Сабақтың көрнекілігі: «Алып анадар туады» стенді суреттер, мақал мәтелдер, гүлдер, жұмбақтар. Сабақтың барысы



бет2/20
Дата08.02.2022
өлшемі85,71 Kb.
#121838
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Тәрбие сағат Ана

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларға психологиялық дайындық жасау.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
ІІ. Кіріспе. Біздер мектепке қай мезгілде келдік?

  • Көктем мезгілі қай айдан басталады?

  • Көктем мезгіліне қандай айлар – жатады?

  • Наурыз айында қандай мерекелі күндер аталады?

Мұғалім: 8 наурыз – аналар мейрамы, адамзат мейрамы. Тарихқа көз жіберсек, 1910 жылы копенгагенде социалист әйелдердің халықаралық екінші конверенцияда Клара Цеткин халықаралық әйелдер күнін атап өтуде мәселе етіп көтерді. Содан бұл әйелдер мейрамына биыл 100 жыл толып отыр. Содан кейін 1911 жылы Германияда Австралияда және данияда, ал біздің елімізде 1913 жылы 8 наурызда Петербургте тұңғыш рет халықаралық әйелдер күні аталып өтілді. Содан бері жыл сайын біздің елімізде осы күн ерекше салтанатпен атап өтіледі. «Халқымызда жан қысылса, жақынын табады» деген сөз бар. Адам баласы қуанса да, қиналса да ауызға алар сөзі «ана». Ақын ананы ән жырына қосады, суретші оның бейнесін салып қалдырады, сәулетші оның мүсінін тастан қашап мүсіндейді. Ана-барлық адамның және бүкіл дүниенің тірегі. Ана баласын құрсағында көтеріп, оған өмір береді, өз өмірін де соған арнайды. Шырылдап жерге түскеннен-ақ әр адамның ең жақыны – анасы. Сондықтан анаға деген махаббат құндақта жатқан күнінен ақ басталады. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күнінің нұрынан және ананың сүтімен дарынған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қызғалдақ қыздарым бүгінгі «Ана-біздің күніміз», Біз –ананың гүліміз.атты ертеңгілілімізді сізджердің құрметтеріңізге арнаймыз. «Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмес» деген болатын атақты жазушы Ғабиден Мұстафин.

  • Балалар, бізге осы жарық дүниені сыйлаған жан кім? – Ол Ана.

Сондықтан аналарды құрметтеп, олардың алдында бас иейік.

  • Олай болса, балалар, барлығымыз бірдей аналарымызды құттықтап жіберейік.

Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мейрамың.
Құттықтаймыз, анашым!

  • Балалар, аналар сендерді жақсы көргенде қалай айналады.

  • Айым, күнім, жаным, ботам, қошақаным, балапаным т.б.

  • Ендеше, аналарың айналып, аялы алақанына салып отыр деп есептеңдер.

  • Енді, балалар біз екі топқа бөлінейік. Тобымызға сендердің аналарын айналатын сөздерді қояйық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет