Сабақтың көрнекілігі: «хіх ғасырдағы Қазақстан» картасы. Кесте, сызба. Сабақтың жоспары



Дата07.02.2022
өлшемі24,99 Kb.
#86882
түріСабақ
Байланысты:
5b5b0bd9-ae71-4525-8ba2-79ef23bf90d1-1


Қазақстан тарихы. Патша өкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру саясаты
 
Патша өкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру саясаты
Сабақтың мақсаты:
-ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан басталған Қазақстанға жаппай қоныстандырудың мақсатын көрсету, мәнін ашу. Қоныстанушылардың жағдайын, қоныстандырудың қазақ халқына тигізген зардаптарын, ұйғыр, дүнгендердің Жетісу аймағына қоныс аудару себебін түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі:

  1. «ХІХ ғасырдағы Қазақстан» картасы.

  2. Кесте, сызба.

Сабақтың жоспары

  1. Көші-қон саясатының басты мақсаты.

  2. Қазақ жеріне қоныстандырудың алғашқы кезеңі

  3. Қоныс аударудың жаңа кезеңі

  4. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы

  5. Қоныстанушылардың кәсіптері

Сабақ басында мұғалім Ресейдің 1861 жылы ақпандағы «Басыбайлылық құқықты жою» Ережесін оқушылардың есіне түсіреді. Сабақты әрі қарай жалғастырып ереже шыққаннан кейінгі Ресейдегі шаруалар толқуын, шаруалардың жаппай шет аймаққа көше бастауын, Ресей үкіметінің «Қоныстандыру басқармасын» құрып, қоныстандыруды заңдастырғанын айта отырып, оның түпкілікті мақсатын ашып көрсетеді. Төмендегі сызбаны пайдалануға болады.
Патша өкіметінің шаруаларды Қазақстанға қоныстандырудағы мақсаты

  1. Ресейдің орталық аудандарындағы күшейіп келе жатқан толқуды әлсірету.

  2. Жерсіз қалған шаруаларға шет аймақтардан құнарлы жер беріп, жер мәселесін шешу.

Екінші мәселені оқушылардың өздігінен оқып-үйренуін ұйымдастыру арқылы мәтінмен жұмыс істеуге болады. Оқушыларға оқулықтағы екінші тақырыпшаны оқып шығу ұсынылады (5 мин беріледі). Екі оқушы оны өзара талқылайды (3 мин). Одан кейін оқулықты жауып қойып, төмендегі сұрақтар арқылы пысықтау жұмысы жүргізіледі. Сұрақтарды карточкаға жазып, әр партаға жеке беруге болады.
Сұрақтар:

  1. Қазақ жеріне казактар мен орыс шаруаларын қоныстандыру қашан басталды?

  2. Батыс Сібір Бас басқармасының 1866 жылғы 20 қазандағы мәлімдемесі қандай мәселе көтерді?

  3. Ресей үкіметі тағайындаған жергілікті билік басында отырған басшылардың қоныстандыруға байланысты пікірі қандай болды?

  4. ХІХ ғасырдың 70-жылдарының ерекшелігі неде?

  5. Жетісу облысында қоныстандыруға байланысты қандай «ереже» шықты, ол бойынша қоныстанушыларға қандай жеңілдіктер беріледі?

Керекті жерінде картаны пайдаланып, оқушылар сұрақтарға жауап береді (5 мин). Оқушылардың сұраққа нақты, тез, тұжырымды жауап беруін қадағалап, үйрету керек.
Үшінші мәселе- «Қоныс аударудың жаңа кезеңі»
Тақырыпшаны оқып, талқылауды ұсынамыз.
Сұрақтар:

  1. Қоныс аударудың жаңа кезеңі қай кезден басталды, ерекшелігі неде?

  2. Қоныс аударудың қазақ халқына қандай зардабы болды? Оны немен дәлелдейсіңдер?

Мұғалім «Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы» туралы мәселені түсіндіру кезінде мына мәселеге тоқталғаны жөн: Қытай мемлекетінің қол астында болған ұйғыр халқының жағдайы зорлық-зомбылыққа қарсы күресі, тіпті олардың жеңіске жетуі, Ресей үкіметінің әрекеті, 1881 жылғы орыс-қытай келісімі, ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуы. Одан әрі қарай түсіндіру барысында сызбаны пайдалануға болады.
Оқушыларды қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендердің әлеуметтік жағдайымен таныстыру.
Қоныстанушылардан құрылған болыстар

  • Жаркент

  • Кетпен

  • Ақсу-Шарын

  • Малыбай

  • Қарасу

Оқушылар мәтінді, яғни «Қоныстанушылардың кәсібі» тақырыпшасын оқи отырып, сұрақ-жауап әдісі арқылы өткізуге болады.
Сұрақтар:

  1. Ұйғырлар мен дүнгендердің негізгі кәсібі қандай болған?

  2. Қандай көкөністер өсірген?

  3. Қоныстанушылар мен жергілікті халықтар арасында қандай қатынастар болған?

Үй тапсырмасы
Төмендегі сызбаны толтыру
Қазақ жеріне қоныстандыру арқылы отарлау саясатының көріністерін атаңдар
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет