Сабақтың мақсаты: Білімділік: «Қазақ хрестоматиясы»



бет3/4
Дата05.01.2017
өлшемі0,5 Mb.
#6389
түріСабақ
1   2   3   4

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жан-жақты білімін тексеру (Сыныпты төрт топқа бөлу)

  1. Ы.Алтынсариннің өмір жолына хронологиялық кесте негізінде шолу жасау

Жылдар

Маңызды оқиғалар




Қостанай облысы Затабол ауданында туған.




Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық

орыс-қазақ мектебіне барған.






Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.




Торғайдағы мектепті ашады.




«Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.




Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.




Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.




«Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты.




Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.




Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.




  1. Тест – интервью

  1. Ыбырай Алтынсарин кім?

  2. Оның шығармаларын ата.

  3. Ыбырайдың болашағынан үміт күтіп, оны оқуға жетелеген кім?

  4. Ыбырай қандай қызметтер атқарды?

  5. Ыбырай қандай бағытта жұмыс жасады?

  6. Ыбырай туралы кімдер зерттеді?

  7. Ы.Алтынсарин туралы жазылған «Дала қоңырауы» атты поэманың авторын ата.




  1. Топтастыру стратегиясы



Ыбырай

Алтынсарин

туралы не

білеміз?


  1. Ыбырай өлеңдеріне байланысты кестені толтыру



Ыбырай сөзі

Қандай қасиеттерді айқындайды?

1

Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен

Телмірме еш адамға мұңдықпенен






2

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар.






3

Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Жылдам хабар алғызды.






4

Ақылсыз жанды досым деп,

Басыңды қосып, сыр айтпа.

Күндердің күні болғанда,

Ол жаман айғақ болар басыңа.






5

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.







ІІІ. Жаңа білімді меңгерту

1. Ой ашар

- Әңгіме жанры туралы не білеміз? (Әдебиет теориясы)

- Әңгіме – адам өмірінің бір сәтін бейнелейтін сюжеті бар шығарма.

Әңгіме – шағын көлемді эпикалық түрдің айрықша үлгісі. (З.Қабдолов)

Ең парасатты проза – дәл және қысқа жазылған проза. (А.С. Пушкин)

2. Мұғалім сөзі

Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Оның шығармалары қысқа мазмұнға құрылады. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел қолдану, әр әңгіменің тәлім-тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлу – Ыбырай шығармаларының ерекшелігі деп айтуға болады.



Ағартушы 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Бұл кітапты кұрастырғанда мен, – деп жазды Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, – біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың қазақ – орыс мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім".

Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар:

  1. Балалар өмірінен алынған әңгімелер.

Бұлар түрлі орыс хрестоматиясынан,

көбінесе И.Паульсонның хрестоматиясынан алынды.

  1. Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.

  2. Қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең -жырларынан үзінді.

  3. Қазақтың мақал –мәтелдері.

"Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді. Ыбырай бұл еңбегінде халық-ағарту идеясын көтерді. «Қазақ хрестоматиясына» кірген әңгіме – новеллаларында Ыбырай жастарды еңбекті сүюге, оқу – өнерге ұмтылуға, Отанын, елін сүйетін патриоттық сезімге, талапты, жігерлі, кішіпейіл болуға үндейді.

Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.

Өнер-білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді ашып, жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

...Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді.

Теңізде жүзді балықтай,



Дүниені кезді жалықпай.

«Қазақ хрестоматиясы» арқылы жеткен Ыбырайдың бүкіл әдеби мұрасы оның көркем шығарма жазуды ағартушылық идеясына бағындырғанын айқын көрсетеді. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, оны жақсы, үлгілі істерге үйрететін күшті құрал деп ұқты.

«Қазақ хрестоматиясы» - қазақтың ана тілінде оқу кітаптарын шығарудың мүмкін екенін тарихи дәлелдеген, қазақ тілінің тарихы мен өміршеңдігін қорғаған бірінші еңбек.

3. Оқулықпен жұмыс

Әр топқа тапсырма беру.



  1. «Қазақ хрестоматиясы»

  2. Өлеңдері

  3. Әңгімелері

  4. Аудармалары

4. Хрестоматиямен жұмыс

Оқушылар әңгімені оқып, өздеріне берілген тапсырманы орындайды.



  1. «Сәйкестендір» стратегиясы («Жан-жануарлардың дауласқаны»)



Кейіпкерлер

Дұрысы

Шығармадан үзінді

1

Жылқы




Мен болмасам, адам үйіне немен жабар еді; жүнімді алып киіз істейді, жабағымнан күпі тігеді, арқан, жіп еседі, сүтімнен құрт, май алады.

2

Түйе




Мен болмасам, сенің көбіңді не ұры ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді, сенің бәріңнің мал бақташыңмын, дұшпан көрінсе үріп-абалап, иеме хабар беремін.

3

Сиыр




Мен болмасам, кісі ерте тұрып, жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді, мен таңертең тұрып шақырып, хабар айтамын, таң атты деп...

4

Қой




Бұл таластан ештеңе өнбес, жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.

5

Ит




Мен, адам үстіме мінсе алысын жақын етемін, күшімді болса көреді, сүтімді болса ішеді, қылыма шейін арқан істейді, адамға менен пайдалы мал жоқ...

6

Тауық




...Мына мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын, аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын, көде болса – көде, жусан болса – жусан, не кез болса соны қорек етіп... жүре беремін...

7

Тышқан




Адам егін ексе менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт, май алады.




  1. Сатылай кешенді талдау («Бақша ағаштары»)

  1. Шығарманың тақырыбы

  2. Шығарманың авторы

  3. Жанр түрі

  4. Оқиға орны

  5. Кейіпкерлері

  6. Идеясы

  7. Шешімі




  1. Әңгіме негізінде көрініс қою («Таза бұлақ»)



  1. «Үш жақты күнделік» стратегиясы («Асыл шөп»)

  1. Мәтіндегі ең маңызды, өзіңізге ұнаған үзінді

  2. Түсініктеме беру

  3. Лайықты мақал (топ оқушылары бірлесе отырып, қорғайды)


Сергіту сәті. «Өз орныңды тап!»

  1. Же1 екен 1қазан,

«Кел, жемді же, 1қазан!»

1-ақ сәтте қойды жеп,

Күбір етті: «Тойдым!» - деп.

Естіп 1кез дү1ді,

Жағадағы тү1ді

Паналауға жүгірді.


  1. Баласына ж2ріп,

Ұрсып жатыр к2лік:

- 2леніп, с2ріп,

Алып қапсың «2лік».

2ншіде 2ңді

Көрсетпе!» - деп ж2ді.

К2рейіп баласы,

Ш2кіспеді таласып.

«Жоймасам ба 2мді!»

Деп б2кінген с2лді.

Каталог: uploads -> doc -> 1081
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1081 -> Сабақтың түрі: Құрастырылған сабақ. Оқыту нәтижесі
1081 -> Сабақтың тақырыбы: Негізгі генетикалық ұғымдар. Мендель заңы ж\е оның тәжірибелері
1081 -> 9 сынып Қазіргі дүние жүзі тарихы Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет