Сабақтың мақсаты білімділік: Оқушыларға тұқымды өсімдіктердің маңызы, ашық тұқымдылардың



Дата29.03.2017
өлшемі12,44 Kb.
#12448
түріСабақ
  • Биология
  • 6 сынып
  • Сабақтың мақсаты
  • БІЛІМДІЛІК:
  • Оқушыларға тұқымды
  • өсімдіктердің маңызы,
  • ашық тұқымдылардың
  • сыртқы құрылысы,
  • ерекшелігі туралы
  • түсіндіріп,
  • жаңа білім
  • қалыптастыру.
  • ДАМЫТУШЫЛЫҚ:
  • Өз бетінше ізденіспен
  • шығармашылық тұрғыда
  • жұмыс істеуге
  • дағдыландыру.
  • Өз ойларын еркін де
  • сауатты, нақты жеткізу
  • қабілеттерін арттыру.
  • ТӘРБИЕЛІК:
  • Жан – жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу,
  • тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
  • Сабақтың түрі:Зерттеушілік тұрғыдағы сабақ
  • Саяхат сабақ
  • Г Е О Г Р А Ф И Я
  • Ашық тұқымды өсімдіктердің
  • орны, таралуы
  • жайлы мәлімет
  • Пәнаралық
  • байланыс
  • ЭКОЛОГИЯ
  • Ашық тұқымды өсімдіктердің табиғат
  • ортасымен байланысы,
  • оларға адам факторының
  • әсері.
  • Сабақтың көрнекілігі:
  • Ашық тұқымды өсімдік
  • түрлерінің
  • суреттері,
  • электронды оқулық,
  • оқушыға көмекші
  • материалдар
  • топтамасы
  • Сабақтың барысы:
  • І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу.
  • Бағалау критериймен таныстыру.
  • Саяхатқа дайындық.
  • ІІ. Сұрақ- жауап аралы.Миға шабуыл.
  • Сұрақ – жауап
  • 1) Плаун қандай жерлерде өседі?
  • 2) Плаунның құрылысы қандай?
  • 3) Плаундар қандай жолдармен көбейеді?
  • 4)Плаундардың спораларынан не пайда болады?
  • ІІІ. “Білгенге маржан”аралы
  • Жаңа сабақ

Жаңа сабақ

  • Ашық тұқымдылар , жалаңаш тұқымдылар (Cymospermae) – тұқымы мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің ежелгі тобы. Олар девон, тас көмір, пермь кезеңдерінде пайда болған. А. т-дың 600-дей түрі саговниктәрізділер Cycadophyta, гинкготәрізділер (qіnkgophyta), қылқан жапырақтылар (Conіferophyta) және Qnetophyta гнеттәрізділер немесе қабықты тұқымдылар (Qnetophуta) болып 4 топқа бірігеді. Қазақстанда 3 тұқымдасы, 6 туысына жататын 25 түрі бар. Олар негізінен Қазақстанның таулы аймақтарына топтасқан. А. т-дың түрлеріне Алтайдың самырсынды тайгасы, Тянь-Шаньның шырша және сирек аршалы ормандары жатады. А. т-ға жататын өсімдік түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық тұқымдылардай аналық керегесімен қапталмайды. Сонымен қатар олардың гүл серігі мен трахеялары да болмайды, ал гүлдері дара жынысты, бір үйлі. А. т. – ағаш тәрізді өсімдіктер (ағаштар, бұталар, шырмауықтар), олардың ішінде шөптесін өсімдіктер мүлде кездеспейді. А. т-дың ормандарда атқаратын рөлі ерекше. Олар су айналымын реттейді, топырақты эрозиядан сақтайды. Кейбір түрлерінің (қарағай , самырсын , шырша, т.б.) шаруашылыққа маңызы зор.
  • IV. Ашық тұқымды өсімдіктер аралы аялдамасы.
  • Қылқан жапырақты ағаштардың Қазақстандағы ең көп түрі - Алтайда.
  • Мұнда шырша, май қарағай, қарағай, балқарағай, сібір самырсыны өседі.
  • Баяндаушы – мәтіннің мазмұнын баяндайды.
  • Бейнелеуші – суретін салады.
  • Жазушы – мәтіннің қызықты жерін табады.
  • Дәнекер – оқиғаны бүгінгі өмірмен
  • байланыстырады.
  • VІ. Рөлдегі оқушылар.
  • ”Оқы, жұптас, талқыла” аралы аялдамасы Мәтінмен жұмыс.
  • Денсаулық ағашы
  • Қазақстандағы адам денсаулығына ең пайдалы
  • өсімдіктің бірі - ағаш тектес
  • немесе бұтақ тұрпатты арша.
  • Арша – ағаш-фармацевт.
  • Осы өсімдік бөлетін фитоноцидтер адам
  • денсаулығына ем
  • болатын таза ауа тудырады.
  • Мәселен, ғалымдардың мәліметіне сүйенсек,
  • арша жылына орта есеппен
  • 1 тоннадан аса шаңды жұтып,
  • айналасына 1,5 мың литр оттегі бөліп
  • шығарады екен
  • Арша орманының 1 гектары жылына 1
  • 8 миллион м3 ауаны
  • көміртегі газынан тазартып,
  • 50-65 тоннаға дейін шаң-тозаңды
  • зиянды газдардан арылтып, сүзіп отыратын көрінеді.
  • Қазақ халқы аршаны "денсаулық ағашы" деп атайды.
  • Аршалар кейде 4 мың жылға дейін өсе береді.
  • Ал, 500-600 жыл арша үшін қарапайым
  • жастың бірі саналады.
  • Сүрек- ағаш діңінің (сабағының) су өткізгіш бөлігі
  • Дің- ағаш сабағы
  • Қылқанды- жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрінде
  • ұшы үшкір
  • Микориза- “микос”-саңырауқұлақ және “риза” – тамыр.
  • Эндосперм- қоректендіруші ұлпа.
  • “Бүржидек”-бүр жұмсақ, шар тәрізді, жидекке ұқсас
  • Эрозия- латынша “ерозио”-жегідей жеу, бүлдіру
  • Фитоницид- бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат.
  • Бір үйлі- аталығы мен аналығы бір өсімдікте орналасқан.
  • Екі үйлі- аналығы бір өсімдікте, аталығы екінші өсімдікте
  • орналасқан
  • Термин сөздермен жұмыс.
  • “Жаңа сөздер” аялдамасы
  • VII. Үйге тапсырма
  • - Ашық тұқымды өсімдіктердің маңызы туралы
  • қосымша мәліметтер жинақтау

Қосымша деректер...

  • Ұлы Отан соғысы кезіндегі Ленинград блокадасында балаларды қарағай жас бұтақтарының қайнатпасымен тамақтандырған. Себебі, қарағай бұтақтарында С витамині өте көп.
  • Назарларыңызға рахмет!

Каталог: uploads -> doc -> 0f8c
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f8c -> Тақырыбы: Алтын күз мерекесі. би. 7а сынып оқушылары. 1 жүр: Аяжан
0f8c -> Сабақ №52 Мектеп №2 Қом сабақ тақырыбы: Алтай Күні 10. 04


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет