Сабақтың мақсаты: 1-сыныпта дыбыс пен оның түрлері туралы алған білімдерін еске түсіру 2



бет1/4
Дата13.12.2016
өлшемі0,75 Mb.
#3719
түріСабақ
  1   2   3   4
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс пен оның түрлері 2

Сабақтың мақсаты: 1.1-сыныпта дыбыс пен оның түрлері туралы алған білімдерін

еске түсіру

2. Ойлау қабілеттерін дамыту,оқу дағдыларын қалыптастыру

3.Сауатты жазуға тәрбиелеу

Сабақтың типі:Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі:Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Кестелер,оқу құралдары.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) оқушылардың дайындығын қадағалау

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

а) Қанат Төлеубаевтің өлеңін жатқа сұрау

б)Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын бекіту:

-Қазақстан Республикасының Конститутциясы-Ата Заңы қашан қабылданды ? т.б

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Мақсат қою

Мақсатымыз- білім алу

Міндетіміз – еңбектену

Еңбектену арқылы бестікке қол жеткізу.

IV. Жаңа сабақ.

1. Тақтамен жұмыс:

(Дыбыс туралы өткенді еске түсіру)

-Дыбысты айтамыз және естиміз,ал әріпті жазамыз және көреміз.

-Дыбысты нешеге бөлеміз?


Дыбыстар

Дауысты дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар


2. Оқулықпен жұмыс:

6-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастырады.

7- жаттығу. Өлеңді жатқа жазады,қарамен жазылған сөздің мағынасын түсіндіреді.

3. Сергіту сәті:

4. Оқулықпен жұмыс :

8 – жаттығу. Тиісті әріпті қойып,сөйлем құрастырады.

...



... аз

...

V. Жаңа сабақты бекіту.

Тиісті әріптерді, тиісті бағандарға жаздыру.

Дауысты дыбыстар..............

Дауыссыз дыбыстар.............

VI.Оқушыларды бағалау.

VII. Үйге тапсырма беру.

9 –жаттығу. «Күз келбеті» тақырыбына әңгіме құрастырып келу.
Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке дауыстылар 3

Сабақтың мақсаты: 1 Жуан және жіңішке дауыстылар туралы білімдерін кеңейту.

2.Оқушылардың ақыл- ойын дамыту.

3.Сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі:Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Кестелер,оқу құралдары, сураттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі .

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) оқушылардың дайындығын қадағалау

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

9 – жаттығу бойынша жазған әңгімелерін тексеру

Сұрақ – жауап арқылы үй тапсырмасын қорыту

-Дыбысты нешеге бөлеміз? т.б.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Мақсат қою

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты - жіңішке және жуан дыбыстарды ажырата білуді үйрену

IV. Жаңа сабақ.

1.Оқулықпен жұмыс

10 – жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп оқиды, дауысты дыбыстарды тауып, жіңішке және жуан дыбыстарды ажыратады.

11 – жаттығу.

Мақалды жатқа жазады. Жуан дауыстыларды бір, жіңіщке дауыстыларды екі рет сызады.

Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді.

2.Сергіту сәті.

3.Тақтамен жұмыс.

12 –жаттығу

Белгілердің орнына тиісті әріптерді қойып жазады.(сурет бойынша)

Б...а, б....т, с...з.

V. Сабақты бекіту.

Қима қағаздармен жұмыс.

1. Дауыссыз дыбыстарды жатқа жаз......

2. Бәріне ортақ бір әріп қойып жаз

А...

О...

Ұ... ( т.б.)

VI. Оқушыларды бағалау.

VII. Үйге тапсырма беру.

13 – жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастырып келу.


Сабақтың тақырыбы: Буын және тасымал . 4

Сабақтың мақсаты: 1 Буын және тасымал жайында алған білімдерін еске түсіру.

2.Оқушылардың сөздік қорларын молайту.

3.Алғырлыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі:Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) оқушылардың дайындығын қадағалау

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

13 – жаттығу бойынша құрастырған әңгімелерін тексеру

- дыбысты нешеге бөлеміз?

-жуан дыбыстыларға қандай дыбыстар жатады?

-жіңішке дыбыстыларға қандай дыбыстар жатады?

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Мақсат қою

Мақсатымыз-буын туралы түсінігімізді кеңейту, білім алу.

IV. Жаңа сабақ.

1.Оқулықпен жұмыс

14 – жаттығу.

Сөздерді алфавит ретімен буынға бөліп жазады. Дауысты дыбысқа аяқталған буындардың астын сызады.

Мысалы: Ал –ша, а –нар, бүл –дір –ген, до –ла –на ,т.б.

15 – жаттығу.

Өлеңді жатқа жазады, бір буынды сөздерді табады.

2.Сергіту сәті

3.Тақтамен жұмыс.

16 –жаттығу.

Ребусты шешеді, шешуін тасымалдайды.

Шешуі: Та – уық

17 – жаттығу.

Сөздерді тасымалдау белгісін қойып көшіріп жазады.

Қар- лы- ғаш, ине, әже, үкі, ба –ла –пан.

V. Сабақты бекіту

Қима қағаздармен жұмыс.

1. Бір буынды сөздер жаз:..............(ақ, ат, бақ топ т.б)

2. Екі буынды сөздер жаз:.............(а-ғыс, а-дал, а-дым т.б)

3. Үш буынды сөздер жаз:............(А-за-мат, бал-мұз-дақ т.б)

VI. Сабақты қорыту:

Бүгінгі сабақта біз не істедік?

Біз не істей аламыз?

VII. Оқушыларды бағалау:

VIII. Үйге тапсырма беру:

18 – жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастырып келу.


Сабақтың тақырыбы:Заттың атын білдіретін сөздер 5

Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларды заттың атын білдіретін сөздермен таныстыру.

2. Оқушылардың сөздік қорларын молайту, оқуға деген ынталарын

қалыптастыру.

3.Сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі:Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) оқушылардың дайындығын қадағалау

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

18- жаттығу бойынша құраған әңгімелерін тексеру, бағалау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Мақсат қою

Бүгінгі сабақ мақсатымыз – заттың атын білдіретін сөздерді, және оның сұрақтарын еске түсіру.

IV. Жаңа сабақ.

1.. Тақтамен жұмыс.

(Оқушыларға заттардың суреттерін көрсетіп, олар нені білдіретінің,және олар қандай сұрақтарға жауап беретінін сұрау)

Мысалы: Қоян – жануардың атын білдіріп тұр, және не? деген сұраққа жауап беріп тұр

т.б.

2.Дәптермен жұмыс

19 – жаттығу.

Көп нүктенің орнына ұйқас сөз тауып жазады, сұрақ қояды, нені білдіретінін айтады.

Мысалы:....Мияулаған мысық

.....Болған қалвң орман

20 – жаттығу

Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, не? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек топтап жазады.

Нағашы, әже, ғарышкер, ақын, дәрігер.

Дала, жүгері, ара, шымшық, еден.

3.Сергіту сәті

4. Оқулықпен жұмыс.

19 – жаттығу Сөзжұмбақты шеш.

1.Қазақстанның астанасы.

2.Тау 3. Көл 4. Қазақстанның ұлы ақыны 5. Күшіктің аты

20 –жаттығу. Ауызша орындалады.

V. Сабақты бекіту

Тиісті сөздерді жаздыру

Кім? Не?

..... ......

..... ......

VI. Сабақты қорыту: Сұрақ- жауап арқылы

VII. Оқушыларды бағалау:

VIII. Үйге тапсырма беру:

23 –жаттығу. Ата –ана туралы әңгіме жазып келу.

Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер 6

Сабақтың мақсаты:1. Оқушыыларға заттың қимылын білдіретін сөздерді,және оның

сұрақтарын естеріне түсіру, таныстыру.

2. Оқушылардың ақыл – ойын дамытып, сөздік қорларын молайту.

3. Сауатты жазуға тәрбиелеу

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) оқушылардың дайындығын қадағалау

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

23 – жаттығу бойынша ата – ана туралы әңгімелерін тексеру.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

-Заттың атын білдіретін сөздерді ата.

-Олар қандай сұрақтарға жауап береді?

Мақсат қою

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты –Заттың қимылын білдіретін сөздермен танысу.

IV. Жаңа сабақ.

1. Тақтамен жұмыс.

Секірді, жүгірді, отырды, ойнады.

(Бұл сөздер қандай сұраққа жауап беріп тұрғанын анықтау)

Бұл сөздер қимылды білдіріп тұр және олар неістеді ?не қылды? қайтты? деген сұрақтарға жауап беріп тұр.

2.Дәптермен жұмыс

Сөздік диктант: Пысық, сарғайды, жазды, түлкі, көл, күшік, ұйқас, мияулаған, қалың, әңгіме,жүгері, ғарышкер.

24 –жаттығу. Ауызша орындайды.

Сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояды.

25 – жаттығу

Өлеңді жатқа жазады, қимылды білдіретін сөздерді табады.

Мысалы: Бағады, шабады, сауады, қағады.

3.Сергіту сәті

4.Оқулықпен жұмыс

26– жаттығу

Көп нүктенін орнына кім? не ? сұрағына жауап беретін сөздерді қойады.

Мысалы:Ғарышкер ұшады, торғай ұшады. Бала секірді, шегіртке секірді. Ұшақ қонады.

27 –жаттығу

Берілген сөз қай дыбысқа аяқталса сол дыбыстан басталатын қимылды білдіретін сөздер жазады.

Мысалы: Жолдас –секірме, сақина- айналды, сандық – қирады,елік –керілді.

V. Сабақты бекіту

Қима қағаздармен жұмыс:

1.Қимылды білдіретін сөздерді жаз т.б.

VI.Сабақты қорыту (Сұрақ – жауап аоқылы)

VII. Оқушыларды бағалау:

VIII. Үйге тапсырма беру:

28 –жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрап келу.

Сабақтың тақырыбы:Заттың сынын білдіретін сөздер 7

Сабақтың мақсаты:1. Оқушыыларға заттың сынын білдіретін сөздерді,және оның

сұрақтарын естеріне түсіру, таныстыру

2. Оқушыыларға заттың сынын білдіретін сөздерді басқа сөздерден

ажырата білуге уйрету

3. Алғырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдар,суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) оқушылардың дайындығын қадағалау

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

28 – жаттығу. Сурет бойынша құрастырған әңгімелерін тексеру.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

-Заттың атын білдіретін сөздерді ата.

-Заттын қимылын білдіретін сөздерді ата.

-Олар қандай сұрақтарға жауап береді?

Мақсат қою

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – заттың сынын білдіретін сөздермен,және олардың сұрақтарымен танысу.

IV. Жаңа сабақ.

1.Тақтамен жұмыс.

Заттың сынын білдіретін сөздер ақ, тәтті, қызық

Сұрақтары: қандай?, қай?

2.Дәптермен жұмыс.

Сөздік диктант: Қалам, баған, іл, кемпірқосақ, тәтті, жиһаз, диірмен, күнбағыс, калампыр, түйе, шылаушын, түймедақ.

29 – жаттығу. Ауызша орындалады. Қарамен жазылған сөздерді оқып, оларға сұрақ қойып нені білдіретінін анықтайды.

30 – жаттығу Көп нүктенін орнына заттың сынын білдіретін сөздерді қойып көшіріп жазады.

Мысалы: Әдепті оқушы, ақ бор, кең бөлме, ашық аспан, ұзын көше, жүйрік ат.

3.Сергіту сәті

4. Оқулықпен жұмыс

31 – жаттығу

Қызық жүйрік, өткір сөздерін қатыстырып сөйлем құрастырады.

V. Сабақты бекіту

Сынын білдіретін сөздерді жазады.


алма кітап


VI. Сабақты қорыту:(сұрақ – жауап арқылы)

VII. Оқушыларды бағалау:

VIII. Үйге тапсырма беру:

33 – жаттығу Сөздерді пайдаланып бір оқушыға мінездеме жазып келу.

Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер 8

Сабақтың мақсаты:1. Оқушыыларға заттың санын білдіретін сөздерді,және оның

сұрақтарын естеріне түсіру, таныстыру

2. Оқушылардың сөздік қорларын молайту, оқуға деген ынталарын

қалыптастыру.

3. Сауатты жазуға тәрбиелеу

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) оқушылардың дайындығын қадағалау

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

33 –жаттығуды тексеру.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Мақсат қою

Мақсатымыз- білім алу

Міндетіміз – еңбектену

Еңбектену арқылы бестікке қол жеткізу.

IV. Жаңа сабақ.

1.Тақтамен жұмыс.

34 - жаттығу (Ауызша)

Жұмбақтың шешуін табады, оған сұрақ қояды.(жауабы: 16 мысық)

2.Дәптермен жұмыс.

Сөздік диктант: Жиырма, оныншы, жиырма төрт, екі, қырық, күйлі, шүкір, тәулік, минут, мысық, бұрыш, жұмбақ.

35 – жаттығу.

Сандарды сөзбен арқылы сөйлемдерді көшіріп жазады.Байланысын табады

Мысалы: Бір аптада жеті күн бар.

3.Сергіту сәті

4. Оқулықпен жұмыс

36 – жаттығу

Ребусты шешеді, шешуіндегі сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.

Шешуі:Жүз елу

37 – жаттығу

Бағандағы сөздерді салыстырып өзгешеліктерін байқайды.Сөздерге сұрақ қояды.

Екі бесінші



Жиырма алтыншы

V. Сабақты бекіту

Сөйлекмнің ішінен санды білдіретін сөздерді теріп жаздыру.

Менде бес ойыншық бар. Атам алпыс жаста. Үйдің төрт бұрышы бар. Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар. Мен сағат сегізде тұрамын.

VI. Сабақты қорыту:

Бүгінгі сабақта біз не істедік?

Біз не істей аламыз?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыдарды бағалау.

VIII. Үйге тапсырма беру

38 – жаттығу Суретке қарап әңгіме құрастырып келу.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті 9

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға сөйлеу мәдениеті жайлы түсінік беру

2. Оқушылардың ақыл – ойын дамытып, сөздік қорларын молайту

3. Оқушыларды мәдениетті болуға тәрбиелеу

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі:Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) оқушылардың дайындығын қадағалау

б) Психологиялық дайындық

Амансың ба алтын күн?

Амансың ба көк аспан?

Амансың ба достарым?

Сендерді көрсем қуанамын !

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

38 – жаттығуды тексеру.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Мақсат қою

- Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – мәдениетті сөйлеуге үйрену.

IV. Жаңа сабақ.

1. Оқулықпен жұмыс

39 – жаттығу

Сәлемдесу үлгілерін оқушыларға рөлге бөліп оқыту

2.Дәптермен жұмыс.

Сөздік диктант:Ассаламағалейкум, аман – сау, армысыз, шүкір, керней, түсінісу, құрбы, шүберек, хабар, Нұрбол, жауап.

40 – жаттығу

Оқиды, дәптерге көшіріп жазады

3.Сергіту сәті

Саусақпен мұрынды қысайық

Әншіге біраз ұқсайық,

Әрбір сөздің дыбысы,

Қандай екуенін ұғайық.

4.Тақтамен жұмыс әдепті сөйлеу сыпайы болу керек

Мәдениетті болу үшін


кішіпейіл болу амандасу керек

V. Сабақты қорыту: (сұрақ – жауап арқылы)

VI. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыдарды бағалау

VII.. Үйге тапсырма беру

41 – жаттығу Өзіңнің құрбыларымен қалай қоштасатын жайлы жазып келу

Сабақтың тақырыбы: Диктант. Егін жинау 10

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға диктант жаздыру

2. Оқушылардың ақыл – ойын дамыту

3. Сауатты жазуға тәрбиелеу

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі:Сөздік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) оқушылардың дайындығын қадағалау

б) Психологиялық дайындық

Табиғат!

Тіршіліксің тұнып тұрған,

Сен - Күнсің!

Көтерілген күліп кырдан

Сен – Көлсің,Сен – Ормансың

Сен – Бұлақсың

Абамды сұлулыққа құнықтырған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет