Жаңа сабақтың мақсатымен ,тақырыбымен таныстыру: - Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. - Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс-қимылынан табуға болады. Мейірімді адамды барлығы жақсы көреді. Енді сіздердің назарларыңызға мына бейнебаянды ұсынғым келіп отыр . Мұқият назар салып отырсаңыздар. (Бейнебаян қосылады.) Жаңа ақпарат: - Бейнебаянды көріп отырып қандай сезімде болдыңыз? - Балалардың жасағандары дұрыс па? - Мейірімділікті қалай көрсетуге болады? - Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?