Сабақтың мақсаты: Антибиотиктерді сапалық реакциялар арқылы анықтаудың практикалық дағдыларын меңгеру


Зертханалық жұмысқа бақылау сұрақтары



бет3/3
Дата24.12.2021
өлшемі87,53 Kb.
#128548
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
14 зертханалық жұмыс БТ 18-03
100 Туториал продвинутого игрока в башне
Зертханалық жұмысқа бақылау сұрақтары:

1. Антибиотиктерді алу әдісі бойынша жіктеуге сәйкес антибиотиктер тобын атаңыз.

Алу жолы

Продуцент

Антибиотиктер

Табиғи

-батериялар

-актиномицеттер

-саңырауқұлақтар


  • Грамицидин С,

  • Полимиксин,

  • Стрептомицин,

  • эритромицин,

  • тетрациклин,

  • Бензилпенициллин,

  • цефалоспориндер

Жартылай синтетикалық

табиғи антибиотиктер молекулаларының модификация өнімдері

  • Оксациллин,

  • Ампициллин,

  • гентамицин,

  • Рифампицин және т.б.

Синтетикалық

химиялық синтезделген табиғи антибиотиктердің аналогтары

  • Левомицетин,

  • амикацин

2. Әрекет спектрі бойынша антибиотиктердің жіктелуін беріңіз.

Антибиотиктер әсер ету спектрі бойынша бөлінеді:



  • Тар спектрлі антибиотиктер:

а) негізінен грам-позитивті флораға әсер ететін: пенициллиндердің 1-ші және 2-ші буыны, цефалоспориндердің 1-ші буыны, макролидтер және линкомицин, стероидтар - фузид қышқылы (натрий фузидин);

б) негізінен грамтеріс флораға әсер ететіндер: полимиксиндер, пенициллиндердің 4-ші буыны (уреидопенициллиндер).



  • Кең спектрлі антибиотиктер: тетрациклиндер, аминогликозидтер, левомицетин тобы, пенициллиндердің 3 буыны, цефалоспориндердің 2 және 3 және 4 буындары, грамицидин.

  • Саңырауқұлаққа қарсы антибиотиктер: полиендер, гризеофулвин және т.б.

Әсер ету спекторы: А,В,С топтарындағы стрептококктар, пневмококктар, теріс кокктар, гонококктар, менингококктар, анаэробты клостридилер,бозғылт спирохета, оба таяқшасы. Табиғи пенициллиндер стафилакокктарға әсер етпейді, себебі олар пенициллинді жоятын бета-лактамаза пенициллиназа ферментін түзеді.

3. Қандай жағдайларда тар спектрлі антибиотиктерге артықшылық беріледі?

Мүмкіндігінше кең спектрлі антибиотиктерге қарағанда тар спектрлі антибиотиктерге басымдық беріледі, өйткені организмдердегі белгілі-бір нақты мүшелерге тиімді және дәл бағытталады, сондай-ақ жанама әсерлерді тудырмайды.



4. Бета-лактамды антибиотиктер тобына жататын антибиотиктерді атаңыз?

Бета-лактамды антибиотиктерге:

пенициллиндер,

• монобактамалар,

• карбапенемдер

• цефалоспориндер жатады.

Бұл антибиотиктердің кейбіреулері табиғи шыққан, ал басқалары жасанды жағдайда синтезделген. Табиғи және синтетикалық бета-лактамдар ұқсас құрылымға ие: осы заттардың молекулаларында бета-лактам сақинасы бар. Бұл қасиет скринингте ыңғайлы, осы антибиотиктердің мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Пенициллиндер-Penicillinum зең колониялары шығарады;

Цефалоспориндер-пенициллиндерге ұқсас құрылымға ие. Пенициллинге төзімді бактерияларға қатысты қолданылады.

Карбапенемдер-құрылымы пенициллиндер мен цефалоспориндерге қарағанда лактамазаларға төзімді, бұл әсер ету спектрін едәуір кеңейтеді.



Монобактамдар — бүгінгі таңда топтың жалғыз өкілі Азтреондар-аэробты грам-теріс бактерияларға қарсы селективті спектрі бар .

5. Бета-лактамды антибиотиктер тобының атауы немен байланысты?

Бета-лактамды антибиотиктердің молекулаларында бета-лактам сақинасы болады. Осыған байланысты атаулары айтылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет