Сабақтың мақсаты: Білімділік: «Қызыл шұнақ»



бет1/2
Дата08.09.2017
өлшемі0,92 Mb.
#30879
түріСабақ
  1   2
Әдебиеттік оқу 3 «А»сынып

Сабақтың тақырыбы: Қызыл шұнақ С.Сейфуллин
Сабақтың мақсаты:


Білімділік: «Қызыл шұнақ» өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру. Өлеңнің шумақтарын мәнерлеп,түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау,талдау,салыстыру,өз беттерімен ойлау дағдыларын дамыту,жүйелі мәнерлеп сөйлеуге,өз білімдерін бағалай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: жауапкершілікке,бірін-бірі сыйлауға,табиғатты сүйіп,аялай білуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,ой қозғау,тірек сызба.
Сабақтың көрнектілігі: қыс мезгілін бейнелейтін суреттер: С.Сейфуллин суреті, тірек сызба, сөзжұмбақ, интерактивті тақта.
Пән аралық байланыс: дүниетану ,бейнелеу өнері,қазақ тілі.


Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 1 мин

  2. Үй тапсырмасын сұрау 9 мин

Қызығылушын ояту 1 мин

а) Берілген тапсырманы орындау 2 мин

3) Жаңа сабақ 25 мин

а) түсіндіру

4) Оқулықпен жұмыс

5) Сабақты бекіту 2 мин

а) сұрақ-жауап 2 мин

Қорытындылау 2 мин

6) Оқушыларды смайликтер арқылы бағалау 2 мин

Үй тапсырмасы. 1 мин
Ана тілі жайлы бір шумақ өлеңді үнтаспадан тыңдау.
«Маған жақсы мұғалім бәріненде артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі»

Ы. Алтынсарин
Сабақтың барысы.


Міне,балалар біз бүгін өзіміздің білімімізбен біліктілігімізді көрсету үшін сыныпты үш топқа бөліп отырмыз.

1) «желтоқсан»
2) «қаңтар»
3) «ақпан»


Әр топтың басшысы бір-біріне қыс мезгілінің теңеу сөздерімен ізгі тілектерін айтады.

Тілек айтып болған соң, әр топ өз аттарын қорғайды.
1 топ «желтоқсан»


2 топ «қаңтар»
3 топ «ақпан»


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
Әр топтан 1 оқушыға М.Әуезовтың «Боран» мәтінін мәнерлеп оқыту, сұрақ қою арқылы білімдерін бағалау.
1) –Мәтіннің мазмұны кім жайында?
2) –
Мәтіндегі негізгі ой не?
3) –
Мәтінде жылдың қай мезгілі жайлы айтылады?
Сурет бойынша
қысқы табиғатты бейнелеу.


Миға шабуыл

«Пресс-конференция»ойыны.

Шарты:сыныптағы кішкене балғын зерттеушілер С.Сейфуллин туралы мәліметтер жинау,бірін-бірі тыңдай білу.Сыныптағы журналистер зерттеушілерге сұрақ қояды.

Балғын зерттеушілер сұрақтарға жауап беруі тиіс. Мұғалім «жетекші ғалым» ретінде жауаптарды толықтыруына болады.

Слайд. С.Сейфуллин
ІІІ. Жаңа сабақ


- Сәкен Сейфуллин Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстағында 1894 жылы дүниеге келген. Шығармашылықпен белсене араласқан. 1917 жылы «Жұбату» атты тұңғыш әңгімені жазды. Қазақ әдебиетінің оқулықтарын жазуға қатысты.
Жазушының көптеген өлең, повесть, әңгімелері бар. Бізге бүгін «Қызыл шұнақ» атты өлеңі берілген екен.
Балалар, кітабымыздағы өлеңді қарайық.
(интерактивті тақтада Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» өлеңі, қысқы аяздың әуені жүріп тұрады.)
2. Өлеңді мәнерлеп оқу.
3. Оқушыларға тізбектетіп, шумақтатып оқыту.

Сергіту сәті
Аяқпенен топ-топ-топ,


Қолымызбен соқ-соқ-соқ,

Бір оңға,бір солға

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды сілкейік,

Басымызды шайқайық,

Бір оңға,бір солға,
Айналайық кел мұнда.
Бүгін Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл шұнақ» өлеңімен танысамыз.
«Қызыл шұнақ» өлеңін әр топ мәнерлеп оқу.
І топ.-Өлеңді жазған кім? -Өлеңді жазған С.Сейфуллин
ІІ топ. –Өлең жылдың қай мезгілі жайлы? -Өлең қыс мезгілі жайлы.
ІІІ топ. –«Қызыл шұнақ» дегеніміз не?
-
«Қызыл шұнақ» - бет қаратпайтын аяз, үскірік.



Өлеңге сай қимыл қозғалыс жасау.
Шатынайды, тыста аяз,

Қызыл шұнақ үскірік,

Қылшылдайды жаландап,

Зәрлі деммен ысқырып.
Ұшан-теңіз қалың қар -

Жерді басып жабады,

Шұнақ аяз жалаңдап

Екі санын сабады.
Мұздай демі бет қарып,

Аяз аузын ашады.

Құлақтанып қызыл күн

Жасыл ұшқын шашады.

1894 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туған.
Қазақ әдебиетіне жаңа түр, күрескерлік идея, жанды бейне, көркем образдар әкелген ақиық ақын, ірі қоғам қайраткері, әдебиет зерттеушісі, жазушы-драматург.
Саяси қуғын-сүргін құрбаны.


1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Әр шумақты жеке-жеке оқытып, айтылып тұрған ойды таптыру.
3. Өлеңді іштей оқу.
4. Өлеңді дауыстап оқыту.
Өлең соңындағы тапсырмаларды орындау.1- тапсырма. Қыс белгілері:
І топ. Күн суытады, қар жауады, аспанды бұлт жабады.
ІІ топ. Далада үскірік соғып, ағаштар қоп-қоңыр боп жапырақсыз қалады, айналаны аппақ кілем жабады.
ІІІ топ. Жыл құстарының бәрі жылы жаққа ұшып қарғалар ғана қалады, адамдар жылы киінеді, балалар шанасын сүйреп далаға шығады.
2-тапсырма. Қыс мезгіліне байланысты жұмбақтар шешкізу.



а) Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. 
( Шаңғы) 
ә) Таусылмайтын ақ мақта, 
Қысы – жазы тау жақта. 
( Қар) 
б) Тоңғақты таниды, 
Беті қолын қариды. 
( Аяз) 
в) Көрінбейтін өзі, 
Айтатын жоқ сөзі. 
Ысқырып тұрады, 
Серуен құрады. 
( Боран) 

Шығармашылқ тапсырма
І топ. Слайд бойынша « Қызыл шұнақ» тақырыбында эссе жазу.
ІІ топ. 4-5 жолды өлең құрастыру.
ІІІ топ. Қыс тақырыбында сурет салу.
ІҮ Сабақты бекіту.


Семантикалық карта(интерактивті тақтамен жұмыс ) Слайдта кесте жасалады.Оқушылар авторларға қатысты шығармаларды тауып «+» таңбасын қояды





Өнер, білім бар жұрттар

Тау ішінде

Интернат қоймасы

Қыс

Әке арманы

Үш бақытым

Абай Құнанбаев










+







Сәкен Сейфуллин




+













Мұхтар Әуезов













+




Шерхан Мұртаза







+










Мұқағали Мақатаев
















+

Ыбырай Алтынсарин

+

















Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет