Сабақтың мақсаты: Білімділік: Әл-Фараби туралы мәліметтермен таныстыру; оқушылардың алған білімдерін бекіту, Дамытушылық: Тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын ояту, өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, Тәрбиелік: Оқушылардың ана тілін қастерлеуге, сөз өнерін дәріптеуге, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ Сабақтың түрі: іздендіру, әңгімелесу Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап, ойландыру Сабақтың көрнекілігі: схема, кестелер, сызба
Сабак барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу; ә) түгелдеу; б) сабақ барысын ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау: Қайталау сұрақтарын қою арқылы өткен сабақта алған білімдерін тексеру. Топтарға сұрақтар беру. 1-топқа: Әл -Фарабидің өмір жолы 2-топқа: Әл Фараби музыкант 3-топқа: Әл Фараби ғалым
3. Жаңа сабақ :
• Морфология нені зерттейді? • Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары • Сын есім дегеніміз не? Сұрақтары
• Сан есім дегеніміз не? Сұрақтары • Есімдік дегеніміз не? Түрлерін атаңыз • Етістік дегеніміз не? Сұрақтары
4. Жаңа сабақты түсіндіру: Мұғалім сөзі: Ал, оқушылар! Біз осы уақытқа дейін Әл-Фараби туралы біраз мағлұматтермен таныстық. Енді ол қандай салалар бойынша еңбектер жазды. Сол жайында білетін боламыз.Әл – Фарабиды екінші Аристотель деп атайтының сендер білесіңдер ме?
Сөздік жұмысы: • ғылым – наука • ғалым– ученый • еңбек – труд • ғасыр - век • сапар – путь • қан тамырлары – кровяные сосуды • түсініктеме - пояснения
5. Қызығушылығын ояту кезеңі. 1. «Ой шақыру» мақсатында топта отырған әр оқушы алдарындағы мәтінді оқиды. 2. Мәтін бойынша бір біріне түсіндіреді, сосын сұрақтар дайындайды. 3. Жұптасып дайындаған сұрақтарын бір біріне қояды. 4. Әр топтан бір оқушы топтың ортақ келісілген сұрақтарын сыныпқа қояды. 5. Отырғандар сұраққа жауап бере бастайды. Мәтінді оқу, түсінігін айту Ғалымның еңбектері Әл-Фарабидің жақсы дәрігер болғаны белгілі. Ол медицина ғылымы жөнінде пікірлер айтқан. Мысалы: «Шаш пен сақал өседі, қас пен кірпік бір қалпынан асып көп өсе бермейді. Бұл оның түбіне қан тамырларының тарауына байланысты» дейтін түсініктемелері бар. Әл-Фараби ғылыми еңбектерді көп жазған адам. Бірақ әл-Фараби өз еңбектерін жинап, тәртіпке келтіріп қоюға онша ұқыпты қарамаған тәрізді. Оның саяхатшылық өмірінің өзі де оның еңбектерінің жоғалып кетуіне көп себеп болған. Солай бола тұрса да, оның жазған еңбектерінің белгілі санының өзі жүзден асады. Олардың көпшілігі арабша жазылған. Оның арабша еңбектерінің бырсыпырасы өткен ғасырдың аяқ кезінде және үстіміздегі ғасырдың бас кезінде: Каирде, Стамбулда, Лейденде, Парижде, Лондонда, Берлинде, Ленинградта және тағы басқа жерлерде басылған...
6.Жаттығу жұмысы:
5-жаттығу Сөз тіркестерін қаыстырып сөйлем құрап жазу. Пікір айтқан Ғылыми еңбектері Табиғатқа көзқарас Саяхат жасау Ғалым тұлғасы Ұлы адам Табиғатқа шықты Ал, енді топ арасындағы жарысты бастаймыз: 1. Мақал -мәтел жарысы «Ғылым, білім, өнер» туралы айту 2. Кестемен жұмыс (тапсырма лар жазылған кестелер) 3. Топ басшысы сайысы «Егер мен ғалым болсам...» қандай ғылым саласы бойынша сөз сөйлеу
7.Топ арасындағы сайыс бойынша жеңімпаз топты анықтау
Осы сабақта не білдіңдер, өздерін сабақтан қандай әсер алдындар? • Әл-Фараби кім? • Ол қай жерде дүниеге келген? • Әл-Фараби қай қалаға аттанады? Не үшін? • Әл-Фарабидің қандай еңбектері бар? • Оның еңбектері қандай елдерде шықты? • Әл-Фарабидің медицина жөніндегі пікірі қандай еді? (мәтін бойынша)