Өзін-өзі тану 4 «Ә» сынып 5.02.18 Тақырыбы: Мейірімділік – асыл қасиет Сабақтың мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту; Мейірбандыққа тәриелеу. Көрнекі құралдар:бейнебаян , оқулық, суреттер.стиерлер Шаттық шеңбері: Балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Балалар ортаға шеңбер құрып тұрып, Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату-тәтті достарым мейірімді Рахмет, орындарыңа жайғасыңыздар Ал енді, оқушылар өзін-өзі тану пәніндегі 5 «Т» ережесін қайталап еске түсірейік .