Сабақтың тақырыбы: Денсаулық - өмір негізі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыра отырып, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: даналық сөздер, денсаулыққа байланысты әртүрлі суреттер.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, мақал - мәтел, мәнерлеп оқу, ән, ой ашу, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Кіріспе.
Мұғалім : - Біз адамның денсаулығы - қоғам байлығы екендігін білеміз. Адамды емдеуден гөрі оның алдын алған. Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында "Денсаулық - өмір негізі" атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. 4 б сынып оқушылары дайындаған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. (Оқушылар екі топқа бөлініп, өздерінің топтарын таныстырады.)
ІІІ. Неігзі бөлім.
Мұғалім: - "Тазалық - денсаулық кепілі". Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыруы керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі боып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. "Дені саудың - жаны сау" деп бекер айтпаған. Сендерге бірінші тапсырма:
Денсаулық туралы не білеміз?
1 топ: Денсаулық - адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
2 топ: Денсаулық - дұрыс тамақтану.
1 топ: Денсаулық -тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
2 топ: Денсаулық - таза ауада көбірек жүру.
1 топ: Денсаулық - тазалық сақтау.
2 топ: Денсаулық - тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
1 топ: Денсаулық - спортпен айналысыу.
2 топ: Денсмаулық - зиянды әдеттерден бойыңды аулық ұстау.
1 топ: Денсаулық - еңбек ету. "Емнің алды - еңбек" дейді атам қазақ.
2 тапсырма: Денсаулық туралы мәнерлеп өлең оқу.
1 топ: Салауаттылық - сергек те,
Таза жүру өмірде.
Азаматтық келбетке
Дақ түсірмеу тегінде.
2 топ: Денің сауда жетерсің арманыңа,
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа.
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің
Бар қызық, рахатын, жарығын да.
1 топ: Денсаулық - ол шыныққан
Барлық денең мүшесі
Денсаулық - ол тыныққан
Жүйке - тамыр жүйесі.
2 топ: Денсаулық - ол күлуің,
Көңіл - күйің жадырай.
Денсаулық - ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
3 тапсырма: Денсаулық туралы ән.
1 топ: "Спорт - біздің досымыз" Сөзін жазған: Н. Әлімқұлов.
Әнін жазған: М. Сағатов.
2 топ: "Жас дәуірдің түлегіміз" Сөзін жазған. Е. Өтетілеуов.
Әнін жазған: И.Нүсіпбаев.
4 тапсырма: Мақал - мәтел айту.
1 топ: Дені сау адам - табиғатты ең қымбат жеңісі.
2 топ: Шынықсаң - шымыр боларсың.
1 топ: Денсаулық зор байлық.
2 топ. Сау дене, азат ақыл, адал көңіл
Үшеуімен бақытты болады өмір.
1 топ: Ден саудың, жаны сау.
2 топ: Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
1 топ: Әлсіз денеге ауру ұялағыш.
2 топ: Ұйқы тынықтырады,
Жұмыс шынықтырады.
5 тапсырма: Ой ашу (Блиц - турнир сұрағы)
1 топ. Тіс тазартатын құралдар (щетка, паста)
2 топ. Ол судан қорқады, одан кір қорқады (сабын)
1 топ. Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене шынықтыру)
2 топ. Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы)
1 топ. Алдам өміріне ең қажет (ауа, су, жылу, жарық, тамақ)
2 топ. Тазалық кепілі (денсаулық)
IV. Қорыту.
Т. Рысқұлов атындағы №9 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп
Ашық сабақ.
Тақырыбы:
Сыныбы: 4 Б.
Мұғалім: Тауекелова С. М.
Талғар 2015 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |