Сабақтың тақырыбы: Қан топтары. Қан құю. Резус – фактор.
Сабақтың мақсаты: Қан топтары,қан құю,қан құрамындағы нәруыз резус – фактор туралы негізгі түсінік беру.
Сабақтың міндетті: Білімділік. Қан топтарының бір – біріне үйлеспеушілігін, агглютинация, резус – фактор туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын, сөйлеу қабілеттерін, дүниетанымын дамыту, танымдық қабілеті мен пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушы өзінің қан топтарын және резус – факторын біліп, өмірдегі қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кесте,диаграмма, деңгейлік тапсырмалар, слайдтар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, биологиялық диктант, тест, венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты сабаққа дайындау,оқу құралдарын,қатынасты тексеру.
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
1-тапсырма
«Меннен сұрақ – сізден жылдам жауап» ойыны.
Лимфа жүйесінің құрылысы қандай?
Лимфаның құрамы қандай?
Тәулігіне неше литр лимфа түзілу қалыпты?
Лимфоциттердің пішіні қандай?
Лимфоциттердің диаметрі неше?
Лимфа айналымы деген не?
Лимфа қозғалысы өте баяу минутына неше мм қозғалады?
Лимфа ағзасының жылдамдығы дене еңбегі кезінде неше есе артады?
Лимфа түйіндерінің мөлшері неше см-ге дейін жетеді?
Лимфа түйіндерінің пішіні қандай?
2-тапсырма
«Олжа» ойыны.
Кестеде кілт жасырынған оны табу үшін біз мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.
Организмнің ішкі ортасына не жатады?
Қан қандай ұлпаға жатады?
Ересек адамда неше литр қан болады?
Плазманың құрамында неше % су болады?
Эритроциттер қандай қызмет атқарады?
Лейкоциттер қандай қызмет атқарады?
Лейкоциттердің түрлерін атаң?
Фибриноген дегеніміз не?
Қан организмде қандай қызмет атқарады?
3-тапсырма
Венн диаграммасы
ІІІ.Жаңа тақырып.
Қан топтары. Қан құю. Резус – фактор.
Сабақтың жоспары:
Қан топтары.
К.Ландштейнер зерттеуі. Агглютинация.
Донор. Реципиент. Әмбебап донор, әмбебап реципиент.
Резус – фактор.
Адам қанының үйлесімдігі.
Қан тобы
|
Мынадай топқа қан беруге болады.
|
Мынадай топтағы қанды құюға болады.
|
I
|
I,II,III,IV
|
I
|
II
|
II,IV
|
I,II
|
III
|
III,IV
|
I,III
|
IV
|
IV
|
I,II,III,IV
|
Қан топтарының таралуы.
40%
40%
10-14%
6%
І ІІ ІІІ ІV
«Сөздіктер сыр шертеді»
1.Агглютинация-эритроциттердің бірігіп қалуы.
2.Донор- өз еркімен қан беретін адам.
3.Реципиент-донордан қан алатын адам.
4.Әмбебап донор- І топтағы қанды кез-келген топтағы адамға құюға болады.
5.Әмбебап реципиент-ІV топ адамға барлық төрт топтағы қанды құюға болады.
IV. Сабақты бекіту.
Биологиялық диктант.
1.Эритроциттердің бірігіп қалуын ••• деп атайды. 2. ••• дегеніміз өз еркімен қан беретін адам. 3. ••• донордан қан алатын адам. 4. Қаны І топты адамды ••• деп атайды. 5. Қаны IV топтағы адамды ••• деп атайды. 6. Резус – фактор – ерекше ••• зат.
1.Әмбебап донор, 2. әмбебап реципиент 3.агглютинация 4.донор. 5. Реципиент. 6.нәруыздық.
Достарыңызбен бөлісу: |