Сабақтың тақырыбы: Асқорыту мүшелерінің құрылысы
Сабақтың мақсаты: Асқорытудың маңызы, асқорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы білім беру.
Міндеттері:
1. Ас қорыту процесінің мәнімен, адам ағзасында энергия мен зат алмасудағы маңызымен таныстыру: қызметіне байланысты асқорыту мүшелерінің құрылысы, атқаратын қызметі туралы білім алу.
2. Өзінің денсаулығы туралы жинақылыққа тәрбиелеу. Санитарлық –гигиеналық әдетке тәрбиелеу.Салауатты өмір сүру әдетін тәрбиелеу.
3. Оқушыларды талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау және ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал –жабдықтар: Асқорыту мүшелерінің құрылысы, кесте, тест, электронды көрсетілім.
Сабақтың типі: Аралас сипатта
Қолданылатын модульдер: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Жас ерекшеліктеріне қарай оқыту
Стратегиялық іс әрекет: «Блум таксономиясы», «Биологиялық есеп», «Топтық жұмыс», «Жұптас – ойлан - бөліс», «Кlaster» әдісі, «Топтық бағалау».
Ұйымдастыру: - Қайырлы таң, оқушылар!
Сабақтың бағалау критериімен таныстырып, парақшалар тарату.
Сабақтың жоспары
|
Үй тапсырмасы
|
Жаңа сабақ
|
Суреттер арқылы оқушылардың түсіндірілуі
|
Суреттік тапсырма
|
Жаңа сабақты бекіту
|
Оқушының білімі
|
Оқушы
аты-жөні
|
Білу
|
Түсіну
|
Қолдану
|
Талдау
|
Жинақтау
|
Бағалау
|
|
|
|
|
|
|
|
«5» 5-6 ұпай
«4» 4 ұпай
«3» 3 ұпай
Үй тапсырмасы.
Білу: алған білімді еске түсіру. 7 мин
1) « Таңғажайып тоғыздық» тапсырмасын орындау
1. Қоректік заттар дегеніміз не?
(Нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералды тұздар, су мен витаминдер)
2. Ферменттер деген не? (нәруыз текті заттар)
3. Тамақ өнімдері деген не?
(адам рационының құрамына кіретін өсімдіктекті және жануартекті өнім)
4. Адам организміндегі нәруыздың тәуліктік мөлшері (100гр)
5. Көмірсулар қандай қызмет атқарады? (энергия көзі)
6. Майлардың тәуліктік мөлшері қандай? (80 - 90 гр)
7. Витаминдер не үшін қажет? (организмнің өсуі мен дамуы)
8. Ұлттық тағамдар мен сусындарды ата (ет, қуырдақ, қазы - қарты құрт, шұбат, айран т. б.)
9. Адам ағзасына тәулігіне қажетті су мөлшері? (1, 5 - 2, 5 л)
2) “Биологиялық есеп” 3 мин
Есеп №1.
Егер бір адамға тәулігіне 6 грамм тұз жеткілікті болса, әр отбасыға бір аптада, бір айда қандай мөлшерде тұз жұмсалады? Әр оқушы өз отбасына есептеп шығаруға болады.
Жауабы:
(6 г х отбасы саны) х 7 = 6 х 5 х 7 = 210 г
(6 г х отбасы саны) х 30 = 6 х 5 х 30 = 900 г
Есеп №2.
Тамақтанған кезде әр адам 1 грамм нанды шығындайды. 50 000 халқы бар елді мекенде бір жылда қанша нан шығындалады?
Жауабы:
А) (1 г • 4 мезгіл) • 50 000 = 4 х 50 000 = 200 000 г = 200 кг.
Ә) 200 кг • 365 күн = 73 000 кг = 73 т
Достарыңызбен бөлісу: |