Сабақтың мақсаты : Асқорытудың маңызы, асқорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы білім беру


Жаңа сабақ ( жаңа сабақтың сурет арқылы тақырыбын, мақсатын шығару) Түсіну



бет2/5
Дата04.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#151733
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
ас қорту

Жаңа сабақ ( жаңа сабақтың сурет арқылы тақырыбын, мақсатын шығару)

  1. Түсіну: «Жұптасып - ойлан - бөліс» . 5 мин «Асқорыту мүшелерінің құрылысы» тақырыбы бойынша мәтін мен жұмыс. Алдын- ала іздену тапсырмасы бойынша топ болып талқылау.

Адамда асқорыту жолының ұзындығы шамамен 8 - 10 м.


А сқорыту жолының қабырғасы
С ыртқы қабаты Ортаңғы қабат Ішкі қабат
Дәнекер ұлпадан Бұлшықет қабаты Эпителий ұлпасынан
тұратын сірқабат түзілген
Ішкі қабаты эпителий ұлпасынан тұратын сілемейлі қабықша болып табылады. Сілемейлі қабықшаның жасушалары ішек арнасына сілекей бөледі, ал оның астындағы төменірек орналасқан ұсақ бездер асқорыту сөлін бөліп шығарады. Ішкі қабатта қан тамырлары мен лимфа тамырлары көп.
Ортаңғы қабат тамақтың асқорыту жолымен қозғалысын қамтамасыз ететін бірыңғай салалы бұлшық еттен тұрады.


  1. Қолдану: Суреттер арқылы оқушылар түсіндіреді. 10 мин

Ауыз қуысы - ерін, ұрт, қатты және жұмсақ таңдай тіл.
Ұрттың сыртын бұлшық етпен ерін жауып тұрады. Ішкі жағында қызыл иекпен тістер орналасқан. Ауыз қуысының алдыңғы жағында жақсүйек тістер, артқы жағында аңқа мен көмкерілген. Қатты таңдай ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп тұрады. Жұмсақ таңдай артқы бөлімі жіңішкеріп ұзарып бөбешікпен аяқталады.
Ауыз қуысына сілекей бездерінің өзектері ашылады.

Тағам алдымен ауыз қуысында шайналып, сілекеймен араласып жұтылады. Ауыз қуысында тіл орналасқан.Ол көлденең жолақты, бұлшық ет ортасынан тұрады.

Тілдің түбі дөңес кілегейлі шырышты қабықшамен қапталған үстіңгі бетінде түрлі пішінді дәм сезу емізікшелері бар. Тілдің үшы тәттіні, екі бүйірі қышқылмен тұзды, түбі ащыны сезеді. Сонымен бірге тіл сөйлеуге және жұтуға қатысады.


Жұтқыншақ - түтік пішінді іші қуыс бұлшықетті мүше. Жұтқыншақ мойын омыртқасының алдыңғы жағында орналасқан ұзындығы 11-13см. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі.

Өңеш - ұзындығы 25см іші қуыс бұлшық етті мүше. Жоғарғы бөлігі жұтқыншақтың төменгі бөлігі асқазанмен жалғанған. Өңешті астарлап жатқан кілегейлі көп қабатты эпителиймен қапталған. Өңештің ортаңғы бұлшық еті бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасынан тұрады. Осы бұлшық ет оқтын-оқтын жиырылу нәтижесінде тағам асқазанға түседі. Өңеш көк еттің ортасындағы тесіктен өтіп құрсақ қуысындағы асқазанмен (қарынмен жалғасады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет