Сабақтың мақсаты: а Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін сөйлеу мәденеиетін арттыру



бет6/21
Дата27.12.2016
өлшемі4,23 Mb.
#6006
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін

1.Атауыш сөз дегеніміз не ? 2.Көмекші сөз дегеніміз не ?

3.Одағай сөз дегеніміз не ? 4.Одағай сөздерде толық мағына бола ма ?

5.Не себепті одағайлар сөйлемде оқшау айтылады ?

6. Одағайдың сөйлем мүшесі бола алуының себебі неде ?

8.Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді ? 7.Үстеу дегеніміз не ?

9. Еліктеу сөздер дегеніміз не ? 10.Тұйық етістік дегеніміз не ?

11.Етіс нешеге бөлінеді ? 12.Ортақ етіс қалай жасалады ?


б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді.

1. Көңіл күй одағайлары шаттану,таңырқау,аңсау,қуану,ұнату,ренжу,түңілу,өкіну,шошыну,назар ауару сияқты мәнді білдіреді. Олар : пәлі,ойпырмай, шақай,бәрекелді т.б.

2. Жекіру одағайлары жекіру,тыйым салу,бұйыру сияқты мәнді білдіреді.Олар тәйт,тек,жә т.б.

3. Шақыру одағайлары мал,ит,құсты шақыру,қуумен байланысты мәнді білдіреді. Олар : шөре-шөре,кә-кә,қош-қош т.б.

Одағайлар сөйлемдегі ойға қатысты болғанымен ондағы жеке сөздермен грамматикалық байланысқа түспей оқшау айтылады.Әрі одағайдың толық мағынасы болмайды, олар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды

Одағай сөйлем басында да,ортасында да,соңында да қолданыла береді.Одағай сөйлемнің басында келсе,оның алдынан үтір қойылады.

Одағай сөйлемнің ортасында келсе,оның алдынан үтір қойылады.
Жаттығумен жұмыс : 316-жаттығу. Одағайларды тауып,түрлеріне қарай ажыратыңдар.
Шығармашылық жұмыс : Мына одағай сөздеріне сөйлем құраңдар : әттең,Уh,ойпырымай,бәрекелді,алақай,өй,ой т.б.
Білімді бекіту : 1. Одағай нені білдіреді ? 2.Одағайдың қандай түрлері бар ?

3. Одағайлы сөйлемде қандай тыныс белгілері қолданылады ?


Бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Өздерің оқып жүрген көркем әдебиеттен одағайдың түр-түріне мысалдар келтіріп,тыныс белгілерін түсіндіріңдер.


6– сынып Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Тіл ұстарту

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : Аттың сыры иесіне мәлім

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын иексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға өткен сабақтар бойынша сұрақтар қоямын.

1.Одағай нені білдіреді ? 2.Одағай сөздерде толық мағына бола ала ма ?

3.Не себепті одағайлар сөйлемде оқшау айтылады ?

4.Одағайдың сөйлем мүшесі бола алмауының себебі неде ? 5.Одағайдың қандай түрлері бар ?

6.Одағайлы сөйлемде қандай тыныс белгілері қойылады ? 7.Етістік нені білдіреді ?

8.Морфология нені зерттейді ? 9.Синтаксис нені зерттейді ?

10.Етіс дегеніміз не ? 11. Болымсыз етістік дегеніміз не ?

12.Күрделі етістік дегеніміз не ? 13.Бейнелеуіш сөздер дегеніміз не ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Өткен сабақтар бойынша шолу жасап,оқушыларды сөйлемдерді фонетикалық морфологиялық синтаксистік талдау жасауға үйретемін.



Бүкіл оқушылармен жұмыс : Тақтаға бір оқушыны шығарып морфологиялық талдау жүргіземін.

З.е з.е\ ш.с ет\ к.ж ет\ е.ж шылау з.е з.е\ б.е з.е ет\ кж\ ж.ө.н

1) Төстік ауыл│дан ұза│п шық│қан соң шалұұйрық ат│қа тіл біт│е│ді.


З.е\ т.с ет \ өе. К.ж з. е \ ж.е з.е ет / к.ж қ. Ет.

Терезе│ні сықырла│т│ып дала│да жел соғ│ып тұр.


з.е к.ж з.е б.е ет к.ж з.е ет кж ет к.ж ет ж.ө.ж.

Қонақ│тар үй│ге кір│іп, қымыз іш│іп, тынығ│ып жат│ты.


2) Отарда жалғыз үй отырған Қамқа баласының хатын күн батарда алды.

▬●▬▬● ▬ ● ▬▬ ● ▬ ● ▬ ● ▬▬▬ ~~~~~~~~~ ~~~~ — •– • – • – • ====

Мінайдар демін жақындата түсіп, Маржанкүлдің бетінен сүйіп алды.

————— – • – • – • – • – • – • – • – • ~~~~~~~~~~~ - - - - - - - ===========

Күн бата бригада ауылға келгенде, Бұзаубақтың үйінің жанында үш-төрт адам тұр еді.

• – • – • – ——— – • – • – • – • – •– ~~~~~~~~~~ • — • — • — • — ~~~~~~~ ——— ======



Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Оқушылардың жауптарына,сөйлемді талдағандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Кез келген көркем шығармадан сөйлемдер алып синтаксистік талдау жасап келуге беремін.

6 - сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы : Көмекші есімдер

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері көп мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

ә) Сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем, ұқыпты жаза жаза білуге дағдыландыру.

б) Сымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетн, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Сыйлық қымбат емес, сүю қымбат

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет ,

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға кеспе қағаздарды үестіріп,жауап талап етемін.
1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар ? 2.Түбір дегеніміз не ?

3.Қосымша дегеніміз не ? 4.Қосымша нешеге бөлінеді ?

5.Жұрнақ нешеге бөлінеді ? 6.Жалғау нешеге бөлінеді ?

7.Неше септік бар ? 8.Жалқы есім дегеніміз не ?

9.Деректі зат есім дегеніміз не ? 10.Сан есім дегеніміз не ?

11.Есімдік дегеніміз не ?


б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Лексикалық мағынасынан айырыла бастап,сөйлемде екінші бір сөздің жетегінде ғана қолданылатын зат есімдер бар.



Мысалы : сырт,іш,маң,тұс,алд/ы /,арт/ы /,аст/ы/,үст/і/,қас/ы/ сияқты сөздер сөйлемде екінші зат атаулының жетегінде жұмсалады : Ауылдың жаны терең сай.Осындай сөздер көмекші сөздер деп айтылады.Әдетте көмекші есім тәуелдік жалғауында тұрып,негізгі зат есіммен тіресіп,сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.
Жаттығумен жұмыс : 319-жаттығу. Мәтінді оқып шығып,көмекші есімдерді табыңдар.Оларды тіркесіп тұрған сөздермен бірге теріп жазыңдарда, сөйлемнің қай мүшесі қызметін атқарып тұрғанын айтыңдар.

Бүкіл оқушылармен жұмыс : Оқушыларды үш топқа бөліп,бірінші топ тоғыз сөз табының ережесін,екінші топ мағынасын,үшінші топ құрамын айтып береді.


Білімді бекіту : 1.Көмекші есімдер дегеніміз не ? 2.Көқмекші есімдерге қандай сөздер жатады ?

3. Көмекші сөздер қай сөз табымен тіркесіп қолданылады ?


Бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Мына көмекші есімдерге сөйлем құрап келіңдер.
Сырт,іш,маң,тұс,алды,арты,асты,үсті,қасы.

6 - сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы : Көмекші етістіктер

Сабақтың мақсаты :
а)Оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып,логикалық ойын дамыту оқу материалына сын көзімен қарап жолдастың көмекке қашанда әзір болу қасиетіне,ұлттық дәстүрді қастерлеуге үйрету.

ә)Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін ,Отанын сүюге тәрбиелеу..

б)Оқушыларды саутты жазуға баулу..

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат, кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Қайтып кірер есікті

элементтерін қолдану : қатты жаппа

Пәнаралық байланыс : әдебиет ,

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу, түгелдеу оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға өткен сабақтар бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Көмекші есімдер дегеніміз не ?

2.Олар қандай сөз табымен тіркесіп қолданылады ?

3.Одағай нені білдіреді ?

4.Одағайдың түрлерін ата ?

5.Не себепті одағай сөйлем мүшесі бола алмайды ?

6. Неге одағай сөйлемде оқшау айтылады ?



б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Етістіктер білдіретін мағынасына қарай сөйлемде атқаратын қызметіне қарай екі түрге бөлінеді.

Жеке тұрып сұраққа жауап бере алатын және өз алдына сөйлем мүшесі бола алатын толық мағыналы етістіктер негізгі етістік деп аталса,өз алдына жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын толық мағынасы жоқ,тек негізгі етістіктермен,есім сөздермен тіркесіп қолданылатын етістіктер көмекші етістіктер деп аталады.

Қазақ тілінде тек төрт етістік қана : е (еді,екен,емес ),жазда,ет,де (деп,десе,деген,дер ) көмекші етістік мәнінде пайдаланылады. Бұлар негізгі етістік болып жұмсалмайды,жұмсалса да,өту сирек қолданылады.Өйткені бұлар лексикалық мағынасына бүтіндей айырылып қалған етістіктер.
Жаттығумен жұмыс : 320-жаттығу. Мәтінді жазып,етістіктерді табыңдар,олардың қайсысы көмекші екенін айтып беріңдер.
Білімді бекіту : 1.Көмекші етістіктер дегеніміз не ? 2.Етістіктер нешеге бөлінеді ?

3. Негізгі етістік дегеніміз не ? 4. Көмекші етістік дегеніміз не ?


Бағалау : Оқушылардың білімдеріне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 321жаттығу. Негізгі және көмекші етістіктерді ажыратып,олардың сөйлемдегі қызметін анықтаңдар.

6 - сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Қысқарған сөздер
Сабақтың мақсаты :

а) Күрделі сөздердің бір түрі қысқарған сөздің жасалу жолдарын және емлесін түсіндіру,алған білімдерін пысықтау,тексеру,бағалау ;

ә) Оқушылардың білім дағдыларын жинақтау,деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту ;

б) Оқушыларды елжандылыққа,инабаттылыққа,әдемілікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану : Қанатты сөздер.

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді ?

2.Біріккен сөздер дегеніміз не ?

3.Күрделі сөздер дегеніміз не ?

4.Қос сөздер дегеніміз не ?

5.Қос сөздер нешеге бөлінеді ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Кейбір күрделі атаулар,мемлекет,мекеме,ұйым аттары бірнеше сөздің тіркесінен құралып,кейде қысқартылып та қолданыла береді. Мысалы : Америка Құрама Штаттары деген АҚШ болып,Біріккен Ұлттар Ұйымы деген БҰҰ болып,Алматы мемлекеттік университеті деген АлМУ болып қысқарып та жұмсалады.Осындай күрделі атаулардың белгілі тәсілдермен қысқартылып шығуын қысқарған сөздер дейді.

Күрделі атаулар әр түрлі жолмен қысқартылады.

1. Күрделі атау құрамындағы бас әріптерінен құралады. Мысалы : БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы,

ҚРҰҒА – Қазақстан Республикасы Ұллтық ғылыми академиясы т.б. Мұндай қысқарған сөздер бас әріппен жазылады да,қосымша дефис ( - ) арқылы жалғанады. Мысалы : АҚШ-тың ( Америка Құрама Штаттарының )

2. Күрделі атау құрамындағы бірінші сөздің басқы буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптерімен құралады. Мысалы : ҚазМИи– Қазақстан медицина институты.

3. Күрделі атаулардың құрамындағы сөздердің бірінші буындарынан немесе бірінші сөздің басқы буыны мен келесі сөз тұтас қалпында бірігіп құралады.
Білімді бекіту :

1. Қысқарған сөздер дегеніміз не ? 2. Күрделі сөздер жасалу жолдарына қарай нешеге бөлінеді ? 3.Қайталама қос сөз дегенңмңз не ? 4. Қосымша қос сөз дегеніміз не ?


Үйге тапсырма : 103-жаттығуда қысқарған сөздер берілген соған сөйлем құрап келуге беремін.
Сабақ соңында оқушылардың білімдері бағаланады.

6 - сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау
Сабақтың әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы
Халықтық педагогика мақал-мәтелдер.

элементтерін қолдану:
Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.
Тақтағы бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.

ә) Жаңа сабақты түсіндіру:

Бүркіт.
Бүркітті үйге енгізіп,тұғырдың үстіне қондырды.Жәнібек қасынан қалмай жүр.Қыранды жақыннан көргені –осы. Көзі қандай өткір ! Жанжал іздегендей жалт-жалт етіп шытынай қарағанда, өңменіңнен өтеді.Тұмсығы қалмақы қылыштай қайқая біткен. Үлпілдеген балақ жүні мен мойнында ғана қызғылт жолақ бар.Басқа жері көмірдей қап-қара. Сары сақтиян саусақтары бұж-бұж боп,шорланып біткен.Бұл да Базекеңнің өзіндей кәрі болса керек.Шар болаттай қара көк тегеуріні мұқала бастаған.. Жем бере қоймадың деп ызаланды ма,шұрық-тесік тұғырды сықырлата қысып жіберді.

-Тәк –тәк ... Бүгін сіресі су көтермей,шөлкестеніп отыр.Бәлем тұра тұр,томағаңды кигізіп қояйын.

Базар сөйлей жүріп бір қуыс былғарыны бүркіттің басына кигізе салды. Жаңа ғана шатынап тұрған тентек құс баладай момақан күйге түсті. ( Қ.Жұмаділов,110 сөз )

Үйге тапсырма : Күрделі сөздерді оның түрлерін оқып келуге беремін


6 - сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы : Бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты :
а) Оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру
ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау
Сабақтың әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі : түсінігі қиын сөздерді тақтаға жазу
Халықтық педагогика мақал-мәтелдер.

элементтерін қолдану:
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.
Тақтағы бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.
ә) Жаңа сабақ.

Ұлы достық

Ағыбай мен Төреқұлды табыстырған тағдырдың өзі-жатқан бір тарих. Сонау отызыншы жылдардың басында бұлар үй-ішімен қырғыз асып барып,күнгей бетте бір жыл қыстап қайтуға тура келген.Төреқұлдың әкесі Ералыны мұның әкесі Жұмахан бұрын да сырттай біледі екен.Қиыншылық кезде қара тартыпбарып,соларды паналаған. «Ашаршылықта жегенқұйқаның дәмі аузыңнан кетпес» деп,қырғыз ағайындардың сондағы істеген жақсылығы естен,сірә,кетер ме ? Ералының бұларға бір бөлмені босатып беріп,аздаған азық-түлігін бала-шағасының аузынан жырғандай етіп,топты жанды бір қыс асырап шыққанын қалай ғана ұмытарсың ?! Жұмахан оны қашан дүниеден өткенше ұмытқан жоқ,бірақ көзінің тірісінде Ералының сол қарымтасын қайтаруға үлгермей,өлерінің алдында Ағыбайға аманат етіп,табыстап кетті.Әкелер арасындағы байланысты кейін балалар жалғастырған.Әке аманатын Ағыбайдың қаншалықты орындай алғанын кім білсін,әйтеуір,қырық жылдан бері Төреқұлмен қатынасы үзілген жоқ,заманына қарай екеуінің арасында жорға ауысқан кездер де,дорба ауысқан кездер де болып тұрады.



Үйге тапсырма : Күрделі сөздердің түрлерін оқып келуге беремін.
6 - сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Тіркесті сөздер
Сабақтың мақсаты :

а ) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру, соған дәріптеу

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.

б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Жаздың бір күні

элементтерін қолдану : Қыстың мың күнін асырар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.


  1. Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді ?

2. Дара сөздер дегеніміз не ?

3. Күрделі сөздер дегеніміз не ?

4. Біріккен сөздер дегеніміз не ?

5. Қос сөздер дегеніміз не ?

6. Қысқарған сөздер дегеніміз не ?
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Екі я одан да көп сөздер тіркесіп келіп бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер тіркесті сөздер деп аталады.Бұлар мағынасы жағынан біріккен сөздер сияқты бір ұғымның атуы болып келеді,бірақ бір-бірінен бөлек жазылады.

Мысалы : боз торғай,сөз таптары,қара торы,үш жүз т.б.

Тіркесті сөздерге күрделі зат есімдер ( мәдениет сарайы,Алматы қаласы,ауыл шаруашылығы т.б. ) күрделі сын есімдер (қара кер,бидай өңді,ат жақты,ұзын бойлы т.б. )

Күрделі сан есімдер ( он үш,екі жүз,сексен бес т.б. ) күрделі үстеулер (күні бойы,ала жаздай,ертеден қара кешке дейін т.б. ) жатады.

Жаңа сабақты түсіндіргеннен кейін,жаттығумен жұмыс жүргіземін.


104-жаттығу. Араластырыла берілген түбір сөздерден біріккен сөздер жасаңдар.
Білімді бекіту : 1. Тіркесті сөздер дегеніміз не ? 2.Қысқарған сөздер дегеніміз не ?

