Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға спид туралы мәлімет беру



Дата28.01.2018
өлшемі370,82 Kb.
#34255
түріСабақ
ХХІ ғасыр індеті – СПИД
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға СПИД туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Оларға жұқпалы ауру екенін түсіндіре отырып, жұқтырмау шараларын әңгімелеу. Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды достық сезімге, сыйластыққа, қиындыққа түскен адамға қол ұшын беруге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке,
инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:

Ұйымдастыру бөлімі:

Сабақтың көрнекілігі: СПИД туралы плакаттар, «Денсаулық зор байлық» атты оқушылардың суреттері. газет - журнал деректері, пікірталас, мақал - мәтелдер.

Сабақ барысы:


1. Ұйымдастыру.
2. Көрнекіліктерді ілу.
3. Әңгімелеу.
Мұғалім:
Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір - түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде - бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын - алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн.

Болашақта біз СПИД - ті жұқтырған адамдармен кездесуіміз мүмкін. Ол туған бауырларың, дос - жарандарың да болуы мүмкін. Біз сол кезде оларға қол ұшымызды беріп, көмек қылуымыз керек. Олардан бас тарту немесе қарым - қатынасты үзуге болмайды. Себебі олар жәбірленушілер. Көп адамдар бұл ауруды білмегендіктен душар болады. Ал біздер осы ауру туралы білеміз бе?


- 1 желтоқсан қандай күн?
- Иә, дұрыс 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД - ке қарсы күн.
СПИД - ол вирус арқылы жұғады. Ол вирустар көзге көрінбесе де, адамның қанындағы антиденелерді өлтіреді. Егер антиденелер өлсе, онда адамның иммундық жүйесі бұзылады. Ондай адамдар ауруға тез шалдығады. Жұқтырылған вирус өзін үш айға дейін ұстатпайды. Сондықтан оны тек дәрігер қанды толық зерттеген кезде ғана тауып алады. СПИД вирусы тек қан және жыныстық қатынас арқылы жұғады. Оның мынандай жолдары бар:
1. Біреуге қан құйса
2. Бірінші адамнан вирусы бар шприцты екінші адамға қолданса
3. Вирусты инемен денеге сурет салса немесе құлақ тессе
4. Жыныстық қатынас
5. Жұқтырған ананың баласына
Бірден адамда суық тиген синдромы байқалады. Жөтеледі, дене қызуы көтеріледі, басы айналып, тәбеті болмай ариды. Күретамырлары білеуленіп кетіп, 3 аптадан соң қайта басылады.
СПИДтің соңғы сатысы - өлім. Ол адам ауруға тез шалдыққыш келеді. Қандай болсын ауруға төзе алмағандықтан, өліп кетуі де бар.
Ал енді қай кездерде жұқпайды?
1. Амандасқанда, құшақтағанда, иіскегенде
2. Тамақты бір ыдыстан ішкенде
3. Бірге жуынып, орамалмен сүртінгенде
4. Ауа, су, ойыншық арқылы
5. Жәндіктер шаққанда
6. Есік, машина тұтқасын ұстағанда
Бірақ, сонда да әр адам өзінің жеке бас гигиенасын сақтауы керек.
СПИД - ке шалдыққан адам 10 - 15 жыл ғана өмір сүре алады. Осындай жағдайға душар болған адамдарға көмек беріп, қолдауымыз керек. Ауыратын екен деп бас тартпауымыз керек.
- Ұзақ өмір сүру үшін салауатты өмір салтын ұстану керек.

СПИД вирусының қай жылы кім ашқаны туралы.
СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ - 1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан - жақты тексеріп жариялады
.
: СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді?
Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің - күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың


СПИД - наркотикті егеушілердің инесі арқылы жұғады. СПИД - тен сақтану үшін не істеу керек? Мысалы: ішімдікке әуестік, токсикомандық, шылым щегу сияқты осындай заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп, өмір жасыңды қысқартады. Ал, дені саудан, жаны саудан артық ештеңе жоқ. Байлық та, бақыт та сол емес пе?

