Сабақтың мақсаты: Әдістемелік нұсқау



бет5/7
Дата06.02.2022
өлшемі24,57 Kb.
#62152
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Көмектес септік. Көмектес септік сөздер де етістіктен болған мүшемен байланысып, іс-әрекеттің құралын, тәсілін және амалын білдіреді. Демек, көмектес септігі бір заттың екінші бір затқа көмекшілік қызметінде жұмсалатынын білдіреді. Мысалы: Адам еңбегімен бағаланады. Көмектес септігінің –мен, -бен, -пен түрлері жиі қолданылады, ал –менен, -бенен, -пенен түрлері қазіргі тілімізде көп жұмсалмайды. Көмектес септіктің қосымшаларының басқа септіктерден бір ерекшелігі – олардың жуан варианты жоқ. Бұлардың түбірге үнемі жіңішке тұлғада жалғанып, буын үндестігіне бағынбайтыны, көмектес септіктің беретін мағыналары да, сөйлемдегі қызметі де түрліше болып келетіндігін сөйлем талдау арқылы түсіндірген ұтымды болады. Мысалы: Еңбеккерлер трактормен (немен?) жер жыртады, комбайнмен (немен?) астық орады. Қасым жолдастарымен (кімдермен?) экскурсияға кетті. Біз баяндаманы ықыласпен (қалай?) тыңдадық.
Бұл сөйлемдердегі трактормен, комбайнмен деген сөздер немен деген сұраққа жауап беріп, істің нендей құралмен істелетінін білдіріп тұр. Сол сияқты жолдастарымен деген сөз кімдермен? Деген сұраққа жауап беріп, істің бірлестігін білдіріп тұр.Сөйтіп, оқушыларға түсіндірген септік жалғауының түрін, сұрағын, мағынасын, қосымшаларын жинақтап, өздеріне бала, шеге деген екі сөзді ауызша септетіп, олардың жауабын ақ, қызыл бормен әр септіктің тұсына жазып тұру керек. Осындай жұмыстың нәтижесі тақтада мына түрде көрінуі тиіс:
Атау кім? не? бала шеге
Ілік кімнің? ненің? баланың шегенің
Барыс кімге? неге? балаға шегеге
Табыс кімді? нені? баланы шегені
Жатыс кімді? неде? балада шегшеге
Шығыс кімнен? неден? баладан шегеден
Көмектес кіммен? немен? баламен шегемен
Бұл көріністен жоғарыда айтылғандардан басқа бала, шеге сөздеріндегі септік жалғауларының дәл кім? не? сұрақтарындағыдай түрленіп тұрғанын, буын үндестігіне байланысты қосымшалардың жуан, жіңішке түрлерге варианттанып тұрғанын айту қажет. nБұл көрнекі құралды жаңа материалды жинақтап қорыту ретінде пайдаланамыз. Септік жалғауының жалғанатын сөздерінің соңғы дыбыстарының әуеніне қарай түрліше болып келетіні осындағы жалғауларды көрсету арқылы түсіндіріліп, сөздердің осындай жалғаулар арқылы түрленуі септеу делінетіндігі тұжырымдалады.\r\n\r\nСонымен қатар мектеп бағдарламасында септеудің жай септеу мен тәуелді септеу деген түрлері кездеседі. Жай септеу деп жалғауларының тікелей зат есімдердің және басқа есім қызметін атқаратын сөздердің тура түрлеріне жалғануын, септелуін айтсақ, ал тәуелді септеу деп септік жалғауының зат есім немесе зат есім қызметін атқаратын басқа сөздердің тәуелді түрлеріне жалғануын айтамыз. Септік жалғауының жай септеу түрі мен тәуелді септеу түрін салыстырып оқытуға болады.
жай септеу тәуелді септеу
қалам қаламым.
қаламның қаламымның
қаламға. қаламыма
қаламды қаламымды
қаламда қаламымда
қаламнан қаламымна
қаламмен қаламыммен
Осылайша жаңа сабақ материалы түсіндірілген соң, мынадай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет