Сабақтың мақсаты : Асқорытудың маңызы, асқорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы білім беру



бет3/5
Дата04.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#151733
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
ас қорту

Асқазан (қарын) - іші қуыс қалың бұлшық ет мүше. Жоғарғы жағы өңештен, төменгі жағы аш ішектен басталады. Асқазанның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы кілегейлі шырышты қабық оның көлемін үлкейтеді. Асқазанның қабырғасында бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтары 3 түрлі бағытта орналасқанІшкі қабаты қиғаш, ортаңғысы сақина тәрізді, сыртқысы ұзынан орналасқан.Асқазанның қатпарлы кілегейлі өте ұсақ бездер бар. Бұл бездерден қарын сөлі бөлінеді.Асқазанның өңешпен және ұлтабармен байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер бар.



Аш ішек - ұзындығы 5-6м асқазан мен тоқ ішекті жалғастырады.Аш ішектің асқазаннан басталған жері 25-30см дей ұлтабар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабар бауырдан келетін өт қабынан өзегі және ұйқы безінің өзегіне ашылады.

Аш ішектің кілегейлі қабырғасында тұйық өскін түріндегі бүрлер өте көп болады. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүр ішектің сіңіру бетін ұлғайтады. Аш ішекті бұлшық ет талшықтары оқтын-оқтын толқын тәрізді жиырылып, босаңсып тұрады. Жеген тамақ ішектің ішімен алға жылжиды.


Тоқ ішек - ұзындығы 1,5-2м ашіктен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері соқырішек деп аталады. Ол оң жақ мықымда орналасқан. Құрт пішінді тұйық өскін ол лимфа жүйесіне жатады. Оның қабынуынан болатын ауру соқырішек (аппендицит) деп аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі – тік ішек. Тоқ ішектің сыртында май қабаты қалың болады. Тоқ ішекте су қайтадан денеге сіңірледі де нәжіс қалыптасады. Тоқ ішекте өте көп бактерилар (әсіресе ішек таяқшалары) болады. Бұл бактериялар өсімдік жасұнықтарын ыдыратады. Кейбір витамендерді синтездейді. Зиянды микробтардан қорғап тамақтың дұрыс қорытылуын қамтамасыз етеді. Дәріні қалай болса солай пайдалану ішектегі пайдалы бактерияларға зиянды әсер етеді. Сондықтан дәрі-дәрмекті тек дәрігердің кеңесі бойынша пайдалану керек.


Ұйқы безі – ұзындығы 10-12 см, асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан. Салмағы 60-80 г. Сілтілік реакция көрсететін ұйқы безі сөлі асқорытуда маңызды рөл атқарады. Бездің негізгі сөл шығару өзегі ұлтабарға ашылады. Асқорыту қызметінен басқа ұйқы безі ішкі секрециялық қызметін де атқарады. Онда безді жасушалардың ерекше шоғырлары – аралшықтар болады. Олардан бөлінетін секрет (гормон) алдымен ұлпа сұйықтығына, содан кейін қанға өтеді.

Бауыр – қоңырқай түсті ең ірі без, массасы, шамамен, 1500 г. Оның үлкендеу келген оң жақ бөлігі құрсақ қуысының оң жағында көкеттің астында, қабырғаға жақын орналасады. Бауыр – күрделі түтікшелі без. Ол көптеген қызмет атқарады. Бауырдың негізгі қызметі – өт бөліп шығару. Бауырда үздіксіз түзілетін өттің біразы өт қабына жиналады. Алмұрт тәрізді өт қабы бауырдың астыңғы бетінде орналасқан. Асқорыту кезінде өт қабының және бауырдың өзектерінің бойымен өт жалпы өт өзегіне, одан ұлтабарға құйылады. Ішектегі әлсіз сілтілі ортада өт майлы тағамдардың жылдам қорытылуына жағдай туғызады. Бауыр қан тамырларымен жақсы жабдықталған. Оған артерия қанымен бірге барлық асқорыту мүшелерінен веналық қан да келеді.
Бауырдың келесі қызметі организмдегі 95%-ға жуық улы заттарды тұтып, зиянсыздандырады. Сонымен қатар бауыр зат алмасуға қатынасады. Көмірсулар бауырда гликоген – жануар крахмалына айналып, қорға жинақталады.
Бауыр жасушаларында А витамині және қанның ұюына қатысатын протромбин және қан плазмасының басқа да нәруыздары түзіледі; гемоглобиннің синтезінен қажетті темір жинақталады; денедегі қанның біраз бөлігі айналымға түспей, бауырда қор түрінде сақталады.


  1. Талдау. Суреттік тапсырма. 5мин

Оқулықтағы 159 –беттегі 106 –сурет бойынша асқорыту мүшелерінің құрылысын түсіндір.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет