ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Еске түсіру» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын қайталаймыз.
№1. Тапсырма:Цилиндр тәрізді әртүрлі екі ыдысқа массасы бірдей су құйылған. Судың ыдыстар табанына түсіретін қысым күші бірдей бола ма?
Жауабы:Бірдей болмайды, себебі қысым күші сұйық бағанының биіктігіне және тығыздығына тәуелді болады. №2. Тапсырма:Саңылаулары бар цилиндрдегі сұйық ең жоғарғы саңылаудан жақынға, ал ең төменгі саңылаудан алысқа шашырайды. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады?
Жауабы: Сұйық қабаты неғұрлым төмен болса, ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғұрлым үлкен болады. Сондықтан ең төменгі саңылаудан су алысқа шашырап шығады. №3. Тапсырма:Қысым дегеніміз не?Қысымның өлшем бірлігі:
Жауабы: Қысым дегеніміз белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама р= F/S;