Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру



Дата15.09.2017
өлшемі157,92 Kb.
#33091
түріСабақ
Астана қаласы. “Жас ұлан” республикалық мектебінің

математика пәнінің мұғалімі Т. М. Балтабаева


«Бақытты сәт» (математикадан сыныптан тыс жұмыс)
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.


Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел,бағалау парағы, 1-5 цифрлар жазылған көрсету карточкалары, асықтар.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары:
1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
3. Біліктілік сайысы (есептер шығару)
4. Математикалық сұрақтар
5. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)
6. Сөзжұмбақ сайысы (карточка арқылы топқа беріледі)
7. «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ)

8. Үй жұмысы (әр топ шағын көрініс немесе математика жайлы ән орындау)

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. (К.Гаусс)


2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. (М.В.Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.     (Р.Бэкон)

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Бақытты сәт» ойынына қош келдіңіздер.

Топтық сайысымызды «Шаттық шеңбері» сергіту ойынымен бастаймыз.

Ойнайық,ойлайық та ойнайық!

Қатардан артта қалып қоймайық.

Белсенді болайық ортада

Уақытты тектен-текке жоймайық

Ойнайық,ойлайық та ойнайық!

Білімділік көрсетейік,сынайық

Жеңсең де,жеңбесең де,ренішсіз болайық,

Қаймықпай көңілді болып тарайық!

 

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш»,»Квадрат», «Трапеция» топтарын шақырамыз.



Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, – дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз.

Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады. Енді біз асықтарды шиіру арқылы топтардың шығу ретін анықтаймыз.



1. Кезекте амандасу рәсімі І топ «Үшбұрыш» тобы.
Ұраны: Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойға мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.



Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.

Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш түрлі:


1)     тең қабырғалы үшбұрыш
2)     тең бүйірлі үшбұрыш
3)     әр қабырғалы үшбұрыш

Үшбұрыш бұрыштарына қарай үш түрлі:


1)     тік бұрышты үшбұрыш
2)     сүйір бұрышты үшбұрыш
3)     доғал бұрышты үшбұрыш

Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.



ІІ топ. «Квадрат» тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

Таныстыруы: Барлық қабырғалары бір-біріне тең тіктөртбұрыш квадрат деп аталады.

Қасиеттері: 1) диогональдары тең
2) диогональдары бір-біріне перпендикуляр болады
3) ішкі бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең.

ІІІ топ. «Трапеция» тобы.

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн    жарыста алғырлықпен аламыз.



Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
«Трапеция» тобынан қарсыластарға сәлем!

Таныстыруы: Екі қабырғасы параллель, ал басқа екі қабырғасы параллель емес төртбұрышты трапеция дейді.

Параллель қабырғалары табандары, параллель емес қабырғалары бүйір қабырғалары деп аталады.



Трапецияның түрлері: 1) тең бүйірлі

2) тік бұрышты


Трапецияның орта сызығының табандарына параллель және олардың қосын-дысының жартысына тең болады.

Жүргізуші: Әділқазы алқасынан І-сайыстың қорытындысын сұраймыз.

2. Тапқырлық сайысы (әр топқа логикалық есептер беріледі).

«Ұшбұрыш» тобына.

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)


2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

«Квадрат» тобына.

1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).


2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)

«Трапеция»тобына.

1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)


2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

Әділқазылар алқасынан ІІ сайыстың қорытындысын сұраймыз.



ІІІ. «Біліктілік» сайысы. (тапсырма карточка бойынша беріледі).

«Үшбұрыш» тобына.

АВСД параллелограмның периметрі 80см, ал АС = 30см. АВС үшбұрышының периметрін табыңдар.



«Квадрат» тобына.

Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 16 см, ал бүйір қабырғасы табанынан 2 см ұзын. Бүйір қабырғасын табыңдар.



«Трапеция» тобына.

Егер А = 420 болса, онда АВСД параллелограмының бұрыштарын табыңдар.


Жүргізуші: Қазір біз асықтарды шиіру арқылы «Үй жұмысы тапсырмасын» қай топтың көрсететінін анықтаймыз. Сонымен топтың қойылымын тамашалайық.

IV. Математикалық сұрақтар. (әр топқа бес сұрақтан)

«Үшбұрыш» тобына.

1. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)


2. Бұрышты тең екі бөлік кебөлінетін сәуле. (биссектриса)
3. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)
4. 1800-қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)
5. Мына формула s= бойынша нені табуға болады? (тікбұрышты үшбұрыштың ауданын)
Енді келесі топтың қойылымын тамашалайық.
«Квадрат»  тобына.

1. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипо-тенуза).


2. 700-қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)
3. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. (диогональ)
4. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)
5. Екі қатынастың теңдігі. (пропроция)
Енді соңғы топтың қойылымын тамашалайық.

Әділқазылар алқасынан «Үй жұмысының» қорытындысын сұраймыз.


«Трапеция» тобына.

1. Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларының аты. (катеттері)


2. 1200-қа тең бұрыш қалай аталады? (доғал)
3. Параллелограмның 600-қа тең бұрышымен іргелес бұрышы неше градусқа тең. (1200)
4. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш)
5. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (900)
Әділқазылар алқасынан ІV- сайыстың қорытындысын сұраймыз.

V. «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)


2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

10. Атанның баласы болма… (Адамның баласы бол)


11. Досы жоқ адам… (тұзы жоқ тағам)
12. Бір көрген біліс… (екі көрген таныс)
13. Қай жерің ауырса… (жаның сол жерде)
14. Жақсылық ағаш басында… (жамандық аяқ астында)
(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)

VІ. «Сөз жұмбақ» сайысы. (әр топқа бірдей тапсырма, карточка арқылы беріледі)

Есептердің жауабына сәйкес кестені толтырса, ұлы ғалымдардың аты шығады.



18,147

64

5

22,804

-56,7

47,498

13

,


















































































 Д. +                          М. 0,7 (-81)
А. 13,123 + 5,024
Е. 47,749 – 0,251                Х
. -20
Р. ((-2)
3)2                                      И 9,004 + 13,8

VІІ. «Қас-қағым сәт» сайысы (әр команда тез тұрып жауап беру арқылы балл жинайды)

  1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
    2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)
    3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)
    4. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (6*6-6)
    5. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)
    6. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
    7. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)
    8. Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)
    9. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)
    10. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)
    11. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
    12. 225 нешенің квадраты? (15)

  2. Енді осы сөздерден үш сөз жасырулы тұр , сендерге тапсырма сол сөздердің қазақша, орысша, ағылшынша айтылуын бересіңдер.

Әділқазылар алқасынан VІІ- сайыстың қорытындысын сұраймыз.

Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.

Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.

Астана қаласы. “Жас ұлан” республикалық мектебінің

математика пәнінің мұғалімі Т. М. Балтабаева

Көпмүше және оларға амалдар қолдану (7-сынып)

Сабақтың тақырыбы: «Көпмүше және оларға амалдар қолдану» тақырыбына есептер шығару

Сабақтың мақсаты: «Көпмүше және оларға амалдар қолдану» тақырыбындағы алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білу.

Міндеттері :
1. Білімділік: тақырып бойынша оқушылар білімін , дағдысын, біліктілігін тексеру; 
2. Тәрбиелілік: қызықты есептер шығару , әртүрлі жұмыс түрлерін қолдана отырып алгебра пәніне қызығушылықтарын туғызу; өз ойын нақты және анық жеткізе білуге тәрбиелеу; 
3. Дамытушылық: топпен , жұппен, жеке жұмыс жасай білу біліктілігін дамыту; танымдық қызығушылығын дамыту. 

Әдісі: Деңгейлеп-саралап оқыту.

Түрі: Жарыс сабақ.

Көрнекілігі: слайдтар.кеспе қағаздар,лото карточкалар,үлестірме қағаздар, бағалау парағы,

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Мақсат қою.

Ағылшын философы Герберт Спенсер айтқан екен:«Мида май сияқты жиналған білімнен гөрі, ақыл бұлшық етіне айналған білім қымбат» 
Біз де өз біліміміздің босқа жиналып қалмай, пайдаға асырайық. Бірақ алдымен миымызды жұмыс жасату үшін кішкене шынығу жұмысын жасалық. Мен зат есімдерді атаймын , ал сіздер оған сәйкес етістікті атаңдар.Мысалы, қол – соғады, аяқ - … , бас - … , құлақ - … , саусақ - … , көз - … , тіл - .., іш - … .
Міне, біздің басымыз жұмыс жасады, енді сабағымызға көшеміз.

Бүгін біз сиқырлы автобуспен саяхатқа шығамыз.Маршрут картада көрсетілген. 


Есептерді дұрыс шығару арқылы біз біліммен қаруланып өз мектебімізге аман сау ораламыз.
Маршрутымыздың аты - «Көпмүшелерге амалдар қолдану». Саяхатқа шықпас бұрын алдымен бізге көмектесетін білімдерімізді еске түсірелік.
3. Білімге сәйкес келетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру 
Автобуста келе жатып мынадай ойын ойнаймыз «Шын -жалған».Егер сендердің құпия сөздерің шын болса, сендер біздің бүгінгі сабағымыздың эпиграфын біле аласыңдар .Ол үшін мына сөйлемдерге белгілерді қойып жауап береміз. «1» – ия, « 0 » -жоқ. Сонымен бастаймыз!
1. Бірмүше дегеніміз сан және әріпті көбейткіштердің қосындысы.
2. Стандарт түрде жазылған бірмүшенің әріп көбейткішін бірмүшенің коэффициенті деп атайды.
3. Санды және әріпті көбейткіштер мен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады. 
4. Бірмүшенің құрамындағы әріптердің дәрежелерінің қосындысы бірмүшенің дәрежесі деп аталады. 
5. Бір-бірінен айырмашылығы тек коэффициентінде болатын бірмүшелер ұқсас мүшелер деп аталады
6. Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысы бірмүше деп аталады. 
7. Бірмүшені көпмүшеге көбейткенде бірмүше шығады. 
8. Бірмүшені көпмүшеге көбейткенде көпмүше шығады. 
9. Ұқсас мүшелері жоқ әрбір мүшесі стандарт түрдегі бірмүше болатын көпмүше стандарт түрдегі көпмүше деп аталады. 
10. Жақшаның алдында "+” таңбасы тұрса, жақшаны ашқанда ішіндегі таңбалары өзгермейді.
11. Жақшаның алдында "-” таңбасы тұрса, жақшаны ашқанда ішіндегі таңбалар қарама-қарсыға өзгереді. 

Тексеру : 00 111 00 1111

«Математика әлемді басқармайды, бірақ әлемнің қалай басқарылатын көрсетеді».
Бұл сөздерді - Гёте айтқан. Гёте- неміс философы , ақын. 
Егер құпия сөздер дәл болса, «Жол картасына» «+» таңбасын, қате болса «-» қойыңдар.

4. Білімді жинақтау.
Мұғалім: Сонымен , аялдамаға келдік. Біз ғылым орманына келдік.Осы жерден көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін еске түсірелік: (а – 4) (а + 1)? /а2-3а-4/

Оқушы тақтаға көбейту схемасын жазады:


(a + b) (c + d) = ac + ad + bc +bd.
Екінші оқушы символ түрінде жазады:
(□ +○) (▲ + ◊ ) = □▲ + □◊ + ○▲ + ○◊. 
Олар тақтаға жазып жатқанда , қалған оқушылар ережені айтады. 
Мұғалім: Енді мына көпмүшелердің көбейтіндісін табалық: (а – 4) (а + 1).
Жауап: а2 – 3а – 4.

(Мұғалім әрбір оқушыны бағалайды)

Сол кезде ағаштар екіге айырылып жол береді.Әрі қарай кеттік пе?
М ұғалім: Біз білім өзеніне жақындадық.Енді арғы бетке өту үшін көпір салуымыз керек.Ол үшін келесі тапсырмаларды орындаймыз: 
а) (в + 10) (в – 4); б) (у + 6) (у – 10); в) (а – 3) (а + 8).
2 + 6в – 40/ /у2 – 4у – 60/ /а2 +5а – 24/

Кім тапсырманы бәрінен бұрын аяқтаса, солар зертханаға кіруіне болады.Олар шығармашылық тапсырмаларды орындайды.Жауаптарыңызды жол картасына толтырыңдар.



Зертхананың шығармашылық тапсырмалары:
1. Өрнекті ықшамдаңдар: (а5-7вс2)+(а5-вс2) ; /2а5-8вс2./

А) -8вс4; Б) -8в2 с8; В) 2а5-8вс2; Г) 2а10-8в5 с8

2. 24а8 в9: (-8а7 в5) бөліндісін табыңдар: /-3ав4 /

А) 3ав-4 Б) -3ав4 В)-3а15 в14 Г) -3а-в-4

3. Өрнекті ықшамдаңдар:3х(х-5)-5х(х+3) = 3х2-15х-5х2-15х=-2х2-30х

А) -2х2-3; Б) 2х2+30; В) 8х2; Г) -2х2-30х

4. Өрнектерді ықшамдаңдар: (3а-2)(5-2а)+4а2=15a-6a2-10+4a+4a2=-2a2+19a-10.

А) 2а2+19а; Б) 11а-2а2-10; В) -2а2+19а-10; Г) -2а2+11а.


Шығармашылық жұмысты бұрын бітірген 4оқушыға қосымша тапсырма беру (лото карточкалар, әрқайсысында 6 есептен)
5. Өзіндік жұмыс:
Мұғалім. Ал енді саяхатымызды жалғастырамыз.Біз өзеннен өтіп жол айырығына келдік.Оңға жүрсек –шөлге тап боламыз, солға жүрсек – лабиринтке кіреміз(ертедегі Греция мен Египетте кірген адам шыға алмайтын етіп жасалған шытырман дәлізді үй), ал тіке жүрсек- қателіктер аралына тап боламыз.Кім қайда баратынын таңдаңыздар.
 1. Көбейту шөлі.
Археологтар тауып алған папирус жапырағындағы жазбаларды ретке келтіріңдер:
а) (4а – 3) (2а + 5) = 8а2 - … + 20а …15 = 8а2 … 14а - …;
/ 8а2 – 6а +20а – 15 = 8а2 + 14а – 15 /
б) (3х – 5) (5х +4) = 15х2 - … + 12х … 20 = 15х2 … 13х - …;
/ 15х2 – 25х + 12х - 20 = 15х2 - 13х – 20 /
в) (2а – 4) (3а + 8) = 6а2 - … +16а … 32 = 6а2 … 4а - ... .
/ 6а2 – 12а +16а - 32 = 6а2 + 4а – 32 /
2. Шытырман көбейту.
Сендер шытырман көшелерге түсіп кеттіңдер, одан шығу үшін теңдеулерді шешу керек. 
Бірінші (2х + 4) (3х – 3) – 6х2 = 0. / 2 /.
Осы теңдеудің түбірі екінші теңдеу қандай саннан басталатынын көрсетеді:
(◊х + 4) (4х – 12) – 8х2= 0. / - 6 /.


3. Қателіктер аралы.
Қатені тауып көрсетіңіздер:
а) (2а – 1) (3а + 2) = 6а2 – 3а + 4а + 2 = 6а2 + а + 2; / -2 /
б) (3х – 2) (3х – 1) = 9х2 – 6х – 3х – 2 = 9х2 – 9х – 2; / +2 /
в) (-5х + 1) (2х – 3) = -10х2 + 2х + 15х -3; / -10х2 +17х -3 /
г) (2а – 5) (3 – 4а) = 6а – 15 – 8а + 20а = 18а – 15. / -8а2 ; 26а – 15 – 8а2 /

6. Сабақты қорытындылау. Мұғалім. Міне автобусқа кері ораламыз.Орындалған тапсырмаларыңды маған тапсырасыңдар.барлық кедергілерден өтіп мақсатымызға жеттік.
Рефлекция.
Бүгінгі сабақ туралы өз ойларыңмен бөлісулеріңді сұраймын.
(Бір ауыз сөзбен)
Ол үшін төмендегі сөйлемдерді пайдаланыңдар:
- Менің білгенім…
- Менің сезгенім…
- Менің көргенім…
- Мен басында қорықтым, сосын…
- Менің байқағаным …
- Мені ойландырған…
7. Үйге тапсырма №126 есепті беру, оқушылардың білімдерін бағалау.

Сабағымызды Б. Момышұлының «Отан сүйер ұлан болыңдар!



Өз Отанын сыйлайтын азамат болып өсіңдер» деген сөзімен аяқтаймыз. Сау болыңдар!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет