Алынған мағлұматтардың деректері
№
|
Көрсеткіштер
|
Анықтау
|
біріншісі
|
екіншісі
|
1
|
Азық сынамасы салынған пробирка салмағы, г
|
|
|
2
|
Бос пробирка салмағы, г
|
|
|
3
|
Азық сынамасының салмағы, г
|
|
|
4
|
Қабылдау колбасындағы 0,1н күкірт қышқылының мөлшері, мл
|
|
|
5
|
Артық қышқылды титрлеуге кеткен 0,1н сілтінің мөлшері, мл
|
|
|
6
|
Аммиакпен байланысқан 0,1н қышқыл мөлшері,мл
|
|
|
7
|
Азық сынамасындағы азот салмағы, %
|
|
|
8
|
Азықтағы азот мөлшері, %
|
|
|
9
|
Азықтағы «шикі» протеин мөлшері, %
|
|
|
Студенттің өзіндік жұмыстары:
1. «Шикі» протеинді анықтап есеп шығару
Бақылау сұрақтары:
«Шикі» протеин дегеніміз не?
«Шикі» протеинді анықтаудың қай әдісімен таныстыңдар?
Қолданылатын әдебиеттер:
1. А.Ахметов., Ж.Жалғабаева Мал азықтандыру. Оқу құралы. Алматы, 2019
2. А.Егеубаев, Қ.Ахметов «Азық қоректілігін бағалау және мал азықтандыру».Алматы, 2011
III БӨЛІМ
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
№1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
АЗЫҚТЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Сабақтың мақсаты: Азықтардың химиялық құрамымен танысу. Азықтардың құрамындағы қоректі заттардың қорытылғыштық дәрежесін жай, күрделі инерттік-индикатор тәсілі арқылы анықтауды меңгеру. Қорытылу коэффициентін есептеу үйрету. Алынған мәліметтер бойынша азықтардың қоректілігін анықтау.
Сабақтың мазмұны: Мал азығының қоректілігі химиялық құрамымен байланысты өзгереді. Әр түрлі жемшөптің құрамы, яғни ондағы мал қорегіне қажет қоректік заттар мен қосындылардың шоғырлануы әр түрлі және әр көлемдік болғандықтан, олардың қоректілігі мен құнарлылық қасиеттері де алшақтанады. Сондай-ақ, жемшөп құрамы өскен жер топырағының құнарына, ауа-райының табиғи климаттық жағдайына, өсіру агротехникасына, қолданылған тыңайтқыштарға және сол секілді көптеген жағдайларға байланысты өзгереді.
Сондықтан азық қоректілігін бағалау үшін алдымен оның химиялық құрамын анықтап, ондағы энергетикалық қоректік, минералдық, витаминдік т.б. биологиялық маңызды заттарының көлемін білу керек.
Азықтың химиялық құрамы олардың толық құндылығын дәлелдей алмайды. Бұл көрсеткіш азықтарда қанша және қандай қоректік заттардың шоғырланғанын көрсетеді. Өйткені азық құрамында химиялық заттар бірдей болғанмен, олардың қорытылу дәрежесі және қоректілігі әр түрлі болады. Жақсы қорытылатын азықтардың қоректік заттары толығымен сіңіріліп, организмге көбірек пайда келтіреді, осының нәтижесінде малдан алынған өнім молая түседі.
Сондықтан қажетті азықтардың химиялық құрамын, ондағы қоректік заттардың көлемін білумен қатар, олардың қорытылғыштық дәрежесін де есте ұстаған жөн. Азықтардың қоректік дәрежесін анықтайтын әдістердің бірі олардың қорытылғыштық қасиеті.
Азықпен жеткізілетін қоректік заттар мөлшері, олардың химиялық құрамымен байланысты
Сондықтан азық қоректілік құндылығының алғашқы көрсеткіші оның химиялық құрамы болып табылады. Шаруашылықтағы жемшөптің химиялық құрамы арнайы алынған орташа үлгісін зерттеу арқылы анықтайды, ал ондай мүмкіншілік болмаған жағдайда қажетті азықтар құрамын арнайы анықтамалықтардан алады.
Достарыңызбен бөлісу: |