Сабақтың мақсаты: а білімділік оқушыларға мәтіннің мазмұнын меңгерту, сөйлеу тілдерін, сөздік қорларын байыту



Дата08.09.2017
өлшемі27,17 Kb.
#31088
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнер.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік- оқушыларға мәтіннің мазмұнын меңгерту, сөйлеу тілдерін, сөздік қорларын байыту.

ә) тәрбиелік – қазақ халқының би, шешендердің сөздерімен таныса отырып, тапқырлыққа, әділ, отбасын құрметтеуге тәрбиелеу.

б)дамытушылық - оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге, есте сақтау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту, грамматикалық білімдерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

    1. Сәлемдесу.

    2. Кезекшімен сөйлесу.

  2. Сабақтың тақырыбын , мақсатын , барысын айту.

  3. Үй жұмысын тексеру.

1.Өткен тақырыпты қайталау.

Сұрақтар:



    1. Қырқүйек айында қандай мерекелер бар ?

    2. Сендер ана тілдерінен басқа қандай тіл білесіңдер?

    3. Тілді жақсы білу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

    4. “Тілге құрмет – елге құрмет” тақырыбы бойынша кімнің қанатты, атаулы сөзін жатқа білесіңдер?

      1. Үйге берілген “Ана тілі” өлеңін сұрау.

4. Жаңа сабақ.

Мұғалім: – Балалар, Өткірдің жүзі

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан

Білмеске арзан

Надандар баһра ала алмас.

Толғауы тоқсан қызыл тіл

Сөйлеймін десең , өзің біл, – деген Абайдың бұл өлең жолдары не туралы деп ойлайсыңдар?

(Сөз өнері, шешендік туралы)

Ендеше, бүгінгі сабағымыз шешендік сөздері, шешендік өнері, құрметті , атақты шешен адамдар туралы болады.

1.Жаңа сөздермен танысу. 49 бет.

2.Жаңа сөздермен сөз тіркестер, сөйлемдер құрастыру.

3.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу.

4. 3- тапсырма. 50 бет.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

5.Тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрастыру.

6.Тапсырма . Тест сұрақтарына жауап беру.


  1. Шешендік сөздерге не жатады?

А) эпостар ә) мазмұндамалар б) нақыл сөздер жиынтығы

2.Шешендік сөздерде не көрінеді?

А) өткен өмірі ә) ақыл- ойы, оқиғалары, арман- тілегі , дүниеге көзқарасы.

Б) келер шағы

3) Шешендік адам деген кім?

А) сөзге жүйрік, ділмар, тапқыр адам ә) ән жазатын адам

Б) шығарма жазатын адам

4) Демосфен, Цицерон деген адамдар кім ?

а) ғалымдар ә) ағартушылар б) жыраулар, ақындар,шешендер.

5. Қазақ халқының атақты, қадірлі шешендері кім болған ?

А) Жиренше, Майқы би, Асан қайғы, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би т.б.

ә) Шоқан Уәлиқанов, Ыбырай Алтынсарин, Сәкен Сейфуллин

б) Роза Бағланова, Күләш Байсеитова, Шәмші Калдаяқов.
7.Сергіту сәті.

8. 6-тапсырма.51 бет. Өлеңді 3 минута есте сақтап , жатқа жазу.

9.7- тапсырма. 51 бет. Оқулықтағы мәтіннен бір сөйлемді алып ,синтаксистік талдау.

5. Үйге тапсырма. 1. Жаңа сөздерді жаттау. 49 бет.

2. 4- тапсырма. 50 бетте. Жазбаша синтаксистік талдау.

6. Рефлексия . Әр оқушы стикерге өз ойларын жазып “Таразына “ жапсырады.



7. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет