Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері, сувенирлер, қанатты сөздер



Дата28.01.2018
өлшемі173,02 Kb.
#35436
түріСабақ
Тақырыбы: "Астана - мақтанышым"

Мақсаты: 

1) Балаларға еліміздің бас қаласы Астана туралы мәлімет беру.


2) Астана туралы деректермен білімін дамыту.
3) Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Елжанды азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері, сувенирлер, қанатты сөздер.

Мұғалім: Балалар, Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз отанын, туған жерін қадірлей білуі керек. Біз елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген ұлы жолды алдағы уақытта жалғастыруымыз керек.

1. Балалар, біз осы Астана туралы не білеміз? Астананы картадан кім көрсетіп береді? Астана туралы мәлімет жинақтаңдар. Астана сөзінің шығу тарихы яғни атауы туралы Мадияр айтып береді.



Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол киелі орын, "босаға" деген мағыналарға ие.

2. Астана қаласының бұрынғы атаулары туралы не білеміз?

- 1862 ж Ақмола қала мәртебесін алды.
- 1962 ж қалаға Целинаград атауы берілді.
- 1998 ж 6 мамыр жаңа елорданың атауы Астана болып өзгерілді.

3. Елордасы Ақмоланың атын не үшін өзгертті?



- Себебі, "мола" қазақ ұғымында зират, өлген адамның мүрдесі деген мағынаны беретін болса, екіншіден шетелдіктер оны сөзбе–сөз аударып, қала болашағына қорқынышты тұжырымдар жасап жатты. Сондықтан, бас қалаға елді елең еткізер есім қатты қажет еді. Астананың атауына байланысты Елбасы: "Шынын айтқанда, астананың атауын ауыстыру ұдайы ойымнан шықпай, үнемі іздеумен болдым. Сөйтіп жүргенде, бір жолы түнде дәлірек айтсам, сағат түнгі екіде Астана деген атау ойыма сап етіп, көкейіме қона кеткені Астана дегеніміз – астана қазақша әдемі естіледі"

Астана шежіресі.

Астана туралы білетін, жинақтаған өлеңдері, жырлары болса айтып ортаға салсын. Қызғалдақ

Алатау бастағанда асқарала,
Қосылды қуанышқа жас балада
Алматы өзінің жан жалғасында,
Арнайды ақ батасын астанаға

Ата баба салтымен,
Абай, Жамбыл даңқымен.
Құлагердей құлшынып,
Орнап мәңгі біршілік.
Әруақ қонған жас қала.

3. Күннен күнге көркейіп, сән мен салтанаты жарасқан Астана барша қазақстандықтардың жүрек лүпілін еселеп, сәулет өнерінің қайталанбас үлгісін паш етуде.

4. Ғажайып қала Астана.

   - Балалар, сендер осы ел ордамыз Астанадағы қандай ғимараттарды білесіңдер?


   - Қалаға келген қонақтарды осы ғимараттармен қалай таныстырасыңдар?

Бәйтерек

Қазағым, қара орманым – байтақ елім,
Жақсыны, жаманды да байқап едің.
Асыраған мерейіңді асқақтатып,
Елбасы – бойлап өскен Бәйтерегің!

Нұрсұлтан – ел тірегі, алтын діңгек,
Алыптың халқы ғана нарқын білмек
Қазағым шаттанатын кезің келді,
Алашқа қорған болар ұл тудым деп

Танытып терезесі теңдігіңді,
Әлемге әйгіледі елдігіңді!
Тереңге тамыр жайды Бәйтерегің,
Сақтай біл, ұлан – байтақ кеңдігіңді

- Міне балалар, Нұрдәулет сендерге Астан қаласының жүрегі "Бәйтерек" монументі туралы осылайша жырлап берді.


- Бәйтерек дегеніміз не?
- Ол туралы не білеміз?
- Осы бәйтерек ағашы туралы айтылған аңыз әңгімені бізге Анель айтып берсін.
- Аңызды тыңдау.

6. "Нұр Астана" мешіті.



Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі – 43 метр, одан өзге 25 кіші күмбездері бар биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Имандылық үйінің сәулеті қызықтыра көз тартады. Мұнда бір мезгілде 10 мың адам намаз оқи алады.

7. Пирамида.



Ежелгі Египет пирамидаларының мақсаты перғауындар мүрдесін мәңгі сақтау болған. Ал қазақ пирамидасының мақсаты не ? Іргетасы дүниенің төрт бұрышына бірдей қарап, адамзатқа шапағат сыйлайтын, ұшарбасы алтын күнге ұмтылған пирамида қазақ елін көзге елестетеді екен. Алыстасаң аласырап, жақындасаң биіктей беретін, ал ішіне кірсең жан дүниең мейірленетін бұл ғимараттың бүкіл болмысы қазақ халқының биік болмысымен достыққа адалдығын көрсетеді екен.

8. Тәуелсіздік сарайы.   



Тәуелсіздігімізді паш етіп тұрған тәуелсіздік сарайы туралы бізді Шынар таныстыратын болады. Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайы Елбасымыздың тікелей бастамасымен 2007 жылдың желтоқсанында алғашқы кірпіші қаланған сарай құрылысы бір жылдың ішінде толық аяқталды. Астана қаласының он жылдық мерейтойына арналып салынған бұл ғажайып ғимарат Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.

9. Балалар, сендер байқап отырған болсаңдар Астана қаласының барлық көрікті жерлері қай өзеннің жағалауына салынған?

- Олай болса Есіл өзені туралы не білеміз?

10. Есіл – республикамыздың солтүстік өңіріндегі Қарағанды, Ақмола, Торғай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарының жерін басып өтетін өзегн атауы. Есіл деп аталатын елді мекен де бар.

11. "Есіл" атауының алғаш дүниеге келуі туралы зерттеушілердің екі пікірі бар. Бірі- Есіл атауын "жасыл" деген зат түсімен байланыстырса, екіншісі – етістік түбірін тілге тиек етеді.

8. Викториналық сұрақтар.

"Сен білесің бе?"

1.   Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындарының саны қанша адамға жетті?
2.   Астана рәмізі Бәйтеректің ұзындығы не себептен 97 метр ? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты)
3.   Жаңа көпірдің ұзындығы (214 метр)
4.   Жаңа көпірге қандай ат берілді? (Сарыарқа)
5.   Астанадағы ең басты қатынас жолы. (Республика даңғылы)
6.   Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат. (Астана - Тауэр)
7.   Қазақстанның схемалық картасы іспретті парк қалай аталады? (Атамекен)
8.   "Думан" океанариумына теңіз суымен толтырылған қанша аквариум сыйып тұр? (13 үлкен аквариум)
9.   1900 жылы Ақмола уезінің ең мықты болуына және қара күш иесі кім еді? (Қажымұқан Мұңайтпасов)
10. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)

9. Қорытындылау.

Міне, 1998 жылдан бері көркейіп келген Астана әсем қалаға айналды. Астананың өркендеуі – Қазақстанның дегендей, Астанаға әсем ғимараттар мен мәдени сарайлар салынғалы бері Астанамызға күн сайын жан – жақтан туристер, қонақтар ағылып келіп жатыр.

Ортаға шаңырақ көтерген бала шығады. Шаңыраққа байланған түрлі-түсті таспаны әр ұлттың киімін киген балалар ұшынан ұстап айналып жүреді.

Ортақ мекен – жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы.
Достығымыз жарасқан
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде тұрған соң.
Бақытты өмір сүреміз.     «Сарыарқа» күйі орындалып жатады.

Қорытындылау.

Жалпы білім беретін Мүткенов атындағы орта мектеп

Сынып сағаты



Тақырыбы:

«Астана - мақтанышым»

Сынып жетекші: Сарсенова А.М.

Жалпы білім беретін Мүткенов атындағы орта мектеп

Сынып сағаты



Тақырыбы:

«Жайнай бер, жас Астана»

Сынып жетекші: С.Курманбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет