І белгі: Егер бір тік бұрышты үшбұрыштың екі катеті екінші тік бұрышты үшбұрыштың екі катетіне тең болса, онда бұл тік бұрышты үшбұрыштар тең болады.
ІІ белгі: Егер бір тік бұрышты үшбұрыштың катеті мен оған іргелес сүйір бұрышы екінші тік бұрышты үшбұрыштың сәйкес катеті мен оған іргелес сүйір бұрышына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар тең болады.
ІІІ белгі: Егер бір тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен сүйір бұрышы екінші тік бұрышты үшбұрыштың сәйкес гипотенузасы мен сүйір бұрышына тең болса, онда бұл тік бұрышты үшбұрыштар тең болады.
IVбелгі: Егер бір тік бұрышты үшбұрыштың катеті мен гипотенузасы екінші тік бұрышты үшбұрыштың сәйкес катеті мен гипотенузасына тең болса, онда бұл тік бұрышты үшбұрыштар тең болады.
Практикалық бөлім: Оқулықпен, тақтамен жұмыс. №№171, 172,173,182
Үйге тапсырма беру: Қорытындылау, бағалау
Геометрия, 7 сынып
Реті:36
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Нүктеден түзуге дейінгі қашықтық.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың біреу ғана болатындығы білу
Дамытушылық: Нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың біреу ғана болатындығын ескере отырып есептер шығару кезінде дұрыс қолдана білу
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру
- тік бұрышты үшбұрыш /анықтама/
І белгі /ан-ма/
ІІ белгі /ан-ма/
ІІІ белгі /ан-ма/
IVбелгі /ан-ма/
3.Жаңа тақырып: А лдыңғы тақырыбымызды жалғастыра отырып тағы бірнеше маңызды ұғымдар енгізейік. Егер АВСүшбұрышы тік бұрышты болса, онда ВС катеті мен АС түзуіне түсірілген перпендикляр болады. В