Сабақтың тақырыбы: Жемістер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға жаңа сабақты түсіндіре отырып олардың түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Ойын түрлері арқылы оқушыларды тапқырлық ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың Отансүйгіштік, патриоттық сезімге, адамгершілікке, достыққа, әдептілікке, шапшаңдыққа баулы.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Топтарға бөліп оқыту.
Сабақ көрнекілігі: Суреттер,кеспе қағаздар, жемістер,интерактив тақта.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, бейнелеу өнері, халық педагогикасы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу(гимн тыңдау).
Кезекші ақпаратын тыңдау.
Ауа-райы, бүгінгі күн.
Оқушыларды сабаққа дайындау.
Оқушылар екі топқа бөлінеді:
1-топ «Алма» тобы
2-топ «Алмұрт» тобы
ІІ. Бүгінгі сабағымызда.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау. «Азық түліктер» тақырыбын сурет, сұрақ-жауап арқылы сұраймын.
Үйге тапсырманы сұрау.
VІ. Жаңа сабақ. Жемістер.
Оқушылар мына мысалдарды шешу арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
2 – 1 = ж 4 + 1 = с
3 – 1 = е 5 + 1 = т
5 – 2 = м 4 + 3 = е
7 – 3 = і 7 + 1 = р
Оқушылар же-міс-тер сөзін буынға бөледі.
Оқушыларға әр – түрлі жемістердің суреттері көрсетіледі.
Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, әңгіме түрінде жүргіземін.
Тақтада қандай жемістердің суреттері ілініп тұрғандығын сұраймын.
Алма, алмұрт, шие, өрік, шабдалы, жүзім.(суреттері шығады)
1-сұрақ: Балалар, сіздердің үйлеріңізде қандай жеміс ағаштары бар?
2-сұрақ: Оқушылар, қолыңыздағы кеспе қағаздағы жемістер қандай түсте болуы керек, бояп көрсетіңіз. (кеспе қағаздарда әр түрлі жемістердің суреті бейнеленген).
Оқушылар жемістердің атауларын атап оларға сөйлем құрастырады.
Мысалы: мен базардан алма мен алмұрт сатып алдым.
Сергіту сәті:
Оң қолымда бес алма
Сол қолымда бес алма
Екі қолда барлығы
Бар екен ғой он алма.
Ойын:
Қазақстан жерінде өсетін жемістерді бір себетке, ал өспейтін жемістерді бір себетке сал.
Достарыңызбен бөлісу: |