3. Қос сөздер дегеніміз не ? 4.Бірккен сөздер дегеніміз не ?

5. Күрделі сөздер жасалу жолдарына қарай нешеге бөлінеді ?
Үйге тапсырма : 104-жаттығуды жазып келуге беремін.
Сабақ соңында оқушылардың білімдері бағаланады.

6– сынып Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Сөзжасамнан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты :
а) Сөзжасамның зерттейтін мәселелері сөздердің жаңа мағынаға ие болуы,түрлеп жолдарын түсіндіру.
ә) Практикалық білім дәрежелерін одан әрі кеңейту,оқушлардың ой - өрісін,сауаттылығын,тілін дамыту
б) Оқушыларды өзара сыйласымдыққа үйрету,табиғатты сүюге,елін құрметтеуге тәрбиелеуу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,плакат

Халықтық педагогика Ақылды адам-батпан-ақ,

элементтерін қолдану : Ақылсыз адам-сасқалақ.

Пәнаралық байланыс : әдебиет.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын иексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау
Үйге берілген жаттығуды тексеремін
1. Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді ? 2.Дара сөздер дегеніміз не ? 3. Күрделі сөздер дегеніміз не ?
4.Біріккен сөздер дегеніміз не ? 5.Қос сөздер дегеніміз не ? 6.Қысқарған сөздер дегеніміз не ?
7. Тіркесті сөздер дегеніміз не ? 8.Қос сөздер нешеге бөлінеді ? 9.Қысқарған сөздер нешеге бөлінеді ?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сөз түрлі бөлшектерден тұрады. Сөз бөлшектерінің өзіне тән белгілі бір мағынасы және қызметі болады. Мысалы : жолдастыққа деген сөз мынадай төрт бөлшектен тұрады : жол-дас-тық-қа.Бірінші жол бөлшегі «салған із» немесе «сапар» деген мағынаны білдірсе,оған –дос қосымшасы қосылған жолдас сөзі «серік» деген мағынаны беріп тұр. Бұл сөзге – тық қосымшасы жалғанып,адамдар арасындағы қатынас мағынасын білдіретін сөз жасалған. Соңғы – қа бөлшегі бұл сөзге жаңа мағына үстеп тұрған жоқ,басқа сөзбен байланыстыру қызметін атқарып тұр.

Сөйтіп,сөздің тұлғасы деген ұғымға түбір және қосымша деп аталатын бөлшектер кіреді.Сөз жалғыз бір түбірден де (мысалы,үй,әке,бала т.б,) қосымшалы түбірден де (мысалы; маңдай-ша,өнер-паз,біл-ім т.б. ) екі түбірден де )мысалы: некен – саяқ,жақсы-жаман ) құралады.

Сабақты түсіндіргеннен кейін жаттығумен жұмыс жүргіземін..



Білімді бекіту : 1.Сөзжасам дегеніміз не ? 2.Түбір дегеніміз не ?

3.Қосымша нешеге бөлінеді ?


4. Жұрнақ нешеге бөлінеді ? 5. Жалғау нешеге бөлінеді ?
Үйге тапсырма : 108-жаттығудағы күрделі сөздерді теріп жазып келуге беремін
6– сынып Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты :

а) Сөзжасамнан өтлген тқырыптарды пысықтау.Сөзжасамның зерттейтін мәселелерін түсіндіру

ә) Практикалық білім дәрежесін одан әрі кеңейту,оқушылардың ой - өрісін,сауаттылығын,тілін дамыту.

б) Оқушыларды өзара сыйласуға үйрету,табиғатты сүюге,туған жерін,елін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : өтілген тақырыптарды пысықтау

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,ой қозғау,топпен жұмыс т.б.

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,плакат

Халықтық педагогика Оқусыз білім жоқ

элементтерін қолдану : білімсіз күнің жоқ

Пәнаралық байланыс : әдебиет,биология,география,музыка т.б.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын иексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау

1. Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді ? 2.Дара сөздер дегеніміз не ? 3. Түбір дегеніміз не ?

4. Қосымша нешеге бөлінеді ? 5. Жұрнақ нешеге бөлінеді ? 6. Жалғау нешеге бөлінеді ?



б) Жаңа сабақты түсіндіру

Сөз



Сөз тұлғасы

 

Дара

Күрделі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет