Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қазақ тілі
Тақырыбы: «Орманға саяхат»
Мақсаты: Ойын ойнау арқылы өткен сабақты қайталау.Балаларды орманға саяхатқа шығара отырып,орман туралы түсініктерін кеңейту.Ойын-тапсырмалар орындата отырып,ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:Үй жануары және жабайы аңдар бейнеленген кеспе бетшелер,орман бейнесі,аңдар суреті,қуыршақтар(қоян,түлкі )
Балалармен шаттық шеңберін құрамыз.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің ісі ғой
Ал, кәнекей, бәріміз
Сәлем,- дейік үлкенге
Қайырлы күн, қонақтар.
Қайырлы таң, балалар
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс айларын атаңдаршы? Балалар өткен сабағымызды еске түсіріп,қаншалықты менгергендіктеріңді байқау мақсатында ойын ойнайық.
-Сәлеметсіз бе?
Балалар орындарына отырады
Қыс мезгілі
Желтоқсан, қаңтар, ақпан Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Орманға саяхат».Біз орманға саяхатқа шығамыз.Барлығымыз көздерімізді жұмайық.(әуен жіберіледі) Әдемі әуен ырғағымен орманға да келіп жеттік.
(Осы кезде ұялы телефон шырылдап,қоян соғады) Балалар,қоян көмек сұрайды.Жел соғып, аңдардың барлығы орманнан жан-жаққа қашып кеткен.Сол аңдарды орманға яғни мекендеріне оралуына көмектесуімізді өтінді.
Қоянға көмектесеміз бе?
Орманға аңдар кері оралуы үшін жұмбақтардың шешуін табуымыз керек.