Сабақтың мақсаты: Қазақстанның қалалары туралы мәлімет беру, қалалар жайлы айта білуге, картамен жұмыс істеуге үйрету



Дата21.07.2020
өлшемі15,72 Kb.
#63517
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қалалары

Сабақтың мақсаты:

1. Қазақстанның қалалары туралы мәлімет беру, қалалар жайлы айта білуге, картамен жұмыс істеуге үйрету;

2. Сөздік қорын, ауызекі сөйлеу тілін, сауаттылығын арттыру, грамматикадан алған білімдерін жетілдіру, есте сақтау қабілетін дамыту;

3. Еліміздің бас қаласы –Астананың тарихи орыны туралы тәрбиелік мәндегі әңгіме өткізу.



Көрнекілік: Қазақстан картасы, қалалар туралы слайд, суреттер, қала аттары.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Бір-біріне тілек айтқызу

2. Үй тапсырмасын тексеру

Қазақстанның қандай көлдері бар?

Сұрақ-жауап әдісі:



  • Қазір қандай жыл мезгілі?

  • Қыс айларын ата.

  • Қазір қай ай?

  • Қыста қандай мерекелер бар?

  • 1 желтоқсан қандай мереке?

  • 16 желтоқсан қандай мереке?

  • Биыл Тәуелсіздікке неше жыл болды?

Жаңа сабақ:

5 тапсырма.Ойлан, тап. (1 слайд)

Балалар бұлар нелер? Ненің аттары?

Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы Қазақстанның қалалары.



Дәптермен жұмыс.

Қалалардың аттарын жазу.

Тағы қандай қалаларды білесіңдер? Картамен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс.


  • 97 бет, 1 тапсырма (оқу)

  • 2 тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

Балалар, Қазақстанда қалалар көп, бүгін біз сендермен Қазақстанның астанасы – Астана қаласына сапар шегеміз, онда поезд, ұшақ және автобуспен барамыз, ол үшін біз билет алуымыз керек. (слайд)

Автобус (сарғылт) 1 деңгей

  1. Елбасы кім?

  2. Менің Отаным -.............

  3. Қазақстанның табиғаты қандай?

  4. «Родина» сөзінің аудармасы

Поезд (жасыл) 2 деңгей

Аудар- переведи



  1. Родная земля

  2. Кішкентай көл

  3. Красивый город

  4. Тәуелсіз мемлекет

Ұшақ (қызыл) 3 деңгей

  1. Қазақстан қандай мемлекет?

  2. Қазақстанда неше облыс бар?

  3. Үлкен қалаларды ата (назови)

  4. Қазақстанда неше? (сколько?) теңіз бар?

Ал балалар билет алдық, енді Астанаға жол тартамыз. (слайд)

Балалар сонымен біз Астанаға саяхат жасадық, енді бой жазып, сергіту жасайық



Сергіту сәті

  • Астанада немен таныстық, не көрдік?

(Сөздерге көптік жалғауын жалғау)

  • Есіл сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  • Қала сөзімен сөйлем құру.

Жұптық жұмыс

Диалог құру

Балалар біз сендермен бүгін Қазақстанның қалаларымен таныстық, енді өзіміз тұратын қаламыз туралы әңгімелесейік.


  • Сен қай облыста тұрасың?

  • Қай қалада тұрасың?

  • Көкшетауда нелер бар?

Сөзжұмбақты шешу

Үйге: 98 бет, 4 тапсырма



Бағалау:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет