Сабақтың тақырыбы: Бұрыштардың түрлері (сүйір, доғал, тік.).Көпбұрыштардың элементтері.
Сабақтың мақсаты: бұрыш түрлерімен таныстыру ;көп бұрыштар элементтері,олардың атауларын оқып-үйрену.
1.Бұрыш түрлерін біледі, көпбұрыштар элементтерін ажыратуға үйренеді. Қосу мен азайтудың ауызша тәсілдерін пысықтауға жаттығулар орындайды.
2.Есте сақтауын, логикалық ойлауын, шапшаң есептеу дағдыларын дамыту.
3. Адамгершіліке,адалдыққа ,тиянақтылыққа баулу .
Сабақ түрі : аралас
Сабақ әдісі:түсіндіру, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап,ойын, көрнекілік.
Сабақ көрнекілігі: суреттер,кестелер
Техникалық құрал:интерактивтік тақта
Сабақта күтілетін нәтиже: көпбұрыштар элементтерін, бұрыш түрлерін ажырата білу ,ондықтан аттап ауызша қосу және азайтуға есептер шығару.
Сабақтың барысы:
I Психалогиялық дайындық
Білім деген байлық бар
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал.
«Тепкілесе» кетпейді.
II Тірек білімдерін жетілдіру
Сәйкес сандарды қатыстыра отырып, мысалдар төрттігін құрау.
(60,7,50,6.)
-көрсетілген тәсілді пайдалана отырып, өрнектертің мәнін ауызша табу;
-қосу, азайту амалдарының компоненттерін білу;
-қосудың ауыстырымдылық қасиетін білу.
«Математикалық диктант»
Мұғалім жай есептерді оқиды, оқушылар тек жауаптарын жазады.
Тосап қайнатылу үшін жеміс- жидектер сатып алынды.6кг жеміс қайнатылды.8кг жеміс қалды.Неше килограмм жеміс сатып алынды?
11 пиязды аршу керек.3 пияз аршылды.Аршылмаған неше пияз қалды?
Картоп пен пияз бірге 15 кг тартады.Картоптың массасы 7 кг.Пияз неше килограмм тартады?
Саматта бірнеше төсбелгі бар.9 төсбелгіні өзіне қалдырып, 5-еуін досына сыйлады.Саматта неше төсбелгі болды?
Бірінші бидонда 12 л сүт, ал екіншісінде 4л сүт кем болды. Екінші бидонда неше литр сүт болды?
Бірінші бидонда 12л, екінші бидонда 8л сүт болды. Екі бидонда неше литр сүт бар.
«Кім біледі ?» ойыны санның құрамын ажырату.
Геметриялық фигуралар туралы білімдерін пысықтау үшін «Қандай фигурадан тұрады? » ойыны ұйымдастырылады.
-Суреттің қандай фигуралардан тұратынын айт.Көп бұрыштардың сынық сызықтардан қандай айырмашылығы бар? Сынық сызықтың түзуден айырмашылығы қандай? Түзудің кесіндіден айырмашылығы қандай? Нүкте деген не? Сұрақтарына жауап алынады.
III Жаңа материалды оқып-үйрену
Ауызша жаттығулар орындалады .Тақтада әртүрлі геометриялық фигуралар бейнеленген.Оқушылардан оларды топқа бөліп , жауабын түсіндіру сұралады.
Бұрыштардың түрлері мен көпбұрыштардың элементтері таныстырылады.
1-жаттығу жаңа материал негізінде жүргізіледі.
Үшбұрышты сызғыш көмегімен тік бұрышты анықтау жұмысы жүргізіліп, мысалдар арқылы дәлелденеді. Бұрыш тік бұрыштан кіші болса, сүйір бұрыш деп аталады. Бұрыш тік бұрыштан үлкен болса, доғал бұрыш деп аталатыны түсіндіріледі.
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу.
Дәптерлеріне бұрыштардың түрлерін салу тапсырылады.
№2 -4 тапсырмалар өтілген материалдарды пысықтау мақсатында жүргізіледі.
№2. Уақытпен шығар.
№3. Қорада-30 қой
Ісек-10
Тоқты-?, қалғаны
Ш: 30-10=20
Ж: қорада 20 тоқты бар.
№ 4.( Шартына қарай сызбасы таңдалады )
1-арық-60м
2-арық-?,30м ұзын
Ш:60+30=90м
Ж:екінші арықтың ұзындығы 90 метр
IY Бекіту
«Кім шапшаң?»ойыны
Жұмбақ есептер шешешіп көрелік;
Суреттерде тік, доғал, сүйір бұрыштар нешеу?
Y Үйге тапсырма
76-бет, №5 есепті шығарып келу.
YI Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |