Асқорыту мүшелері құрылысының сызбанұсқасы Сергіту сәті. Жұмбақтар шешейік. 3 мин. Ти десем тимейді
Тиме десем тиеді. (Ерін)
Әрі жүрер қараша ат,
Бері жүрер қараша ат.
Су бойында тұнық су,
Таңдап ішер қараша ат. (Көз)
Күмбір-күмбір жарғағым,
Қартайғанша жарадың. (Құлақ)
Жағалай – жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (Тіс,тіл)
Тілалмасқа сөз айтсаң,
Адам таппас жауап айтар.
Бір тауды мекен еткен отыз бөрі,
Он кісі отызының жұмыскері.
Сол таудың ортасында бағлан қозы,
Масайрап секіреді ары бері.
(Отыз бөрі – отыз тіс, он жұмысшы- он саусақ, қозы - тіл)
Жинақтау 8 мин
1 тапсырма логикалық сұрақтар: 1. Көне Үнді елінде адамның кінәлілігін анықтау үшін құрғақ күріш жегізген. Айыпталушы құрғақ күріш жей алмаса кінәлі деп танылған. Бұл сынақ неге негізделген?
Жауабы: Күрішпен сынау адам қорыққан кезде сілекей бөліну тоқтап, ауыздың құрғайтынына, ал құрғақ күрішті жеу мүмкін еместігіне негізделген. Әрине, бұл кезде жазықсыз адам да кінәлі деп танылуы мүмкін еді.
Неліктен тәтті сорпа дайындау үшін кесілген етті салқын суға, ал пісірілген ет дайындау үшін ірі кесектерді ыстық суға салу керек?
Жауабы: Суды баяу қыздырғанда еттің құрамындағы экстрактивті заттар сорпаға өтеді. Сондықтан сорпа етке қарағанда тәттілеу болады. Ал етті бірден ыстық суға салса, ет бетіндегі ақуыз жоғары температураның кесірінен ұйып, көптеген саңылауларды бітеп тастайды. Нәтижесінде экстрактивті заттар етте қалып, ет сорпаға қарағанда тәттілеу болады.
2 тапсырма Дәптерлеріңе кестені толтырыңдар. Асқорыту жүйесі.