Сабақтың мақсаты: а білімділік: «Ток күші дегеніміз не?»



Дата24.04.2017
өлшемі56,86 Kb.
#14943
түріСабақ
Күні: Айы: Сынып: Нешінші сабақ:
Сабақтың тақырыбы: § 36. Ток күші. Амперметр

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: «Ток күші дегеніміз не?» Сұрағына жауап іздеу.Ток күшін өлшейтін құралмен таныстыру

б) дамытушылық: өмір тәжірибесімен ұштастыра отырып, ой өрістерін дамыту

в) тәрбиелік: күнделікті сабаққа дайындықпен келуге, өзара дұрыс қарым – қатынас жасауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: амперметр

Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын сұрау

3. Жаңа сабақ

4. Жаңа сабақты бекіту

5. Үйге тапсырма беру

6. Сабақты қорытындылау



1. Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Электр тогы дегеніміз не?

  2. Электр тогының пайда болуы мен ұзақ сақталуы үшін қажетті және жеткілікті шарттарға не жатады?

  3. Қандай құрылғыларды ток көздеріне жатқызамыз?

  4. «Электр қозғаушы күш» дегеніміз не?

3. Жаңа сабақ

Электр тогын лшеу және сылыстыру үшін ток күші деген арнайы шама енгізіледі. Көлденең қимасының ауданы s өткізгіште элект өрісінің әсерінен еркін заряд тасымалдаушылар қандай да бір жылдамдықпен қозғалады деп алайық. Барлық заряд бойымен электр тогы жүреді. Бұл кезде әр секунд сайын өткізгіштің кез келген қимасы арқылы электр мөлшері деп аталатын қандай да бір заряд өтеді.



өткізгіштің көлденеің қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің со уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайды:

халықаралық бірліктер жүйесінде ток күші ампермен өрнектеледі:

Ампер – негізгі бірліктердің бірі. 1 Ампер – вакуумде бір-бірінен 1 м қашықтықта орналасқан, көлденең қимасының ауданы өте аз, шексіз ұзын түзу екі өткізгіштің бойымен өтетін тұрақты ток күші. Мұндай ток ұзындығы 1м өткізгіштердің әрбір кесіндісінде 2*10-7 Н-ға тең өзара әрекеттесу күшін тудырады.


1Кл ток күші 1А болғанда 1с уақыт аралығында өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін электр зарядына тең.

Ток күшін өлшейтін құралды амперметр деп атайды. Амперметрдің шартты белгісі . амперметрді ток күшін өлшейтін құралмен тізбектеп қосады.

4. Жаңа сабақты бекіту

1. ток күші деген не?

2. ток күшінің өлшем бірлігі

3. ток күшін өлшейтін құрал?



4. тізбекке қалай қосылады?

5.Есеп шығару

5-есеп (134-бет)
6. Үйге тапсырма беру § 36. әңгімелеу
7. Сабақты қорытындылау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет