«Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»ММ
Тақырыбы: Оңтүстік Американың
халқы және елдері
Сыныбы: 7
Пән мұғалімі: Д.Тлеулиева
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Оңтүстік Американың халқын, олардың
ерекшеліктерін, материк бойынша таралуы және елдері туралы
білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқыту барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы
оқушылардың білімге қызығушылығын арттыра отырып, логикалық
ойлау қабілетін,сөйлеу қабілетін дамыту, ой өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды халқын, ұлтын сүйе білуге, өзара сыйластыққа, үнемі
сабаққа дайын келуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Аралас сабақ: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, тест жұмысы, ойындар,
картамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Дүниежүзінің саяси картасы, Оңтүстік
Американың саяси картасы,плакаттар,дидактикалық
материалдар,карточкалар,кестелер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
Оқушыларға сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, түсіндіру.
Өткен тақырып бойынша, білім-білік дағдыларын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Тест жұмысы
1. Оңтүстік Амекрикадағы ең ірі су шошқасы:
а) Пекари
ә) Капибара
б) Пума
в) Теңіз шошқасы
2. «Ғаламшардың өкпесі» деп ... айтады?
а) Тайга ормандарын
ә) Аралас ормандарды
б) Орманды тундраны
в) Амазония ормандарын
3. Анд тауының символы
а) Колибри, жалқауаң
ә) Ягуар, пума
б) Кондор, лама
в) Тапир, капибара
4. Каучук алынатын ағаш?
а) Гевея
ә) Хина ағашы
б) Бальс ағашы
в) Сейба
5. Пампа не деген ұғымды білдіреді?
а) Дала
ә) Ла-Плата
б) «Жазық дала»
в) Қырат жазық
6. Терісі өте бағалы кеміргіш:
а) Саз құндызы
ә) Шиншилла
б) Кондор
в) Оцелот
7. Атакама жағалық шөлі қай тауда орналасқан?
а)Анд
ә) Кордильера
б) Памир
в) Алтай
8. Ла-Плата жазығын алып жатқан табиғат зонасы?
а) Шөлейт зонасы
ә) Саванналар мен сирек ормандар
б) Субтропиктік дала
в) Ылғалды экваторлық ормандары (гилея)
9. Кондордың салмағы неше кг?
а) 5-9 кг
ә) 9-11 кг
б) 6-9 кг
в) 9-12 кг
10. Анд тауының оңтүстігінде қандай пингвин кездеседі?
а) Магеллан
ә) Оцелот
б) Тапир
в) Пекари
11. Капибара қай табиғат зонасында мекендейді?
а) Саванналар мен сирек ормандарда
ә) Ауыспалы ылғалды ормандарда
б) Ылғалды экваторлық ормандарда
в) Шөлейт зонасында
12. Материктің қиыр оңтүстігіндегі Патагония жерін қамтитын табиғат зонасы?
а) Субтропиктік дала
ә) Ылғалды экваторлық ормандар
б) Шөлейт
в) Ылғалды мәңгі жасыл ормандар
13. Оңтүстік Америкада неше табиғат зонасы бар?
а) 6
ә) 7
б) 9
в) 8
14. Пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот жануарлары қай табиғат зонасында мекендейді?
а) Шөлейт
ә) Субтропиктік дала
б) Саванналар мен сирек ормандар
в) Ылғалды мәңгі жасыл ормандар
15. Кактус, мимоза, сүттіген бұталары қай табиғат зонасында өседі?
а) Ылғалды мәңгі жасыл ормандар
ә) Оңтүстік жалпақ жапырақты ормандар
б) Саванналар мен сирек ормандар
в) Шөлейт зонасы
Тест жауаптары
Ә 9- В
В 10- А
Б 11- Ә
А 12- Б
Б 13- В
Ә 14- Ә
А 15- Б
Б
ІІІ. Жаңа сабақты үйрену жоспары:
а) Оңтүстік Американың халқы және елдері туралы толық мағлұмат беру.
ә) Кітаппен жұмыс, мазмұнын ашу
б) Жаңа сабақты дәптерге енгізу.
Халқы. Оңтүстік Америка материгінде қазіргі 320 млн-нан астам халық тұрады. Олар қалыптасуы мен нәсілдік, ұлттық құрамы жағынан алуан түрлі халықтардың жиынтығынан құралған. Материкке адамдар алғаш рет бұдан 15-17 мың жыл бұрын Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкадан қоныс аударған. Сондай-ақ адамдар Африка мен мұхит аралдарынан келді деген болжам бар.
Оңтүстік Американың байырғы халқы болып есептелетін үндістер материктің қазіргі халқының 10%-ын ғана құрайды. Христофор Колумб Америка дүние бөлігін ашқанға дейін үндістер рулық-тайпалық қоғамдық құрылыста өмір кешіп аңшылықпен, балық аулаумен айналысқан.
Анд тауларын мекендеген үндістер дамудың жоғары сатысына көтеріліп, Инктер империясын құрған. Олар биік таулы өңірдегі егіншілікті жоғары дәрежеде дамытқан. Сондай-ақ инктердің жазу мен бейнелеу өнері, алтын мен күмістен, асыл тастардан жасалған бұйымдары олардың мәдениеті жоғары болғандығын дәлелдейді. Инктер қоғамында адамгершілік қағидалары қатаң сақталған: Ұрлық, жалқаулық, өтірік айтуға жол берілмеген, үлкенді сыйлау, құрметтеу,қамқорлық көрсетуге ерекше мән берілген. Жұмыс істеуге денсаулығы жарамсыз және қарт адамдарға жәрдемақы төлеу алғаш рет Инктер империясында жүзеге асқан. ХҮІ ғасырдан бастап еуропалық басқыншылардың материкке жаппай келуі мен озбырлық әрекеттерінің нәтижесінде инктер өркениеті талқандалды. Ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалған ежелгі инктердің ұрпақтары қазіргі кезде Амазонияның ну ормандары мен Анд тауларының биік бөліктерінде тұрады.
Еуропалықтардың жергілікті үндістермен некелерінен тараған ұрпақтар – метистер қазіргі кезде Оңтүстік Американың Анд елдерінің негізгі халқын құрайды. ХҮІ ғасырдан бастап Африкадан 300 жыл бойы материктегі кеніштер мен плантацияларда жұмыс істету үшін миллиондаған құл негрлер әкелінді. Олардың еуропалықтармен некелесуі нәтижесінде мулаттар, ал үндістермен некелесуінен самбо қалыптасты. Негрлер мен мулаттар Оңтүстік Американың солтүстігі мен шығысында тұрады. ХІХ ғасырда Испания мен Португалиядан келгендер материктің оңтүстік- шығысына көбірек қоныс аударған. Олардың ұрпақтары өздерін креолдар деп атайды. Оңтүстік Америка халқының көпшілігі латын тілдеріне жататын испан және португал тілдерінде сөйлейді. Сондықтан материкті Орталық Америкамен бірге Латын Америкасы деп атайды.
Оңтүстік Америка- дүние жүзіндегі халық аз қоныстанған материктердің бірі. Материктің табиғат жағдайларына байланысты халықтың тығыздығы әркелкі болады.Табиғаты қолайлы, маңызды теңіз жолдары өтетін жағалаулардағы қалаларда халық жиі қоныстанған. Оңтүстік Америкада тұрғындар саны 1 млн-нан асатын 20-дан аса милионер- қалалар бар.
Елдері.Оңтүстік Американың қазіргі саяси картасы ұзаққа созылған тәуелсіздік үшін күрес нәтижесінде қалыптасты. ХІХ ғасырдың басында құл иеленушілік жойылғаннан, Еуропа елдері өз иелігіндегі жерлерге азаттық беруге мәжбүр болды. Қазіргі мемлекеттердің шекараларының қалыптасуы ХХ ғасырда ғана аяқталды. Табиғат жағдайларына байланысты материк Анд елдері мен Шығыстағы жазық елдеріне айқын ажыратылады.
Анд елдері қатарына Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили жатады. Бұл елдердің өзіндік ерекшеліктері бар. Атақты саяхатшы есімімен аталатын Колумбияда алтын мен асыл тастардың, әсіресе жақұттардың мол қоры бар. Елдің астанасы Богота қаласындағы Мемлекеттік алтын мұражайында алтыннан жасалған 25 мың ежелгі бұйым сақталған. Ал экватор сызығы кесіп өтетін Эквадорда әрекет етуші 30 жанартау орналасқан. Ал инктер мәдениетінің ескерткіштері сақталған Перу мемлекетін «ежелгі өркениет елі, оңтүстік Американың археологиялық мұражайы»деп атайды. Мұнда биік таулық Титикака көлі орналасқан, жерінің 60%-ын алып жатыр. Тынық мұхиттың Перу жағалауы балыққа да бай. Елдің азаттығы жолында күрескен Симон Боливардың құрметіне Боливия аталған елдің астанасы Ла-Пас дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан (3630м)қала болып саналады. Боливияның негізгі бөлігін алып жатқан ылғалды тропиктік ормандарда сүрегі қатты ағаштардың 2 мыңнан астам түрі өседі.Ал ең оңтүстікте орналасқан Анд елі- Чили дүние жүзіндегі ең ұзын ел болып табылады. Осындағы Атакама шөлінің ұзындығының өзі күшті тілімденген. Апатты жер сілкінулер жиі қайталанады.
Шығыстағы жазық елдеріне Венесуела, Гайана, Суринам, Бразилия, Парагвай Уругвай, Аргентина және Франция иелігіндегі Француз Гвианасы жатады.Осы аймақтағы ең ірі, халқы ең көп Бразилия жерінде Оңтүстік Америкаға тән ерекшеліктердің барлығы дерлік көрініс тапқан деуге болады. Сондықтан осы елмен толығырақ танысасыңдар.
Бразилия жерінің ауданы мен халық саны жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі бес елдің қатарына кіреді. Мемлекеттік құрылымы -22 штаттан тұратын федерациялық республика.
Бразилия жері Амазония ойпаты мен Бразилия таулы үстіртін алып жатыр. Елде темір, түсті металл, мұнай мен табиғи газдың, алмас, уранның мол қоры бар. Экватор мен тропик аралығындағы климат жағдайы алуан түрлі. Бразилия жері арқылы дүние жүзіндегі ең мол сулы өзен- Амазонка ағып өтеді. Бразилия таулы үстіртінен басталатын өзендердің көпшілігі шоңғалды – сарқырамалы, гидроэнергетикалық қорға бай болып келеді.Табиғат зоналары Амазония бойындағы ылғалды тропиктік ормандардан, Бразилия таулы үстіртінің солтүстік-шығысында тікенекті бұталы саваннаға ауысады. Бразилия ормандарында өте бағалы бразилия араукариясы, балауыз пальмасы, кебрачо, гевея, парагвай шайы өседі.
Табиғат қорларының алуан түрлі, әрі мол болуы Бразилия шаруашылығын өркендетуге қолайлы жағдай жасайды. Шаруашылықтың даму деңгейін көтеруде Амазония ормандары арқылы өтетін Трасамазонка тас жолының маңызы зор. Бразилия материктегі ең жоғары дамыған ел болып табылады, шаруашылығының даму дәрежесі жөнінен дамушы елдер арасында бірінші орын алады. Елде тау-кен өндірісі, қара және түсті металлургия, машина жасау жақсы дамыған. Жылына қант құрағынан алынатын этиль спиртімен жұмыс жасайтын 1 млн-нан астам автомобиль шығарылады.Халықтың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Құрғақ саванналар мен пампада ірі қара көп өсіріледі. Плантацияларда кофе, какао, қант құрағы, күріш, соя, банан, апельсин өсіріледі, олардың кейбіреуін өндіру жөнінде дүние жүзінде алдыңғы орындарды алады.
Бразилия халқының нәсілдік және ұлттық құрамы күрделі. Үндістер мен негрлер де көп тұрады. Ел халқы жыл сайын 3 млн адамға көбейіп отырады. Халықтың басым бөлігі жағалаудағы ірі портты қалаларда шоғырланған. Мұндағы Рио-де Жанейро, Сан- Паулу қалалары әлемдегі алып, көрікті қалалар қатарына жатады.
Оңтүстік Американың саяси картасы
Елдің аты Ауданы
|
Астанасы
|
Бразилия 8512 мың км2
Аргентина 2777 мың км2
Боливия 1099 мың км2
Венесуэла 916 мың км2
Колумбия 1142 мың км2
Перу 1258 мың км2
Чили 757 мың км2
Эквадор 48,35 мың км2
|
Бразилия
Буэнос-Айрес
Ла-Пас
Каракас
Санта-Фе-Де-Богота
Лима
Сантьяго
Кито
|
Келімсек
Байырғы Европалықтар Негрлер
Үнділер Метистер
Самболар Мулаттар
Нәсілдердің араласуынан пайда болғандар
Еуропалықтар Үндіс Негрлер
Мулаттар Метистер Креолдар
1.Бразилияны картадан көрсет? (Бразилия)
2. Анд елдерін картадан көрсет? (Колумбия, Эквадор,Перу, Боливия, Чили)
3. Шығыстағы жазық елдерді картадан көрсет? (Венесуэла, Гайана, Суринам,Парагвай,Уругвай, Аргентина, Француз Гвианасы)
1.Астанасы 3630 м биіктікте орналасқан ел (Боливия)
2.Сөнбеген (әрекет етуші) 30 жанартау орналасқан ел (Эквадор)
3. Дүние жүзіндегі ең ірі 5 елдің қатарына кіретін ел (Бразилия)
4.Атақты саяхатшы атымен аталатын ел (Колумбия)
5.Ежелгі өркениет елі (Перу)
6. Ең оңтүстікте орналасқан ел (Чили)
7.Астанасы Буэнос- Айрес болып табылатын ел (Аргентина)
8. Венесуэлдықтар мекендейтін ел (Венесуэла)
Оңтүстік Американың байырғы халқы және қазіргі халықтарының 10%- ын құрайтын халық (Үндістер)
Негрлер мен еуропалықтардың ұрпақтары қалай аталады? (Мулаттар)
Картоптың отаны (Перу)
Негрлер мен үндістердің некелесуінен туылған ұрпақтар (Самбо)
Испания мен Португалиядан келгендердің ұрпақтары (Креолдар)
Ежелгі өркениетті ел деп қай елді атайды (Инктер)
1
Ү
н
д
с
і
т
е
2
л
у
м
а
т
а
т
р
р
3
п
е
р
б
у
4
а
м
с
о
5
а
д
л
о
е
р
кр
р
н
и
6
е
т
к
р
ҮІІ. Бағалау:
ҮІІІ. Үйге тапсырма: §43 Мазмұнын айту. Кескін картаға Оңтүстік Америка елдерін астанасымен түсіру.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |