Ақтөбе қаласы №29 ОМ
Кайбалдиева Багдагуль Туртуновна
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ОДАҒАЙДЫҢ ТҮРЛЕРІ
(ҮІ класс)
Сабақтың мақсаты: білімділік ─ одағай түрлерін ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қоюды, одағай мағыналарын ажырата білуге дағдыландыру;
тәрбиелік ─ оқушылардың танымын кеңейту, үлкенді сыйлау, құрметтеу, шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу;
дамытушылық ─ хат жаза білуге машықтандыру, орфографиялық заңдылыққа сай одағайлы сөйлемді айта алуы, мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыс жүргізу қабілетін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, топтастыру стратегиясы, практикалық.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, суреттер, кесте, интерактивті тақта, үнтаспа.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын толық аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
а) Оқушылар одағайдан түсінгендерін топтастыру әдісі арқылы көрсетеді.
толық мағынасы жоқ көңіл-күйді білдіреді
сөз табы сөйлем мүшесі
бола алмайды
оқшау сөз оқшау айтылады
ә) Оқулықтан берілген жаттығу жұмысы тексеріледі. 315-жаттығу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінетіндігін, тыныс белгілерінің қойылуын, мысал келтіре отырып слайд арқылы көрсету.
1.
Көңіл күй
Одағай Жекіру
Шақыру
Бәрекелді, көп жаса!
Жә, жетер!
Шөре-шөре, лағым,
4 .Тыным таппас шұнағым!
2. Жаттығу жұмысы.
318-жаттығу. Одағайларды тауып, қандай мағынада қолданылып тұрғанын және қай түріне жататынын ажыратып талдап, жоқ жеріне тыныс белгісін қойып көшіртіп жаздыру.
Үлгі: Түу ─ таңырқау мәнін білдіреді, көңіл күй одағайы; О-о ─ таңырқау, шаттану мәнін білдіреді, көңіл күй одағайы.
3. Ойын «Одағайды сен тап, тыныс белгісін ол қойсын!»
Берілген сөйлемдер оқылады, әрқайсысына сай одағай табылады. (Оқушының дауыс ырғағына ерекше мән беріледі.)
... , әрең жеттім-ау.
... , бара алмадым!
... , Бақыт, бері қарашы!
... , таңертең шайдай ашық тау табиғаты табанда бұзылды ғой!
... , сен де қоймадың!
4. Терме диктант.
Сергіту сәті.
«Қалай шақырамыз?» ойыны
Интерактивті тақтадан жылқы, қой, ешкі, түйе, сиыр, ит, тауық, мысық т.б.
суреттен көрсете отырып, оларды қалай шақыратынын оқушыдан сұраймыз. Оқушы жауабы «дұрыс» не «бұрыстығын үнтаспа арқылы әп сәтте біліп отырамыз.
Жылқы ─ «моһ-моһ»
Қой ─ «пұшайт-пұшайт»
Ешкі ─ «шөре-шөре»
Түйе ─ «кәус-кәус»
ІҮ.Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты сәйкестендіру тесті бойынша бекіту.
Шақыру одағайы
1 2 3 4
2. Жекіру одағайы
3. Көңіл күй одағайы
4. Еліктеу сөз
-
Ойпырмай, не деген керемет!
Жә, жетер енді, тентектігім!
Піш-піш, келе ғой, сүтіңді іше ғой!
Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады.
Япырау, сонау жақтан келгені ме?
Ақтөс, кә-кә!
Тәйт, Қайрат, олай деме!
Тарс-тұрс еткен дыбыс шықты.
Ү. Сабақты қорыту.
«Кім көп біледі?»
Жаңа тақырып қатысында сұрақ-жауап түріндегі оқушыларға берілетін қорытынды тапсырма.
Одағай нені білдіреді?
Не себепті одағайлар сөйлемде оқшау айтылады?
Одағайлардың сөйлем мүшесі бола алмауының себебі неде?
Одағайдың қандай түрлері бар?
Одағайлы сөйлемде қандай тыныс белгілері қойылады?
Орыс тілінде одағай қалай аталады?
«Алақай, көктем келді!» Сөйлемді орыс тіліне аудар.
Осы сөйлемде одағай қай жерде орналасқан?
«Браво, хорошо сказал!» Одағайды тап, қандай тыныс белгісі қойылған?
Сөйлемді қазақ тіліне аудар. (Одағай міндетті түрде болуы тиіс).
ҮІ. Оқушыларды бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырмасырма беру.
1.Одағайға диалог құру.
2. Ақындар өлеңінен үзінді жаттау. (одағайдың болуы шарт).
Достарыңызбен бөлісу: |