30 мин
Жаңа сабақ түсіндіру
Саралау тәсілі «Диалог және қолдау көрсету».
(Оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қойылып, сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру)
|
Келісемін
|
Келіспеймін
|
Қорытынды
|
Квадрат теңдеуде айнымалының үлкен дәреже көрсеткіші екіге тең болады
|
+
|
|
|
ax2 +bx + c = 0, мұндағы х – айнымалы, a, b, c кез келген сандар және
( a ≠0 ) түріндегі теңдеу квадрат теңдеу деп аталады
|
+
|
|
|
Егер ax2 + bx + c = 0
( a ≠ 0 ) квадрат теңдеуінде
b=0, онда ол толымсыз квадрат теңдеу болады
|
+
|
|
|
с=0, онда ол толымсыз квадрат теңдеу болады
|
+
|
|
|
b=0 және с=0, онда ол толымсыз квадрат теңдеу болады
|
+
|
|
|
a =1 болса, онда ол келтірілген квадрат теңдеу болады
|
+
|
|
|
ax2 + b=0, мұндағы a ≠ 0, теңдеуінің әр түрлі екі түбірі болады
|
+
|
|
|
ax2 + с=0, мұндағы a ≠ 0, теңдеуінің әр түрлі екі түбірі болады
|
+
|
|
| Белсенді оқыту әдісі: «Келісемін-келіспеймін» әдісін қолдану.
Нұсқау: Оқушыларды ойлау қызметіне жылдам араластыру үшін және жаңа тақырыпты игеруге бірітіндеп көшу мақсатында қолданылады.
Квадрат теңдеу және оның түрлері ұғымын енгізгеннен кейін толымсыз квадрат теңдеулерді және келтірілген квадрат теңдеулерді шешу нақты мысалдар арқылы қарастырылады.
ҚБ: «Смайлик» арқылы бағалау
Саралау тәсілі «Дереккөздер» (электронды дереккөздерді пайдалану).
Белсенді оқыту әдісі: «Stop-кадр».
1-мысал
2-мысал
3-мысал
4-мысал
Егер a =1 болса, онда квадрат теңдеу келтірілген квадрат теңдеу деп аталады.
Мысалы; x 2-5x+6=0, x 2+5x-1=0.
Сонымен,1) ax2 + bx + c = 0 ( a ≠ 0 ) квадрат теңдеудің жалпы түрі;
2) x 2+px+q=0 – келтірілген квадрат теңдеу. Мұнда
p және q келтірілген сандар.
Жеке жұмыс
Бағалау критерийі: Білім алушы
Квадрат теңдеу ұғымымен танысады, коэффициенттері арқылы квадрат теңдеудің түрлерін ажыратады;
- Толымсыз квадрат теңдеулерді шешу тәсілін есептер шығаруда қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу, түсіну, қолдану
Саралау тәсілі «Тапсырма» (Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай жаттығулар мен тапсырмаларды жасау.)
Белсенді оқыту әдісі: «... қатысты 6 жауапты көрсетіңіз».
Шарты: Толымсыз квадрат теңдеулерді анықтап, нөлге тең коэффициентін көрсетіңдер:
1) 7x2-3x=0; 2) 2х+5=0; 3) x2+х-1=0;
4) - x2-х+3=0; 5) -4x2+1=0; 6) 8x2=0.
Дескриптор: Білім алушы
- Толымсыз квадрат теңдеуді анықтайды;
- Нөлге тең коэффициентін көрсетеді.
ҚБ: «Шапалақ» арқылы бағалау.
Топтық жұмыс
Саралау тәсілі «Бағалау» (оқушылар үнемі бағаланып, қажеттіліктеріне қарай түзетіліп отырылады).
Белсенді оқыту әдісі: «Бірге ойлаймыз».
Шарты: Есепті оқушылар топпен шығарады. Жауабын келесі топқа беру арқылы тексереді.
Теңдеуді ax2 + bx + c = 0 түріне келтіріңдер:
Жасыл: (x-3)(3x+2)=(5x-4)(3x-2)
Сары: (2x+7)(7-2x)=49+x*(x+2)
Көк: (x-3)(x2+3x+9)=x(x-8)(x+9)
Қызыл: (x+7)( x2-7x+49)=x(x+8)(x-7).
Дескриптор: Білім алушы
–Көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін пайдаланады;
–Ұқсас мүшелерді біріктіреді;
- Квадрат теңдеудің жалпы түріне келтіреді.
ҚБ: «Рефлексифті нысана» техникасы бойынша әрбір топ оқушылары топтық жұмыста қаншалықты жұмыстанғандарын өзін-өзі бағалайды.
Сергіту сәті
Белсенді оқыту әдісі: «Викториналық сұрақтар»
1. 1 сағаттың 50% тап:
2. Амалды орында : 1 – 0,999
3. Түзудің екі нүктесін қосатын бөлігі
4. Қандай санның квадраты 16-ға тең
5. Үштен бір сағатта неше минут бар?
6. Салыстыр : 1 және 4/9
7. Санды ондық үлестерге дейін дөңгелекте 2,789
8. Үш натурал санның қосындысы да, көбейтіндісіде 6-ға тең. Бұлар қандай сандар?
9. Өрнектің мәнін тап : 103 – 10
10. Ықшамда: 71,4у – 70,2у
11. 27 санының алдындағы санды ата:
12. Есепте: 23 + 9
13. Бөлуді орында: 55,5 : 5
14. Айырымын тап: 1000 – 1
15. Автомобиль 863 км жол жүруге тиіс. Бірінші күні ол 487 км жүрді, тағы да неше км жүруі керек?
ҚБ: «Бағдаршам» арқылы бағалау
Жұптық жүмыс
Белсенді оқыту әдісі. «Көршіңмен сырлас»
Саралау тәсілі: «Тапсырма» (күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдалану).
Бағалау критерийі: Көпмүшені түрлендіру арқылы квадрат теңдеудің жалпы түріне, квадрат теңдеудің түрлерін шешуге арналған күрделі тапсырмаларды шығарады;
Ойлау дағдыларының деңгейі: жоғары деңгей дағдылары
Дескриптор: Білім алушы
- Мүмкін мәндер жиынын табады;
- Ортақ бөлімге келтіреді;
- Өрнекті ықшамдап теңдеуді шешеді.
ҚБ: «Парталас көршіңе бір пікір таңдаңыз» әдісі арқылы бірін бірі бағалайды
- Жарайсың!
- Мен сабақтағы сенің жұмысыңа ризамын.
- Сен жақсырақ жұмыс істей алар едің
Тест тапсырмасы
Саралау тәсілі «Қорытынды».
Дескриптор: Білім алушы
толымсыз теңдеуді шешеді;
дұрыс жауабын таңдайды.
ҚБ: «От шашу» арқылы бағалау.
Интернет желісі bilimland.kz сайты
Алгебра
8 сынып
Шыныбеков А.Н.
Алгебра 8-сынып
Шыныбеков А.Н.
Алгебра 8-сынып
Шыныбеков А.Н.
Интернет желісі bilimland.kz сайты
Сабақтың соңы
Достарыңызбен бөлісу: |