Сабақтың мақсаты: 1 Оқушылардың оксидтер, негіздер жайында алған білімдерін тексеру



Дата08.06.2018
өлшемі50,5 Kb.
#41878
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Негіздердің алынуы және қасиеттері

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың оксидтер, негіздер жайында

алған білімдерін тексеру.

2)Химия пәніне болған қызықушылықты арттыру

3)Тәжірибелік жұмыстарды жүргізуді үйрену.



Тәрбиелік мақсаты: Отанды сүюге, өз өзін асырауға және достарын

асырауға тәрбиелеу.



Керекті қуралдар: Электрон слайдтер, дидактикалық карточкалар,

пробиркалар, оксидтер, су, әк, NaOH, KOH,

Ca(OH)2, Cu(OH)2, Fe(OH)2, индикаторлар, т.б.

Сабақтың әдісі: Интерактивті (топтық жұмыс) кроссворд, сұрақ-

тарға жауаптар, кодоскоп, тәжірибелік жұмыстар,

таблицалармен жұмыс, ерітінді дайындау, тақта-

мен жұмыс, т.б.



Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өтілген сабақты сұрау үшін сыныпты 3 топқа ажыратып аламыз.

1 – топ: Су командасы.

2 – топ: Оксидтер командасы.

3 – топ: Негіздер командасы.



1)Карточкалармен жұмыс. Әр топқа 4 элементтен көрсетіледі.Қазақша, латынша аттары, валентілігін айту керек.

2) Сұрақтарға тез жауап беру.

1. Химия пәні нені үйретеді ?

2. Анорганикалық заттар нешеге бөлінеді ?

3. Жай заттар нешеге бөлінеді ?

4. Күрделі заттар нешеге бөлінеді ? Қандай ? Атап шық.

5. Оксидтер дегеніміз не ? Жалпы формуласы ?

6. Оксидтер нешеге бөлінеді ? Қандай ?

7. Негіздік оксидтер дегеніміз не ?

8. Қышқылдік оксидтер дегеніміз не ?

9. Амфотерлі оксидтер дегеніміз не ?

10. Тұз түзбейтін оксидтер дегеніміз не ?

11. Ең маңызды оксидтерді көрсету, қайсылар ?

12. Негіздер дегеніміз не ?

13. Негіздер нешеге бөлінеді ? Жалпы формуласы ?

14. Негіздердің аталуы.

15. Негіздердің құрылымдық формуласы қандай ?


3) Плакаттармен жұмыс

4) Қорытындылау

5) Оқушылардың білімін бағалау. Әр топтың орындарын белгілеу.

Жаңа сабақтың барысы:

Жоспар:

1) Негіздердің алынуы

2) Физикалық қасиеттері

3) Химиялық қасиеттері

а) Суда еритін негіздердің индикаторлардың түсін өзгертуі.

б) Негіздер қышқылдармен әсерлесіп тұз және су түзеді.

в) Негіздер қышқылдық оксидтермен әсерлесіп тұз және су түзеді.

с) Сілтілер тұздармен әсерлесіп, негіз және тұз түзеді.

д) Негіздерді қыздырғанда металл оксиді және тұз түзеді.

4) Қорытындылау.



Сабақ БББ стратегиясы бойынша жүргізіледі:

Білемін

Білгім келеді

Біліп алдым

Негіздердің құрамы, құрылысы, аталуы,

жіктелуі

Алыну әдістері, физ.және химиялық қасиеттері




1. Негіздердің алынуы.

а) Сілтілік және сілтілік – жер металдармен сумен арекеттесуі нәтижесінде алынады.

2Na + 2H2O = 2NaOH + H2

Ca + 2H2O = Ca(OH)2 + H2

Бұл теңдеулерді түсіндіргенде кодоскопты пайдаланамыз.Лаб.ж.

Натрийдің сумен реакциясын көрсету.

б) Сілтілік және сілтілік – жер металдардың оксидтерінің сумен әсерлесуі

Na2O + H2O = 2NaOH

CaO + H2O = Ca(OH)2

Лаб.ж. Кальций оксидінің сумен реакциясын көрсету



в) Суда еритін негіздер тұздармен әрекеттесіп, ерімейтін негіздер және тұздар алынады.

СuCl2 + 2NaOH = Cu(OH)2 + 2NaCl



2. Физикалық қасиеттері.

Негіздер әр түрлі түске ие болады. Мысалы:NaOH, KOH, Ca(OH)2 – ақ түсті; қатты заттар Ni(OH)2 – жасыл түсті. Fe(OH)3 – қоңыр түсті.

Сілтілік металдардың гидроксидтері суда жақсы ериді.

3. Химиялық қасиеттері.

1.Суда еритін сілтілік сілтітер индикаторлардың түсін өзгертеді. Универсалиндикатор түсі сары түстен көк түске, метилоранж тоқ сары түстен ашық сары түске, фенолфталейн түссіз – малина түске өтеді.

Лаб.ж. Индикаторлардың сілтілерге әсерін көрсету.



Индикатор аты

Нейтрал ерітіндідегі түсі

Сілтілік ерітіндідегі түсі

Лакмус

Сия көк

Көк

Метилоранж

Тоқ сары

сары

Фенолфталейн

түссіз

Малина түс

2.Негіздер қышқылдармен әсерлесіп, тұз және су түзеді.

NaOH + HCl = NaCl + H2O

Mg(OH)2 + HCl = Mg(OH)Cl + H2O

Лаб.ж. Нейтралдану реакциясы.Нартий гидроксидіне тұз қышқылының әсері.

3.Негіздер қышқылдық оксидтермен әсерлесіп, тұз және түзеді.

Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3 + H2O

4. Сілтілер тұздрмен әсерлесіп, негіз және тұз түзеді.

NiCl2 + 2NaOH = Ni(OH)2 +2NaCl.

СuCl2 + 2NaOH = Cu(OH)2 + 2NaCl

Лаб.ж. Мыс хлоридіне натрий гидроксидін әсер еткенде мыс гидроксидін көк тұнбасының түзілуі

5. Негіздерді қыздырғанда ыдырайды.

Cu(OH)2 = CuO + H2O.



4.Қорытындылау.

Тақтамен жұмыс. 3 – жаттығу

1)KOH + HNO3 =

2)KOH + NiCl2 =

3)Bi(OH)3 + H2SO4 =

4)KOH +H2SiO3 =



5)NaOH + MgSO4 =

5)Үйге§ 46. 4 – жаттығу

Сабақтың тақырыбы: Негіздердің алынуы және қасиеттері

6-сынып

Ергешова Б.Т.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет