Ұйымдастыру:
- оқушылармен амандасу;
- сыныпты түгендеу;
- оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
Топқа бөлу. «Суреттер арқылы» топқа бөліну
1-топ. Оңтүстік полюс (S)
2-топ.Солтүстік полюс (N)
Үй тапсырмасы: «Суреттер сөйлейді» әдісі Оқушылар суретке қарап не түсінгендерін айтады?
«Перфокарта» әдісі
1)Магнит өрісі-тогы бар өткізгіш жанында-.......,
2)Магнит өрісінің күш сызықтары –.........
3)........-тогы бар түзу өткізгішті айнала қоршап тұрады.
4).Магнит өрісінің бағытын ..........тәсілмен анықтауға болады:
5)бұрғы ережесімен;егер бұрғыны токтың бағытымен қозғалта бұрса, бұрғы тұтқасының бағыты, .............көрсетеді.
6)егер өткізгішке ток бағытымен қараса, магниттік күш сызықтары сағат тілімен ........... болады.
Жауабы: 1)күштірек 2)тұйықталған 3)Күш сызықтары
4)2 тәсіл
5)күш сызықтарының бағытын 6)бағыттас
Қ.Б «Бағдаршам» әдісі бойынша топ өзара бағалау жүргізеді.
Жаңа тақырып: Кинометафора «Видеокөрсетілім». Видео арқылы оқушылар электромагнитті қолдан қалай жасауға болатынын түсінеді.
«Ашық тест» арқылы оқушылардың видеодан не түсінгенін тексереміз? Слайдтан сұрақтан шығады, оқушылар жауап береді.
1.Электромагнит дегеніміз не?
2.Электромагнит орамасы деп нені айтамыз?
3.Электромагниттер қайда қолданылады?
4.Электромагниттердің қандай артықшылығы бар?
5.Электромагнит қалай жасалады?
6.Ұқсас полюстер не істейді?
ҚБ: «Бас бармақ» әдісімен бағалау жұмысын топтар бір-бірін бағалайды
|