Ойын – тренинг “Қайырымдылық планетасы”.
Балалар, қолдарыңды алдыға созып, алақандарыңды үстіге қаратып, көздеріңді жұмыңдар. Мен айтқан нәрсені көз алдыларыңа елестетіңдер.(Әдемі әуен қойып қоюға болады)
Өз қиялдарыңда қайырымдылық планетасын жасаңдар, оны алақандарыңа қондырыңдар, әдемі әуен, жылылық сезінесің, барлық жақсылықтарды, көтеріңкі көңіл-күйді оймен осы планетаның ішіне орналастыр, ал ол планетаны өз жүрегіңе орналастыр.
қайырымдылық пен жақсылықтың саған қандай күш беретінін сезін. Ол саған қуаныш сыйлайды.