттік?



Пікірлер ағашы

Қалпақтар терапиясы

Олай болса Абай атамыз айтқандай бес асыл істі бір – біріміздің бойымыздан көру үшін қалпақты кигізе отырып айтайық.



Үйге тапсырма.

Оқушыларды бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет