Сабақ тақырыбы: Дәрумендер және олардың маңызы.Тағам құрамындағы дәрумендерді сақтау
Сабақтың мақсаты:Дәрумендер және олардың маңызы, тағам құрамындағы дәрумендерді сақтау әдістерін білу.
Күтілетін нәтиже: Дәрумендер және олардың маңызын, тағам құрамында дәрумендердің сақталуын түсінді..
Табыс критерийлері Дәрумендердің ашылу тарихын білу
Витаминдердің маңызын білу
Дәрумендердің топтары
Витаминдердің жетіспеушілігінен туындайтын ауруларды білу және олардың алдын алу керек екенін түсіну
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білім меңгеру
Сабақтың әдісі: СТО: жеке және топтық жұмыс,ББҮ, тестік жұмыс, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекіліктер: таратпа материал, суреттер, кесте.
Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин.
Оқушыларды түгендеу, жауап парағын тарату, түсіндіру
Қызығушылығын ояту
2.Үй тапсырмасын сұрау (10мин) (Конвертке салынған кеспе қағаздарда жазылған тапсырмаларды орындайды. Екінші бетінде тағамдар суреті. Жемістер- алма, қызан, балық, бауыр, май, сүт т.б)
(Оқушылармен жеке ауызша жұмыс)
1.Зат алмасу дегеніміз не?
2. Зат алмасуды ғылыми түрде қалай атайды? (метаболизм)
3. Заттар мен энергияның алмасуы неше сатыдан тұрады? (2)
4. Энергетикалық алмасу дегеніміз не? (органикалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінетін реакциялар жиынтығы
5. Пластикалық алмасу дегеніміз не? (Жасушалар,олардың органоидтары, жасушааралық заттар, жай заттардан күрделі заттар түзілуі)
6. Энергияны өлшеу бірлігі (джоуль)
7. Энергетикалық алмасу қандай кезеңнен тұрады? (3, дайындық, оттексіз, оттекті )
8. Дайындық кезеңіндегі энергия қайда жұмсалады? (жылу түрінде бөлінеді)
9. Оттексіз кезең қайда жүреді (цитоплазмада)
10. Анаэробты дегеніміз не? (оттексіз)
11. Оттекті алмасу қайда жүреді (митохондрияда)
12. 1 г. Май ыдыраған кезде қанша энергия бөлінеді? (39, 1кДж)
Сұрақтарға жауап бере отырып біраз тағамдар жинадыңдар.
Осы жиналған тағамдардың құрамында қандай зат бар?
ВИТАМИНДЕР /ДӘРУМЕНДЕР (Сабақтың тақырыбын анықтау)
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Дәрумендер және олардың маңызы.Тағам құрамындағы дәрумендерді сақтау»
ІІІ.Негізгі бөлім.
1.Жаңа тақырыпты түсіндіру. 3 минут
Дәптерге тақырыпты жазу,
ББҮ кестесін толтыру (дәптерге)
- Дәрумендер туралы не білеміз?
Достарыңызбен бөлісу: |