: ВИЧ, қазақша АИТВ - адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы, жұқтырғандар және СПИД – пен ауыратындар саны өте жылдам көбеюде. Тіпті бұл дерт балалар өміріне де балта шабуда.


Айдана: Олардың арасында ауру жұқтырғандарды былай қойғанда СПИД - тен қайтыс болған ата - аналардың жетім қалған 15 жасқа дейінгі ұл - қыздарының саны 9 млн - ға жеткен.

Еліміздегі ВИЧ жұқтырған азаматтардың саны 900 - ге жетті. Оның ішінде СПИД - пен ауыратындар саны - 25. тек Алматыда ВИЧ жұқтырғандар саны - 38.


Талғат: СПИД ауруын тудыратын вирус - ВИЧ нәрестеге осы аурумен ауыратын ананың құрсағында жатқан кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін қан арқылы, емізгенде жұғады.

Кейде СПИД вирусын жұқтырған адамның қанынан ем ретінде сау балаға құйғанда да, бір рет қана қолданатын инені қайталап қолдану кезінде де жұғуы мүмкін.



Ғасыр дерті – СПИД өршіп тұр. Баспасөз бетіндегі соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар саны 1159 болса, 30 адамның СПИД - ке ұшырағанын мәлімдеді. Оның негізгі ошағы Қарағанды, Теміртау, Алматы қалалары болып отыр.

  1. Денсаулығыңды ойласаң
    Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте заманнан бері айтылып, ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу - маржандай асыл да, даналы сөздері бар. Осынау ғибратты сөздер адамзат баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан - жақты қамтыған. Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ. Азабын арқалатып діңкесіне тиген жаман әдеттен құтыла алмай, амалсыз көніп, медет, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрігердің тауып айтқан бір жылы сөзі тамаша қуат береді.
    Иә, мақал - мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де.

  2. Ішпеген, шылым шекпеген
    Жасайды жылдар көптеген
    2. Ұзартқың келсе ғұмырды,
    Таста арақ пен шылымды.
    3. Темекінің кермегі -
    Еріккеннің ермегі.
    4. Шарап - арақ ішіңе көшеді,
    Ақыл шөлмек ішіне түседі.
    5. Жабылады шарабыңды ішерде,
    Бәле төнсе, жоқ араша түсерге.
    6. Жасында темекісін будақтатқан,
    Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.
    7. Адам арақты ішеді.
    Ақыл арақты ішеді.
    8. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,
    Одан кейін өзгелерді сақтандыр.



Қорытынды: ТЕСТ
1. СПИД жұқпалы ма?
а) Иә
ә) Жоқ
2. СПИД вирусын не дейміз?
а) Кох талшығы
ә) Айде
б) А вирусы
3. Қай жылы СПИД вирусы ашылды?
а) 1983
ә) 1985
б) 1956
в) 1988
4. Ауру белгілері бірден біліне ме?
а) иә
б) жоқ
5. СПИД қандай жолдармен таратылады?
а) жыныстық жолдар арқылы
ә) қан арқылы
б) тағам арқылы
в) насекомдар арқылы
г) кір қол арқылы.
6. Қай континетте адамдар СПИД - пен ауырғанын білмеген?
а) Африка
ә) Азия
б) Америка
г) Австралия
7. Қазақстанда СПИД - пен ауыратын адамдар кімдер?
а) жастар
ә) балалар
в) үлкен адамдар
8. СПИД - ті қандай жағдайда дұқтыруы мүмкін.
а) норкомания
ә) әңгіме кезінде
в) темекі шегу
г) жезөкшелік
9. Дүниежүзілік СПИД - пен күрес күні?
а) 1 қазан
ә) 1 желтоқсан
б) 1 қаңтар
10 Қай ел СПИД - пен ауырған адамдарды басқа аралға апарып тастайды, оларға жағдай жасайды?
а) Жапония
ә) Канада
б) Қытай
в) Куба





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет