Сабақтың мақсаты: Білімділік: мәтіннің негізгі идеясын түсінугі жағдай жасау. Әншінің өмірі туралы әңгімелеу



бет4/6
Дата01.05.2017
өлшемі0,81 Mb.
#15352
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

1 – сабақ

Әдебиеттік оқу. Күні

Сабақтың тақырыбы: Халық кегінің күйшісі. Ә.Сәрсенбаев.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мәтіннің негізгі идеясын түсінугі жағдай жасау. Әншінің өмірі туралы әңгімелеу.

Дамытушылық: мәтінді мәнерлеп оқыта отырып, ой өрістерін дамытуға,білімдерін кеңейтуге жағдай жасау

Тәрбиелік: еңбекті сүюге, білімге, өнерге құштар болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау. баяндау, әңгімелеу, талдау, ой түйіндеу, ой-пікірлерін білдіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Көрнекіліктер: оқулық

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық.

-Кәне, балалар, барлығымыз көзімізді жұмайық.

-Мен сабақта мектептемін.

-Мен сабақты жақсы оқимын.

-Сабақты жақсы ойлап отырамын.

-Тек жақсы баға аламын.

-Енді көздерімізді ашамыз.

-Олай болса іске сәт! Бүгін тек білімнің төрінен орын аласыңдар. Білім төрінен орын алу үшін өткен сабағымызды еске түсірейік. Кім қалай жауап берер екен, соған назар аударайық

2. Геометриялық фигуралардың түстеріне байланысты топқа бөлу.



II. Үй тапсырмасын тексеру:

Мен спроттың қандай түрімен айналысасын?

Мәтінде қандай қала аттары берілген?


  1. Қызығушылықты ояту.

- Күй тыңдату

- Кімнің күйі? Күй дегеніміз не?

- Құрманғазы Сағырбайұлы кім?

- Құрманғазы атамызды қандай пәнде кездестірдік? Музыка




Жаңа сабақ.

- Мәтінді таныстырып, автор туралы шағын мәлімет беру.

Күй атасы – Құрманғазы Сағырбайұлы жасынан ән-күйге әуестігімен көзге түседі. Алғашқы ұстазы Хан Базар күйшісі – Ұзақ. Есейе келе Құрманғазы домбырашылықты кәсіби өнерге айналдырады. Оның бүкіл өмірі әділетсіздікке, озбырлыққа қарсы күресте өтті.

Құрманғазы өзінің ыза-кегін домбырадан төгілген күйлері арқылы суреттейді. Сондай күйлерінің біреуі – «Адай», «Ақбай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан». Бұл күйлерді тыңдап отырып, халықтың ерлігін, ат шабысының дүрсілді ырғағын естисің.

Күйшінің «Аман бол шешем, аман бол», «Ертең кетем», «Қайран шешем» күйлерінің музыкалық тілі адамның сөйлеутіліне өте жақын. Сонымен қатар әрі сазгер, әрі күйші Құрманғазы «Сарыарқы», «Балбырауын» күйлері арқылы туған жеріне деген сүйіспеншілікті, көңіл шаттығын, халықтың асқақ үнін жеткізе білген.

- Оқулықпен жұмыс «Тоқтап оқу» әдісі

Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқы.

Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерін тыңда.

Өлеңде домбыра туралы қалай жырланған?

Домбыра аспабының қазақ халқы үшін мәні қандай?

Ақын домбыраны неге адамның жанымен теңейді?



Сергіту сәті: «Кірпілер» биін билеу. (Видиоролик арқылы)

4. Жаңа білімді бекіту.

Құрманғазы Сағырбайұлы кім болған?

Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесің?

Құрманғазы күйлері арқылы нені суреттейді?

Қазіргі кезде күйшілерден кімдерді білесің?

Оқулықпен жұмыс: Үзінділер оқыта отырып, талдату.

Мезгіл әлі жаз айы. Алайда табиғат қабағында бір кейістік белгі бар. Кесек – кесек қара бұлт күн көзін көлеңкеліп тұр. Жел күрсіне демалып, аспан жүзіндегі бұлтты дамылсыз үйіруде. Аспан мазасыз шатырлап, найзағай жарқ – жұрқ етеді.

Сарғылт дала төсінде бір қора қой жайылып жүр. Қой соңында жас қойшы, жанында арлан қасқырдай екі төбет. Бала сылт басып, бірер адымдайды да, тың тыңдайды.

Ойтолғау.

1 – топ: Кестені толтыру

Мына күйлердің қайсысы саған таныс?

Күй авторы кім?

«Балбырауын»

Құрманғазы Сағырбайұлының

«Кісен ашқан»

Құрманғазы Сағырбайұлының

2 топ: Құрманғазыға мінездеме беру.

3 - топ: Мәтін мазмұны бойынша жоспар құру.

4 – топ: Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру.


  1. Үйге тапсырма беру. Мәтінді түсініп оқу тапсырылады.

  2. Мақал – мәтел жаттау

  3. Құрманғазы жайында мәліметтерді біліп келу тапсырылады.

Бағалау. Бағалау парақшалары арқылы өзін – өзі бағалау.

Рефлексия. – Бүгін қандай сабақ өттік?



    • Бүгінгі сабақ ұнады ма?

    • Бүгінгі сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар?

    • Сабақтан алған әсерлерің қандай?

Кері байланыс; «Даналық ағашы» арқылы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет