Тақырып бойынша спикерге қосымша ақпарат: Балалардың онлайн ойындарға тәуелділігінің түрлері:
* виртуалды байланыс және виртуалды танысу үшін онлайн ойындарға тәуелділікпен көп көлемде хат алмасуы бар әлеуметтік желілердегі таныстар мен достарға артышылық беру тән.
* ойынға тәуелділік – бұл әлеуметтік желілердегі ойындарына деген құштарлық.
* қаржылық қажеттілік, онлайн құмар ойындар ойнауға байлану, интернет-дүкендерде қажетсіз сауда жасау.
Әлеуметтік желілердегі онлайн ойындардағы тәуелділік баланың желіде болуға деген ұмтылысымен сипатталады. Осы тәуелділікке байланысты бала отбасымен және достарымен уақыт өткізгісі келмейді, уақытында ұйықтамайды, оқуға ынтасы болмайды немесе сабаққа барғысы келмейді. Егер баланың ойынға қызығушылығы арта түссе, бала өзінің сыртқы келбетін бақылауды қояды, басқалардың компьютерден алшақтау болу туралы өтініштеріне агрессивті түрде жауап бере бастайды.
Талқылауға арналған сұрақтар: – Кім кінәлі?
– Егер бұл жағдай жалғаса берсе не болады?
– Қалай шешуге болады?
Компьютерлік тәуелділік – бұл гаджетті пайдаланудағы ойдан шықпайтын қажеттілік. Неліктен жасөспірім келесідей әрекет ете бастайды:
Бала бос уақытын ғаламдық желіде бұрынғыға қарағанда көбірек өткізеді. Оны бұл әрекеттен ажырату қиын.
Әр минут сайын «онлайн» болу қажеттілігі.
Әлеуметтік желілер мен онлайн ойындарды үнемі тексеріп отыруға деген ұмтылыс.
Туған адамдары мен достары баланы қуантпайды. Виртуалды қарым-қатынас шынайы қарым-қатынасты ығыстырады.
Сіз гаджетті алып қойсаңыз, ол өзінің немен айналысатынын білмейді, көңіл-күйі күрт нашарлайды және күшінің төмендеуі байқалады. Жасырындық пайда болады.
Баланың күн тәртібі, түнде ұйықысы бұзылады.
Үй шаруасындағы өзінің тікелей міндеттерін орындаудан қалады: қоқыс шығарғысы келмейді, ыдыс жуғысы келмейді, заттарын шкафқа салғысы келмейді.
Оқушының оқу үлгерімі төмендейді, оның көңілі бөлініп, зейіні төмендейді.