Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтайсыз. 2-слайд



Дата08.02.2023
өлшемі37,89 Kb.
#167911
түріСабақ
Байланысты:
8сабақ. Қазақтардың 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі


Сқақ Дәмегүл Әбдірахманқызы
Қазақстан тарихы

Уақыт

Спикер мәтіні

Қолданылған видео, жазба, таныстырылым слайдтары

14 минут

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!







Бөлім: Қазақстан Ресей империясының құрамында




00:00-
01:00

Сабағымыздың тақырыбы: Қазақтардың 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі
(1-сабақ)



1-слайд




Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтайсыз.

2-слайд

00:01-
01:02

XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар бойынша қазақ халқының құқықтары тым шектелінді. Мұның өзі қазақтардың тарапынан қатты наразылық пен қарсы әрекеттер тудырды.



3- слайд

00:02-
02:03

Қазақтар патша үкіметінің реформаларына ашықтан-ашық күшті наразылық танытты. Үкіметке қарсы көтеріліс жасайтын жағдай пісіп-жетіліп келе жатты. Көтеріліс күтпеген жерден бұрқ ете қалып, 1868 жылдан 1869 жылға дейін созылды. Ол отаршылдыққа қарсы айқын сипат алды. Көтерілістің басы-қасында ірі рубасылары жүрді. Қазақтар үкіметтің жіберген комиссияларын қабылдамады. Көтерілісшілер үкімет билігіне бағынудан үзілді-кесілді бас тартты. Халық қарулана бастады. Олар басқарудың жаңа ережелерін енгізуге, елді Ресей шенеуніктерінің басқаруына ашықтан-ашық қарсы болды. Ежелгі ескі тәртіпке қайтып
оралуды талап етті.



4-слайд

00:04-
04:05

Ашу қысып, зығырданы қайнаған елді басу үшін патша үкіметі бұрынғы ел билеген сұлтандарды араға салып көрді. Бірақ халық олардың сөзіне құлақ аспады. Қайта олардың өзін елдің көзінше масқара етті. Енді үкімет билігі мұсылмандардың Уфа губерниясындағы діни басшылығына қолқа салды. Халық арасында енгізіліп жатқан жаңа тәртіп қазақтарды шоқындырады, әскер қатарына алып, алым-салық түрлерін еселеп арттырады екен деген қауесет тарап кетті.
Жаңа ереженің қағазға басылған нақты нұсқалары болған жоқ. Қазақ даласына үсті-үстіне жіберіліп жатқан комиссиялар оны ауызекі түрде айтып түсіндіре алмады.



5-слайд

00:05-
05:06

Әуелі Орал облысында басталған толқу бірте-бірте Реформалардың мәні көршілес Торғай облысын да қамтыды. Қазақтардың мен халық арасын 600-700 адамнан тұратын жасақтары ауыл-ауылды да тараған аралап, патша үкіметінің әкімшілігіне бағынбауға, басқарудың жаңа тәртібінен бас тартуға шақырды.
Қазақтарды бейбіт жолмен тыныштандырудың сәті түспеді, ол ешқандай нәтиже бермеді.
Мамыр айында Жайық бойындағы қазақ даласына жазалаушы әскери отрядтар жіберілді. Олардың құрамында жалпы саны 1700 солдат, бірқатар зеңбірек болды. Әскери қақтығыс орын алып, қантөгіске ұласты.



6-слайд

00:06-
06:07

1868 жылдың мамырында қазақтар Жамансай деген жерде фон Штемпельдің құрамында 200 солдаты бар жаяу әскер ротасына шабуыл
жасады. 20 мыңға жуық қазақ оларды, яғни жазалаушы отрядты жеті күн бойы қоршап, тырп еткізбеді. Сөйтіп, жемшөбі мен азық-түлігі қалмаған жазалаушылар кері қайтып кетуге мәжбүр болды. Юрковский бастаған
жазалаушы әскер де Орынбор шегара шебіне шегініп кетті.

7-слайд

00:07-
07:08

1868 жылғы маусымның бас кезінде Орал облысындағы көтеріліс өзінің шырқау шегіне жетті. Қарапайым көшпелі халықтың ашу-ызасы енді жергілікті ақсүйектерге де қарсы бағытталды. Жаңа ережені қабылдауға келісім берген ақсүйектердің ауылдарына шабуыл ұйымдастырылды. Торғай мен Орал облыстарындағы көтерілістің кеңінен өрістеуі
патшалық Ресейдің жергілікті әкімшіліктерін ғана емес, оның орталық үкіметінің де мазасын кетіріп, үрейін ұшырды. Сондықтан да оны аяусыз басып тастау үшін патша үкіметі Петербургтен, Мәскеуден, Харьковтан және Қазаннан жалпы саны 5 мыңға жуық солдаты бар жазалаушы әскер жіберді. Соның ішінде Орал облысында подполковник Рукин мен Веревкин бастаған жазалаушы әскерлер жойқын қимыл көрсетті. Көтеріліс біртіндеп әлсірей бастады.

8-слайд

00:08-
08:09

Жаңа ереже енгізілгеннен кейін Маңғыстау түбегіндегі адайларда жер мәселесі қатты шиеленісіп кетті, 1870 жылдың наурызында Маңғыстау приставы подполковник Рукин құрамында 38 казак солдаты, 4 зеңбірегі бар әскери жасағын бастап және беделді деген рубасыларын ертіп, Құрып деген жерде Хиуаға қарай көшіп бара жатқан ауылдардың алдынан шықты. Оның бұл қылығы қазақтардың көтеріліске шығуына түрткі болды. Бозашы деген жерде Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы 200-ге жуық қарулы қол жинады. Кескілескен шайқас басталып кетті. Көп ұзамай Рукин бастаған әскери жасақ тас-талқан болып жеңілді. Жаралы болған Рукин өзін-өзі атып өлтірді. Бұл жеңіс көтерілісшілердің рухын көтеріп, оларды жігерлендіре түсті.



9-слайд

00:09-
09:10

Көтеріліс Маңғыстау түбегін түгел қамтыды. Александровск фортының және Николаев станицасының балықшылары жұмысқа шықпай, жаппай наразылық білдірді. Қайықтарды тартып әкету басталды. Сарытау
шығанағында тартып алынған қайықтардан қазақтар өздерінше флотилия құрып алды. Кейінірек ол флотилия Александровск фортын қоршауға қатысты. Көтеріліске қатысушылардың саны 10 мың адамға жетті. 1870 жылдың сәуірінде көтерілісшілер Александровск форты мен Николаев станицасына шабуыл жасады. Олар форттың маягын өртеді және Нижнее бекінісін қиратты. Алайда зеңбіректің үсті-үстіне жарылған сна-
рядтарына шыдай алмай, кейін шегінуіне тура келді. Көтеріліс жергілікті отаршыл өкімет билігінің ғана емес, сонымен қатар орталық үкіметтің де зәресін ұшырды. Осы кезде Англияның Ирандағы ықпалы едәуір күшейе түскен еді. Патша үкіметі Хиуа хандығына қарсы шабуыл жасау мақсатымен өз әскерін Красноводск төңірегіне шоғырландыра бастады. Маңғыстаудағы көтеріліс орталығы олардың ту сыртында қалды. Ондағы көтерілісті басу Кавказдағы аймақтың бастығына жүктелді. Сөйтіп, мамыр айының аяқ кезінде Кавказдан Маңғыстауға әскер күші жеткізілді. Адай-қазақтардың жан аямай қарсы тұрғанына қарамай, көтеріліс жеңіліске ұшырады, күшті қаруланған тұрақты әскерлерге төтеп бере алмады. Патша әскерлері көтерілісшілерді жазалау үшін оларды барлық жерден тіміскілеп іздестірумен болды. 1873 жылы адайлардың кезекті жаңа көтерілісі бұрқ ете түсті. Бұл көтеріліс те жеңіліске ұшырады.

10-слайд

00:10-
10:11

Көтерілісшілер жеңліс тапты. Өйткені көтеріліс жергілікті тар көлемдегі сипатта болды. Қазақтар түгел бас қосып, біртұтас майдан аша алмады. Көтерілісшілердің қару-жарағы нашар еді. Олар негізінен қылышпен, айбалтамен, найзамен, садақпен қаруланды. Оқ ататын мылтық жетіспеді. Оқ-дәрі де тапшы болды. Рубасыларының бір бөлігі көтерілісшілерді қолдамады. Бұл кезде патшалық Ресей Қазақстанды барлық жағынан бірдей әскери бекіністермен құрсап, қоршап алып үлгерген еді. Патша үкіметінің әскерлері Маңғыстауда үш ай бойы тұрып алды. Жергілікті өкімет билігі көтерілісшілерді қатаң жазалады. Кавказ әскери әкімшілігі Маңғыстауда қалған 8 мың үйден түтін салығын және басқа да алымдарды - барлығы 58 мыңдай сомды жинап алды. Оның үстіне,
адайлар 90 мың қой мөлшерінде контрибуция (соғыс шығындарын өтеу)төлеуге мәжбүр болды.

11-слайд

00-11
11-12

Көтерілісшілерге барынша қатаң шаралар қолданылды. Реформа енгізуге наразы болғандар Қазақстан аумағынан тыс жаққа жер аударылды. Мәселен, Торғай облысының бір өзінен ғана 1880 жылы 500 адам, ал 1890 жылы 3 мыңға жуық адам жер аударылды.
Көтерілістің басшылары 1870 жылдың желтоқсанында ағайын-туыс жақтастарымен Хиуа хандығының аумағына өтіп кетті. Сүлтан Ханғали Арыстанұлы бастаған 57 мыңға жуық
қазақ осылай істеуге мәжбүр болды.
Патша үкіметі орыс шаруаларын қаруландыруды күшейтуге көшті. Мәселен, 1892 жылдан 1901 жылға дейін бір ғана Жетісу жеріндегі орыс шаруаларына 9 мыңнан астам мылтық берілді. Мұның өзі жергілікті халық пен қоныс аударып келген орыс шаруалары арасындағы қарым-қатынастың нашарлауына алып келді.



12-слайд




Халық арасында жаңа толқулар туып кетеді деген қауіппен, олардың алдын алу үшін XIX ғасырдың соңында патша үкіметі Қазақстанда құпия мәліметтер жинап тұратын жалдамалы агенттер тобын құрды. «Өте сенімді» деген қазақтардан әр уезден екі жансыз жасырын тағайындалды. Олар жергілікті халықтың көңіл күйі туралы патша үкіметіне қажетті құпия мәліметтер жинаумен айналысты.

13-слайд

00-12
12-13

1-тапсырма



Ақпарат

Торғай, Орал көтерілістері



Маңғыстау
көтерілісі

1

Өткен жылдары







2

Қамтыған аумағы







3

Қозғаушы күші







4

Жазалаушы топтар







5

Негізгі оқиға, шайқастар









6

Нәтижесі мен салдары










14-слайд






Ақпарат

Торғай, Орал көтерілістері



Маңғыстау
көтерілісі

1

Өткен жылдары

1868-1869 жылдар



1870 жыл



2

Қамтыған аумағы

Орал, Торғай облысы



Маңғыстау түбегі



3

Қозғаушы күші

Жергілікті қазақтар, рубасылар



Жергілікті адай руы



4

Жазалаушы топтар

Юрковский, Рукин, Веревкин



Рукин, Кавказ әскери күші



5

Негізгі оқиға, шайқастар



Жамансай, Жайық бойы



Бозашы, Николаев станицасы, Александровск форты,Нижнее бекінісі



6



Нәтижесі мен салдары

Жеңіліске ұшырады, көтерілісшілерді аяусыз жазалады.



Жеңіліс тапты, көтерілісшілер Хиуа хандығына өтіп кетті. Салық, соғыс шығыны өтелді




15-слайд




2-тапсырма
Қазынагерлік жүйедегі борыштар туралы сандарды өз орнына қойыңыз.
Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы қазақтар ... сомнан, ал Түркістан генерал-губернаторлығындағы қазақтар ... сом ... тиыннан төлеп келді. Мал санағы ... жылда бір рет өткізілді.









Жауабы:
Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы қазақтар 3 сомнан, ал Түркістан генерал-губернаторлығындағы қазақтар 2 сом 75 тиыннан төлеп келді. Мал санағы 3 жылда бір рет өткізілді.






00:13-
13:14

Сабағымызды қорытындылайтын болсақ, қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтадық. XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар бойынша қазақ халқының құқықтары тым шектелінді. Мұның өзі қазақтардың тарапынан қатты наразылық пен қарсы әрекеттер тудырды.
Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.



16-слайд


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет