Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақстанның жері, қалалары, қазақстандағы облыстар туралы тереңірек білім алады



Дата13.02.2017
өлшемі48,48 Kb.
#9249
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалалары.

Сабақтың мақсаты: Білімділік:

Қазақстанның жері, қалалары, қазақстандағы облыстар туралы тереңірек білім алады

Дамытушылық: Сұрақтарға дұрыс жауап беруге,ойды жүйемен айтуға,сөздік қорларын кеңейтуге,дағдыланады.

Тәрбиелік:Отанға ,жерге деген құрметін арттыру.Топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдіс- тәсілдері: сөйлесу, сұрақ- жауап,әңгімелеу

Көрнекіліктер:Қазақстан картасы немесе глобус, техникалық құрал жабдықтар(итерактивтік тақта),карточкалар.

Сабақтың жүру барысы:


Сабақтың кезеңдері

Сабақтың мазмұны

Ұйымдастыру:

Психологиялық дайындық:


Кезекші әңгімесі:

Сабақтың ұраны:


Тілдік жаттығу:


Сөйлесу:

Мұғалім-оқушы

Сөйлесу: оқушы-оқушы
Монолог:

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Жаңа сабаққа дайындық:
Оқушылар экрандағы сөздік арқылы өлеңнің мазмұнын түсінеді

Экранмен жұмыс:


Жаңа сабақ:

Кітаппен жұмыс:

Топпен жұмыс:

Аймақтық компонент:

Қосымша дайындалған материалдар бойынша жұмыс:

Сабақты бекіту:

Сабақты қорытындылау:

Үйге тапсырма беру:


Бағалау:


-Сәлеметсіңдер ме балалар?

-Отырыңдар


-Балалар, бүгін көңіл-күйлерің қандай?

-Бір-біріңе қарап жақсы сөздер айтыңдаршы.


-Сыныпта кім кезекші?
-Балалар қазір қай сабақ?

-Олай болса, қазақ тілі сабағындағы ұранымыз қандай?

Бір ауыз сөз болса да дауыстап айт, ең бастысы үнсіз қалма.(әр оқушының алдына мақсат қою)
-Сендер қай республикада тұрасыңдар?

-Мемлекеттік тіл қай тіл?

- Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

-Сен қазақша сөйлейің бе?

-Қазақша жақсы түсінесің бе?

-Олай болса бүгінгі сабақта қазақша сөйлесіп көрейік.


«Менің кіші Отаным» тақырыбына
«Отан»тақырыбына

(Оқушылардың сөйлеу мәнерлеріне талдау жасау)


«Кең байтақ- Қазақстаным»туралы

-Нені білулерің керек?

-Қазақстан қалалары, облыстары,олардың экономикасы,байлықтары туралы білесіңдер.

-Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысасыңдар.

-Нені үйренулерің керек?

-дұрыс сөйлеп,сұраққа дұрыс жауап беруге.

-Топпен жұмысты кеңірек жүргізуге баулу

-Сабақта 3 топ жұмыс жасайды.Топ басшылары бағалайды.

-Мына өлең жолдарын тыңдаңдар, ол қандай тақырыпқа жазылғанын, не туралы екенін айтыңдар.
Қазақстан картасы

Алматы-ғылым мен мәдени орталығы,

Ақтөбе- өлке,ақ тарысы мол ырыс,

Жамбыл- жайлау,қазыналы шұрайлы,

Жезқазған-кен,бұзылмаған аймағы,

Көкшетау-көп көгілдір көл аймағы,

Қарағанды-қара алтынның қоймасы,

Қостанай-құт,қызыл бидай қамбасы,

Қызылорда-күрішті сыр сағасы,

Өскемен-өр шығыста,Алтай аясы

Семей-аңыз,Шыңғыстаудай қорғанды

Шымкент-ыстық оңтүстігім мақталы.

-Өлең қандай тақырыпқа жазылған?

-Олай болса қазір экранға қараңдар

1.Оқушы мәтінді көріп,тыңдайды.

2.Аударма жұмысын жасайды

3.Мәтіннің не туралы екендігін анықтайды.


-Қазір кітаптарыңның 61-бетін ашыңдар,

-«Алматы»мәтінін дауыстап оқыңдар,

-(Мәтінмен жұмыс кезең-кезең бойынша жүргізіледі,Мәтінді оқығанға дейінгі кезең,оқығандағы, оқығаннан кейінгі кезең)

-әр топ берілген тапсырмалар бойынша мәтінмен жұмыс жасайды

1.оқып ,аударады

2.басқа топтарға сұрақтар дайындайды

3. екі мәтінді салыстырады.Ұқсас жерлері бар ма?

-бар болса қай жерден көруге болады?


1-топ «Зырян қаласы»туралы

2-топ «Семей қаласы» туралы

3-топ «Астана қаласы» туралы

( буклеттер дайындау)



Экрандағы тапсырмалар арқылы

1.Мәтінге сүйене отырып сұрақтарға жауап беру

2.Сөйлемдердің дұрыс , бұрыстығын анықтау.

3.Сәйкес ұяшыққа қалалардың атын қой.

-Бүгінгі сабақта не білдіңдер?

-Неге үйрендіңдер?

-Сабақтың ұраны орындалды ма?
«4» 62-бет сөздікті жаттау,мазмұндау

«5» мазмұндау

«3»5.1.3. тапсырма
Топ басшылары топтағы оқушыларға баға қояды

-Сабақ аяқталды



-Сау болыңдар




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет