Семинар сабағы. Киев мектеп – бақшасы. 4 – сынып
Тақырып: Жануарлар әлемінде
Сабақтың мақсаты: Жануарлар туралы мәлімет беру.
Сабақтың міндеттері: Деңгейлердің айырмашылығын түсіндіріп, қызығушылық туғызу. Оқушылардың ойлау қабілеттерін туғызу.
Оқушыларға қоршаған орта және жануарлар әлемі туралы тәрбиелік мәні зор әңгімелер айту, аңдарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Сабақтың түрі: танымдық сабақ.
Әдіс-тәсілдер: топтастыру, сұрақ- жауап, дидактикалық ойын әдісі, дәстүрлі жағдаяттық әдіс, эвристикалық әдіс
Көрнекіліктер: мазмұнды суреттер, «жануарлар әлемінде» тұсаукесері
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Сөйлеу сәті.
4. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
-Бүгін аптаның қай күні?
-Бір аптада неше күн бар?
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Қыс айлары қандай?
-Қыста қандай өзгерістер болады?
- Қазақша жыл санауымыз бойынша қазір қандай жыл?
- Қоян қайда мекендейді?
- Ол қандай жануар? (Жабайы, үй)
- Ал енді тақтаға назар аударып, тағы қандай жабайы жануар бар екенімізді көрейік.
II Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбын айту алдында, тұсаукесерді тамашалау.
«Жануарлар әлемінде» тұсаукесерін көру.
Сұрақтарға жауап беру:
Қандай жануарларды көрдік?
Олар қайда тіршілік етеді?
Астанада біз оларды қай жерден көре аламыз?
Қандай жануарларды білеміз?
Сабақтың мақсаты мен тақырыбы айтылады.
а)Сөздік жұмысы
Әлем, ғаламшар
Қолтырауын
Піл
Маймыл
Арыстан
Тиін
Қасқыр
Аю
Керік
Қорқақ
Алып, зор, үлкен
- Сөздерді оқу
- Дәптерге жазу
- Хормен оқу
Жануарлар әлемі үлкен, кейбір жануарларды біз білеміз, кейбіреуін білмейміз. Ал осы жануарлар туралы нені білесіңдер, тексерейік
1. Жануарлар патшасы (арыстан)
2. Ең үлкен жануар (піл)
3. Бұл жануар Қазақстанда жоқ. Біз оны Африкада, Ніл өзенінде көре аламыз (қолтырауын)
4. Адамға ұқсайды, бірақ адам емес, банандарды жақсы көреді (маймыл)
5. Адамдардан қорықпайды, орманда мекендейді. Бурабайда бар. (тиін)
6. Орман санитары (қасқыр)
7. Қыста қатты ұйқыға кетеді, балды жақсы көреді (аю)
8. Ең биік жануар, мойны ұзын (керік)
9. Африкада тұрады, сұр түсті жануар. Суды жақсы көреді (зіл)
10. 2010 жылдың символы қай жануар? (жолбарыс)
- 1 бала дауыстап оқиды
- Сөз тіркестер құрастыру
- Сөйлем құрастыру
Достарыңызбен бөлісу: |