Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері.
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: оқушыларды дауыссыз дыбыстардың түрлерімен таныстыру, мәтінді
түсініп оқуға, дыбыстарды ажырата білуге үйрету;
дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін дамыту, сабаққа
ынта-ықыласын арттыру;
тәрбиелілігі: оқушыларды жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, сауатты көркем жазуға,
зейінді, ұқыпты болуға баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, сергіту сәті, ребус шешу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,оқулық, құстар суреттері, дауыссыз дыбыстар жазылған плакат, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
-оқушылармен амандасу;
-оқушыларды түгендеу;
-зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Өткенді пысықтау.
Ю әрпінің жазылуы.
қосарлы дауысты дыбыс
Ю Сөзде йу дыбыстары естілгенімен, олардың орнына ю әрпі жазылады: еңкею, ою.
Сөздегі и әрпінен кейін у естілгенімен, ю әрпі жазылады: кию, қию.
Сөзжұмбақ шешу.
Көлденеңінен:
1.Ертеңгілік жаттығудан кейін, денені дымқыл сүлгімен сүртіп, салқын суды (құю) керек.
2.Ертемен тұрғанда, төсек-орынды (жию) керек.
Тігінен:
3.Кешкілікте аяқ киіміңді тазалап (қою) керек.
4.Отанды (сүю)керек.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Сұрақ-жауап:
Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар? (40 дыбыс, 42 әріп)
Дыбыстар нешеге бөлінеді? (дауысты және дауыссыз)
Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? (жуан және жіңішке)
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)
Бүгінгі сабағымызда «Дауыссыз дыбыстардың түрлерімен» танысамыз. (түсіндіру)
Айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады. Сөйтіп, дауыссыз дыбыстарда дауыс болмайды, олар үн мен салдырдан немесе тек салдырдан тұрады. Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
Дауысты дыбыстан кейін айтылғанда, у дыбысы дауыссыз болып келеді: бауыр, ауыр, жауын, әуре т. б. Дауысты дыбыстар буын кұрайды да, дауыссыз дыбыстар өз беттерімен буын құрай алмайды. Сондықтан сөзде қанша дауысты болса, сонша буын болады. Берілген сөздер буынға былай бөлінеді: ба-уыр, а-уыр, жа-уын, әу-ре. Бұл| сөздердегі у буын кұрай алмай тұр.
Дауыссыз дыбыстар үш жақты жіктеледі.
Қатаң дауыссыздар: к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ. Қатаң дауыссыздарда ешбір үн болмайды тек салдырдан тұрады.
Ұяң дауыссыз: б, в, г, ғ, д, ж, з. Ұяң дауыссыздарда үн аз болады да, салдыр басым болады.
Үнді (сонор) дауыссыздар: р, л, м, н, ң , й, у. Үнді дауыссыздарда үн басым болса да, салдыр аз болып келеді.
Дәптермен жұмыс.
1-жаттығу. Құстардың атын көшіріп жазу. Дауыссыз дыбыстардың астын сызу.
Тырна, қырғауыл, бүркіт, бөдене, сұңқар, шүрегей, тауық, сауысқан.
Оқулықпен жұмыс.
2-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу.
Ұя.
Ұя – құстың жұмыртқалап, балапан басатын орны. Ұяның түрі көп. Әр құс ұясын өзінше салады. Қарға ұясын ұсақ бұтақтардан жасайды. Қарлығаш ұясын саз және шөп-шаламмен тұрғызады. Ал аққу еш уақытта ыстық жерде ұя тұрғызбайды.
Тапсырма: Қарамен жазылған сөздерден дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды бөлінуіне қарай топтап жазу.
Қатаң: п, т.
Ұяң: б, ж, д, ғ, з.
Үнді: л, н, й, р.
Сергіту сәті.
Жұмбақ шешу.
1.Балапанын басатын басқа құс,
Бар сондай қасқа құс. (көкек)
2.Күндіз соқыр не деген,
Түнде қандай көреген. (үкі)
3.Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ. (қарға)
4.Сайрайды бір талмайды,
Әнші құс бал таңдайлы. (бұлбұл)
Тақтамен жұмыс.
3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу.
Аққулар.
Әй, аққулар, аққулар,
Күз алыс па, жуық па?
Неге қанат қақтыңдар,
Көлдің суы суық па?
Тапсырма: Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Аққулар-үш буын, жеті әріп, жеті дыбыс.
а-дауысты, жуан;
қ-дауыссыз,қатаң;
қ-дауыссыз, қатаң;
у-дауысты, жуан;
л-дауыссыз, үнді;
а-дауысты; жуан;
р-дауыссыз, үнді.
қанат-екі буын, бес әріп, бес дыбыс.
қ- дауыссыз, қатаң;
а- дауысты; жуан;
н- дауыссыз, үнді;
а- дауысты; жуан;
т- дауыссыз, қатаң.
суық-екі буын, төрт әріп, төрт дыбыс.
с- дауыссыз, қатаң;
у- дауысты; жуан;
ы- дауысты; жуан;
қ- дауыссыз, қатаң.
Ой қозғау.
-Күзде құстардың тіршілігіндегі қандай өзгерістер болады?
Жыл құстарын ата.
Өз бетімен жұмыс.
4-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа айту.
Ақ қыс, қағаз, аққу ақ,
Ақ тіс, ақ бу, ақ бұлақ.
Аппақ дейін, ақ дейін,
Ақ емес, бірақ ақтиін.
ІV.Сабақты қорытындылау.
Ребус шешу.
Сандарды өсу ретімен қойып, жасырынған сөйлемді оқу.
1
|
8
|
5
|
7
|
4
|
6
|
2
|
3
|
Құс
|
йық!
|
қор
|
ла
|
қам
|
бо
|
тар
|
ға
|
«Құстарға қамқор болайық!»
V.Үйге тапсырма. 63-бет 5-жаттығу.
VІ.Бағалау.
Құс атауларымен мадақтап, бағалау.
Аққудай - пәк бол, қарлығаштай - адал бол, бұлбұлдай сайрап жүр, бүркіттей алғыр бол.
Т.Амандосов атындағы орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Дауыссыз дыбыстардың түрлері».
Пән мұғалімі: Құспанова Ж.А
2012-2013 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |