.
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 117-130.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 290 - 314.
Тестовые задания по патологической физиологии / под ред Т.П. Ударцевой и Н.Н.Рыспековой – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- С. 229 - 243
Қосымша
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, 366-400.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 586-623.
Pathologic basis of disease. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 269-339.
Долгих В.Т. Опухолевый рост.- М.: Медицинская книга. –2001. -81с
Лихтенштейн А.В., Шапот В.С. Опухолевый рост: ткани, клетки, молекулы // Патологическая физиология и экспериментальная терапия.-1998. - № 3.- С.25-44
БАҚЫЛАУ
Орындалған тапсырмаларды тексеру
Тест тапсырмалары – патофизиология пәнінен сынамалық тапсырмаларды қараңыз. Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 229-242
№ 6 тақырып. № 2 Мерзімдік бақылау
Мақсаты:
Студенттердің біртектес дерттік үрдістер бойынша білімін бағалау;
Оқыған тақырыптар бойынша білімі мен үйренген дағдыларын бекіту
Студенттердің білімін тексеру сұрақтары:
Организмдегі су балансы бұзылыстарының түрлері. “Сумен улану” туралы түсінік, себептері, даму механизмдері. Шемен туралы түсінік.
Ісінулер, анықтамасы. Ісінудің нейроэндокриндік және гемодинамикалық патогенездік факторларының сипаттамасы.
Ісінудің онкотикалық, тамырлық, тіндік патогенездік факторларының сипаттамасы.
Организмнің судың басымырақ тапшылығы салдарынан сусыздануы, себептері, патогенезі. Сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.
Организмнің электролиттердің басымырақ тапшылығы салдарынан сусыздануы, себептері, патогенезі. Сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.
Гипер- және гипокалиемия, гипер- және гипонатриемия, гипер- және гипокальциемия себептері, салдарлары.
Газдық ацидоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.
Газдық емес ацидоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.
Газдық алкалоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.
Газдық емес алкалоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.
Гликоген түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары, себептері, патогенезі. Гликогеноздар туралы түсінік.
Сүт және пирожүзім қышқылдарының қанда көбеюі, патогенезі, салдарлары.
Гипогликемия, себептері. Гипогликсмиялық команың патогенезі
Гипергликемия, түрлері, даму жолдары. Глюкозурия, түрлері, патогенезі.
Қантты диабет. Инсулиннің бездік және безден тыс жеткіліксіздігі, даму жолдары. І және ІІ түрлі қантты диабет туралы түсінік.
Диабеттік синдром, диабеттік синдромның әрбір симптомдарының патогенезі. Диабеттік кома, түрлері, патогенезі. Микро- және макроангиопатиялардың патогенезі.
Нәруыздардың түзілу және ыдырау үрдістерінің бұзылыстары. Организмнің азоттық тепе-теңдігі туралы түсінік, түрлері, патогенезі. Гиперазотемиялар, түрлері, патогенезі.
Гипопротеинемия, анықтамасы, себептері. Организмдегі салдарлары. Гиперпротеинемия, түрлері, себептері. Дис- және парапротеинемия туралы түсінік.
Организмге майдың артық және жеткіліксіз түсуі. Майдың сіңірілуімен тасымалдануының бұзылыстары. Семіру, түрлері, даму жолдары.
Холестерин алмасуының бұзылуы. Атеросклероз, сатылары, патогенезі, алдын алу мен емдеу ұстанымдары.
Ашығу, түрлері. Сумен толық ашығудың түрлері. Ашығу кезіндегі зат алмасу бұзылыстарының патогенезі
Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі. Экзогендік гипоксия, түрлері, патогенезі. Тыныстық және қанайналымдық гипоксия, себептері, патогенезі.
Гемдік және тіндік гипоксия, себептері, патогенезі.
Гипоксия кезінде организмдегі өзгерістер, тез және ұзақ мерзімдік қорғаныстық әсерленістер.
Қызба, анықтамасы, этиологиясы. Экзогенді және эндогенді пирогендік заттар, сипаттамасы. Қызба кезінде температураның көтерілу патогенезі.
Қызбаның сатылары. Термореттелудің өзгерістері және қызбаның әр сатыларындағы клиникалық көріністері, олардың патогенезі.
Қызба кезінде физиологиялық жүйелер (жүйке, жүрек-қантамыр, тыныс, асқорыту, несеп шығару) қызметтер мен зат алмасу өзгерістері.
Қызбаның организм үшін жағымды және жағымсыз жақтары. Қызуды түсіретін емнің патофизиологиялық ұстанымдары. Пиротерапия туралы түсінік. Ысынудың қызбадан айырмашылығы.
Аллергия анықтамасы. Аллергияның этиологиясы, экзо- және эндо аллергендер. Джелл және Күмбс бойынша аллергиялық серпілістердің жіктелуі.
Аллергиялық әсерленістердің реагиндік түрі, сатылары, патогенезі.
Аллергиялық әсерленістердің цитотоксиндік түрі, сатылары, патогенезі.
Аллергиялық әсерленістердің иммундық-кешендік түрі, сатылары, патогенезі.
Аллергиялық әсерленістердің жасушалар қатысуымен өтетін түрі, сатылары, патогенезі.
Сенсибилизация және гипосенсибилизация туралы түсінік, түрлері, даму жолдары.
Аутоиммундық аурулар туралы түсінік, патогенезі.
Өспелер анықтамасы, түрлері. Өспелердің атипиясы туралы түсінік. Өспе жасушаларының өсу мен көбею және морфологиялық атипиясының сипаттамасы.
Өспелердің атипиясы туралы түсінік. Өспе жасушаларының биохимиялық атипиясының сипаттамасы.
Өспе жасушаларының антигендік және функционалдық атипиясының сипаттамасы.
Қатерлі өспелердің биологиялық ерекшеліктері (инфилтрациялық өсуі, метастаз беруі, қайталануы), патогенезі.
Өспелердің пайда болуында химиялық (экзогендік және эндогендік), физикалық және биологиялық факторлардың маңызы.
Өспе өсу патогенезі (инициация, промоция, прогрессия сатылары).
Қатерлі өспелердің организмге тигізетін әсерлері. Өспе кезіндегі кахексия, патогенезі. Паранеопластикалық үрдістер туралы түсінік.
Өспеге қарсы организмнің төзімділігі (антиканцерогендік, антитрансформациялық, антицеллюлярлық). Өспелерді емдеу ұстанымдары.
Ситуациялық есептерді шешу. «Бақылау -өлшегіш» бөлімін қараңыз, есептер №№ 12-23; 27 -32; 34-37, 40-45
беттің беті
Достарыңызбен бөлісу: |