Мұғалім: Балалардың жауаптарын түйіндеу: - Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады. Дәйексөз: Тақтаға «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қою. - Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да адамды да дүниеге әкелуші ана дейді. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолымызда. -Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?