Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға жаңа сабақты түсіндіре отырып олардың түрлерін ажырата білуге үйрету



бет3/3
Дата28.07.2017
өлшемі2,49 Mb.
#22263
түріСабақ
1   2   3

Жаңа сабақты пысықтау:

Сабағымызды ойын арқылы пысықтаймыз.



Төртінші артықты тап.







Қызанақ. Ол – көкөніс. Картоп. Ол – көкөніс.
Бағалау. Бүгінгі сабағымыз жемістер болғандықтан сабақта «5» баға алған оқушыларға банан жемісін, «4» баға алған оқушыларға алма жемісін «3» баға алған оқушыларға мандарин жемісі беріледі.
Үйге тапсырма. 4-тапсырма. Жазып келу.

Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы,

Манкент ауылы



«Айнабұлақ» негізгі орта мектебі


Шығармашылық тақырыбы:
«Оқушыларды ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту»


Қазақ тілі және

әдебиет пәні мұғалімі: Н. Кадирматова

2012 ж

Тақырыбы:

«Оқушыларды ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту»




Мақсаты: Түрлі әдістерден пайдалана отырып, оқушыларды қазақша сөйлей білуге үйрету, сол сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелерді қолдану, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын молайту, туған жеріне, еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру.



Біздің елімізде қазақ тілі мемлекеттік тіл. Соған орай мектептерде егемендік еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие. Мектептерде қазақ тілі сабағының білімділік дәрежесі бүтіндей басқа. Өйткені орыс өзбек,топтарындағы қазақ тілін оқытудың әдісі оған қойылатын талаптары да өзгеше. Мақсаты- оқушыларды қазақша сөйлей білуге үйрету болады да, сол сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы ретінде қарастырылады. Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне,білім деңгейіне,кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол- сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән. Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет. Сабақты жоспарлауға қандай негізгі талаптар қойылады. Олардың жобасы төмендегідей:



  1. Оқушылардың сабаққа бар зейінін аударып және ықыласпен, ынта-жигермен тыңдауын ұйымдастыру.

  2. Сабақтың тақырыбына сай мақсатын нақтылай білу.

  3. Оқытушының тақырыпты терең және жан-жақты меңгеруі.

  4. Мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, сезімі, тиімді әдіс-тәсілдері.

  5. Көрнекі құралдардың нақтылығы, әсерлігі, мазмұндылығы.

  6. Бағалау, оның тәрбиелік мәні.

  7. Үй тапсырмасы уақытында түсіндіріп, үлгісін беру.

Қазақ тілін басқа тілді дәрісханаларда оқыту барысында қазақ тілінің өзіндік басты ерекшеліктерін назарда үстауымыз керек.Қазақ тілі сөз жасау жағынан жалғанбалы (АГГЛЮНАТИВТІ тілдер тобына жататыны бәрімізге мәлім). Сол себептен де қазақ тілінде жұрнақ түрлері көптеп саналады, сонымен қатар төрт түрлі жалғаудың беретін өзіндік мағынасы,сөзге жалғану кезіндегі варианттары да жеткілікті. Қазақ тілін оқытуда жақсы нәтижелерге жету үшін,мынадай басты бағыттарда жұмыс түрлерін жүргізген тиімді. Ең бастысы, оқушының қазақ тілінен тілдік қорын молайту. Ол үшін сөздік жүмыстарын үнемі жүргізу. Қазақ тіліндегі сөздер көп мағыналы және синонимдер мен омонимдерге бай. Сөйлемде осындай сөздердің мағынасын ажырата білуге, оларды тиімді қолдана білуге үйрету, оқушының тілдік қорын байыту оң нәтижелер береді. Оқушылардың сөздік қорын байытуда сөздік жұмысының алатын орны ерекше, сабақ процесінде сөздік қорды байытудың мынадай жолдарын пайдалануға болады: мәтін бойынша сөздік қорды байыту.Сөздік жұмысының енді бір саласы-әңгіме, өлең оқып, мақал-мәтел, жұмбақ жаттаумен байланысты.

Мысалы: Жүз сөзінің омонимдері;



Адамның жүзі, суда жүзу,

100– саны,

Қазақ халқының жүздері- Ұлы жүз,

Орта жүз,

Кіші жүз.

Сұлу сөзінің синонимі;

әдемі, көрікті, көркем, сымбатты, тартымды.

Әр сабақта жаңа сөздерді, сөз тіркесін үнемі сөздік дәптерлеріне жазуын, жатталып отырылуын қадағалау қажет. Әр сабақта игерілген жаңа сөздер ауызша, жазбаша сөзде үнемі қолданылып отырғанда ғана сөздік жұмыстары нәтижелі болады. Сөздікпен жұмыс грамматикалық анықтамалар, жаттығу жұмыстарын, суретпен жұмыста, өлең, жұмбақ түсіндіргенде, сұрақтарға жауап бергенде де жүргізіліп отырады. Жеке адамды қалыптастырып дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда: дамыта оқыту технологиясы, саралап оқыту технологиясы. Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру. Тиімді оқытудың негізгі бір шарты-білімнің мазмұнын дәл, тиянақты анықтау.Уақыт талабына сай қазақ тілін оқытудың негізгі міндеттерін, оқушыларды сауатты жазуға, ойын, сөзін еркін сөйлеп, білікті, жан-жақты тәрбиелі азамат болуға тәрбиелеуді, қазақ тілін оқыту әдістемесін педагогика ғылымдарының жетістіктерімен ұштастыра білген, шығармашылықпен еңбек ететін, ғылыми дүние танымы кең ұстаз ғана аткара алады. Қазақ тілі сабағы құрғақ өтілмей мәдениетті сөйлеу, жазу дағдысымен ұштасып жатуы үшін, әрбір категорияның өмірде қолдану аясын ашатындай мақсат қойылуы керек. Бүл мәселені бүкіл сабақ процесінде сіңіріп, қайталап отыру керек.

Білімді меңгерту-танымдық оқушылардың талдау жасай отырып оны орынды пайдалана білуі арқылы жүзеге асатын құбылыс. Бұл оқушылардың есте сақтау, ойлау, даму қабілеттерін арттырады. Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.



Бұл бағдарламаның қолдануға өте тиімді ғылыми негіздері ретінде Л.С. Выготский, Д. Дьюи, Ж. Пиаже еңбектерін атауға болады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің әр түпкірінен жиналған білім берушілердің еңбектерінің жиынтығы. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы: Оқушылардың өз ойын еркін жеткізуге дайындайтындығымен.

Сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асатын тиімділігімен; мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу; оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерінің молдығымен; ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен.Сын тұрғысынан ойлану сабақтарында оқыту,оқушыға үйрету емес, оқушының үйренуіне көмектесу жүзеге асырылады. Бүл жүйе оқытуды жаңаша үйымдастырудың негізгі міндеттерін жүзеге асырады. ¥жымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым-қатынас құралына айналады. Білім алу мұғалім көмегімен оқушылардың білім деңгейіне қарап сараланып, оқушылардың өз еркімен жүзеге аса бастайды.Білім беру-оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат - жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру; мұғалімнің оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы; оқыту кезінде білім беретін мұгалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы екендігі, оқушылардың оқуға деген ынтасын күшейту, өз дербестігін дамыту.Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік береді, жауаптар тыңдалады.Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар-ынтымақтастық, өзара сыйластық қасиеттер. Бұл технологияның маңызды тағы бір ерекшелігі -оқушыларды жақсы жаман деп бөлмей, барлық окушының дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу. Нашар оқушыларды да өз шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады.Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Яғни сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану, жеке басын құрметтей отырып, білім беру - қазіргі оқытудың негізгі талабы. Өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен келу керек.



Өз тәжирібемде балалардың ой-өрісін дамыту мақсатында сабақтарда түрлі суреттер таратып отырамын.





е

ә

ш

т




ы

м

қ

с

ы





л

б

ы

а

қ




е

ш

и




ү

й

р

к

е




о

д

п



ш

ұ

қ

а




ғ

т

а

с

а



  • Оқушылар қолдарына берілген суреттерге қарап сөйлем құрайды, мәтін түзеді, мақал-мәтелдер ойлап табады.

Балалар ойыншық ойнап отыр. Балалар қарборан ойнап жатыр.

Жүз теңгең болғанша,

жүз досың болсын.



  • Мен өз сабақтарымда көбінесе Жампейисованың топтарға бөліп оқыту әдісінен пайдаланамын. Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілетін арттыру үшін оларды топтарға бөліп, әрбіріне бес міндет беремін:

  • мәнерлеп оқу;

  • түсіну;

Мен оқушыларға мәтін оқып беремін, оқушылар мәтіндің мазмұнын түсініп айтып береді.

  • сұрақтар қою немесе диолог құрау;

Мәтін бойынша бірінші топ оқушылары екінші топ оқушыларына сұрақтар қояды.

Балалар не істеп отыр? Балалар не ойнап жатыр?



  • тест сұрақтарына жауап беру;

Кімдер? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.

а) терезелер

ә) балалар

б) тауықтар

в) жылқылар

Нелер? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.

а) домбырашы

ә) балалар

б) ойыншықтар

в) шыбын

- сызба арқылы өз ойларын айту.



Оқушылар өз ойларын сызба арқылы айтып береді.

Мысалы, оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілетін арттыру үшін топ ішінде бес міндетті бөлісіп алады.



  1. Мәтін түрін айыра білу;

  2. Кейіпкердің іс-әрекетін айтып беру;

  3. Берілген тақырыпқа өздіктерінен ойланып мәтін құрай білу;

  4. Ой екпінін сақтай отырып, мәнерлеп оқу;

  5. Мәтінді түсініп, мазмұнын толық әңгімелеу;

  6. Әр-түрлі суреттерге қарап сөйлем құрастыру.

Уақыт өткеннен кейін бір оқушы мәтінді мәнерлеп оқиды, бұнда қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс оқуына көңіл бөлеміз, екіншісі мәтін бойынша түсінгенін айтады, үшіншісі мәтін бойынша сұрақтар қояды, топ ішіндегі оқушылар оларға жауап береді, төртінші оқушы тест сұрақтарына жауап береді.

Тіл дамытуға басты назар аударып отырамын. Оқушылардың оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу, сөздік жүмыс және ойындар арқылы жүмыстарына мүқият коңіл бөлемін.

Оқыту. Сөзді, сөйлемді, сөз тіркестерін тақтадан, кітаптан, дәптерден дүрыс оқи білуін қадағалап отырамын. Мәтінді оқыту кезеңінде көптеген факторларды ескертіп отырамын.

1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дүрыс айтуға қалыптастыру.

2.Сөйлемді дүрыс қүрай білуге жаттықтыру.

3.Байланыстырып сөйлеуді үйрету.

4.Еркін оқуға үйрету.

Оқытудағы мақсатым- оқушылардың сөздік қорын байыту, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеуге үйрету. Оқыту әдістерінің түрлері:

1.Мәнерлеп оқыту.

2.Қайталап оқыту.

Оқушының ауызша әдеби сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға үйрету, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту, сөйлеу тіліне жаттықьыру, өлеңдер мен әндерді жаттау, мәтіндер мен диологтарды тыңдату, музыка тыңдату, поэтикалық шығармаларды тыңдатудың үлкен маңызы бар.

Әсіресе, термин сөздер омоним, синоним, неологизм, архаизм сөздер, қос сөздер, зат есім, сын есім, сан есім тақырыптарын оқытуға байланысты тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында қазақ тілінде бұлардың алатын орнын, мәнін, мағынасын, қызметін меңгертіп, түсіндіріп отыру қажет.

Мүғалім мен оқушы нейтралды ынтымақтастық қатынаста бола отырып, сабақ барысында ауызша тапсырмаларды көп оқытудың барысында сөйлеу мәдениетін жетілдіруге болады. Мүғалім ауызша орындау мен жазба жүмыстарын сабақтастыра отырып, оқушының сөйлеу, сөз саптау, мақал-мәтелдерді орынды пайдалануға мән беру керек.

Мен сабақтарымда осындай әдіс-тәсілдерен пайдалана отырып І-жарты жылдық ішінде көптеген жетістіктерге жеттім.



Оқушылардың білім деңгейін салыстыратын болсақ І-тоқсан мен ІІ- тоқсан аралығында оқушылардың жалпы білімі төмендегі көрсеткіште болды.

Сөзімді қорыта келе, «қалауын тапса, қар жанады» дегендей, оқушылармен өзіндік және шығармашылық жұмыс жүргізу оқушылардың өзбеттерінше жұмыс жасауына ,шығармашылық дағдыларын дамытуына, өз ойларын еркін және ашық айтуына өз білімдерін, ойын дамытуына көп әсерін тигізеді демекпін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет